Ұмытылған жүз сүннет


«Кімде-кім бір жақсылыққа (тура жолға, ізгі амалға) жол



Pdf көрінісі
бет2/44
Дата18.10.2023
өлшемі0,62 Mb.
#118852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
 
«Кімде-кім бір жақсылыққа (тура жолға, ізгі амалға) жол 
сілтесе, оған сол жақсылыққа ергендердің сауаптарындай 
сауап беріледі, әрі олардың сауаптарынан еш кемімейтін 
болады».
Муслим (2674). 
Сөзімнің соңында оқырмандарға айтарым, қияметте жүз сүннетке 
амал еткен әрі жүз сүннетті тірілткен адамдардың қатарында тірілу 
үшін, осы хадистерде келген амалдарды кемінде бір рет болса да 
жасап қалыңыздар. Осы баптан сіздерге мотивация ретінде естіген 
хадистеріне амал етуді ешуақытта тастамаған әуелгі ізгілердің 
әсерлі де жігерлі сөздерінен кейбірін келтіре кетсек: 
Имам Амр ибн Қойс
(рахимаһуллаһ) айтқан:
.ةرم ولو هلهأ نم نكت هب لمعاف ريخلا نم اًئيش تعمس اذإ 
«Егер қандай да бір амал жайында естісең, оған бір рет болса да 
амал етіп қал, сонда сол амалды жасағандардан болып 
саналасың». 
Ахмад, «әз-Зуһд»; 1570. 
Имам Суфьян әс-Сәури
(рахимаһуллаһ) былай деген: 
.ةرم ولو هب تلمع لَإ طق ثيدح ﷺ الله لوسر نع ينغلب ام 
«Маған Аллаһ елшісінен 

қандай да бір хадис жеткен болса, оған 
міндетті түрде амал ететін едім, тіпті бір рет болса да». 
Әз-Зәһәби, «Сияр Ағләм ән-Нубәлә»; 7/242. 
Имам Ахмад
(рахимаһуллаһ) былай деп айтқан: 
يبنلا نأ ثيدحلا يب رم ىتح ،هب تلمع دقو لَإ ملسو هيلع الله ىلص يبنلا نع اثيدح تبتك ام
ابأ ىطعأو مجتحا ملسو هيلع الله ىلص
.تمجتحا ىتح ارانيد ماجحلا تيطعأف ،ارانيد ةبيط



«Мен пайғамбарымыздан 

 жеткен қандай да бір хадисті жазған 
болсам, міндетті түрде оған амал жасайтын едім. Тіпті, бір күні 
мен пайғамбарымыз 

 хижама алдырып, сосын Абу Тойбқа 
(еңбегінің ақысы ретінде) бір динар бергендігі жайындағы хадисті 
көрдім. Сөйтіп, сол хадиске амал жасау мақсатында хижама 
алдырып, алған адамға бір динар бердім». 
Хатыб әл-Бағдади, «әл-Жәми’»; 1/144. 
Ендеше, назарларыңызға сенімді сүннетте келген жүз амалды 
ұсынуға кіріссек: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет