Мүлікті жалға беру шарты


 ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата08.01.2023
өлшемі249,92 Kb.
#60611
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шарт-1

3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Жалға беруші міндетті:
3.1.1. осы Шарттың 2-қосымшасына сәйкес үлгіде жасалған Жалға алу нысанын 
қабылдау және беру туралы актісі бойынша жалдау нысанын беруге және жалға 
алушының өз мақсатына сәйкес жалдау нысанын мақсатты тағайындамасына сәйкес 
жұмыс кестесі бойынша кедергісіз және үздіксіз пайдалануын қамтамасыз етуге; 
3.1.2. Шарт шарттары өзгерген жағдайда Жалға алушыға 30 (отыз) күнтізбелік күн 
бұрын хабарлауға.
3.2. Жалға беруші құқылы:
3.2.1. Жалға алушыдан Шартта көзделген төлемдердің уақытылы төленуін және 
Келісім-шартта көзделген басқа міндеттемелердің тиісті түрде орындалуын талап етуге; 
3.2.2. Шарт бойынша Жалға алушының міндеттемелерін орындауын, оның ішінде 
жалға алынған нысанды мақсатты пайдалануды, жалға алынған нысан мен оларда 
орналасқан инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың жарамды болуын, қауіпсіз 
пайдаланылуын, жалға алушының санитарлық, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауын, 
электр аспаптары мен электр құрылғыларын пайдалану, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті 
еңбекті қорғау ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға; 
3.2.3. төтенше жағдай (өрт, су тасқыны, инженерлік жүйелердің істен шығуы
үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері және т.б.) туындаған кезде Жалға алушыға алдын-
ала ескертусіз, кез келген уақытта жалдау нысанына кедергісіз кіруді қамтамасыз етуге. 
3.3. Жалға алушы міндетті:
3.3.1. Жалға алу нысанын қабылдау және беру туралы актісі бойынша жалдау 
нысанын қабылдауға; 
3.3.2. қажет болған жағдайда Жалдау нысанын қабылдау және беру актісі 
қабылданған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде сатып алу, өз есебінен жалдау 
нысанына коммуналдық қызметтерді жеке есептеу құралдарын (бұдан әрі - есептеу 
құралдары) орнатуға, пломбалауға және белгіленген рәсімдержі сақтай отырып өлшеу 
құралдарының көрсеткіштерін алуға (қолданылатын жағдайда); 
3.3.3. жалға алынған нысанды тек мақсатты тағайындамасына, Шарт талаптарына
Жалға берушінің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сәйкес пайдалануға; 
3.3.4. өз қызметін ұйымдастыру және/немесе жүзеге асыру үшін Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген қажетті рұқсаттық құжаттардың 
болуын қамтамасыз етуге (қолданылатын жағдайда);
3.3.5. Шартта көзделген төлемдерді уақтылы және толық көлемде жүзеге асыру.
Сонымен бірге, жалға берушіден төлемдерге арналған шоттарды төлемдерді жүзеге 
асырудың соңғы күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өздігінен алуды 
ұйымдастыруға;


3.3.6. тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін Жалға 
берушімен төлемдер бойынша салыстыру актісін, қажет болған жағдайда растайтын 
құжаттарды ұсына отырып есеп айырысуларды салыстырып тексеруге; 
3.3.7. Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептелген 
айыппұлдарды уақтылы және толық төлеуге; 
3.3.8. Жалға берушімен келісілген тиісті құжаттамаға қатаң сәйкес түрде және 
Қазақстан Республикасының заңнамасы мен жалға берушінің ішкі құжаттарының 
талаптарын сақтай отырып, жалға берілетін нысанда ағымдағы және күрделі жөндеу 
жұмыстарын жүргізуге; 
3.3.9. құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарын (бұдан әрі - ҚМЖЖ) орындау 
кезінде құрылыс қалдықтарын аумақтан күнделікті шығаруды қамтамасыз етуге; 
3.3.10. ортақ пайдаланатын орындардың әрлеуі мен интерьерінің, сондай-ақ 
қолданыстағы инженерлік жүйелер мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3.3.11. жалға алу нысаны аумағында орналасқан кез-келген инженерлік жүйелер мен 
коммуникацияларға, өрттен құтқару люктеріне және басқаларына жалға берушінің 
өкілдеріне ұдайы, еркін кіре алуын қамтамасыз етуге; 
3.3.12. инженерлік желілерді және басқа жабдықтарды олар тағайындалғаннан басқа 
мақсаттарға немесе олардың жобалық қуатынан жоғары мақсаттарда пайдаланбау. 
Сонымен қатар, Жалға берушінің тиісті жазбаша келісімінсіз қосымша жабдықтар мен 
құрылғыларды қосуға, сондай-ақ жөндеу (қалпына келтіру / өзгерту / жетілдіру) 
мақсатында инженерлік желілер мен жабдықтарға қол жеткізуге Жалға алушының құқығы 
жоқ; 
3.3.13. жалға алынған нысанның тірек және/немесе қоршау құрылымдарына 
өзгерістер енгізбеуге, сондай-ақ жалға берушінің жазбаша келісімінсіз инженерлік 
жүйелерге, коммуникациялар мен өзге жүйелерге қатысты өзгерістер енгізбеуге
3.3.14. жалға алынған нысанды жақсы жағдайда ұстауға, қажет болған жағдайда өз 
есебінен жалға алынған нысанға ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуге; 
3.3.15. Жалға алушы немесе оның өкілдері тарапынан жалдау нысанына қандай да 
бір зақым келтірілген жағдайда, Жалға берушімен келісілген материалдар мен жұмыс 
күшін пайдалана отырып, дереу жоюға; 
3.3.16. Жалға алушының қызметкерлері санитарлық, өрт қауіпсіздігі талаптарын, 
электр аспаптары мен электр қондырғыларын пайдалану ережелерін, қауіпсіздік 
техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтауға және бұл талаптарды бұзғаны үшін 
жауапкершілік алуға; 
3.3.17. жалға алынған нысанға өрт сөндіргіштер және/немесе басқа өрт сөндіру 
құралдарын өз есебінен сатып алуға және орнатуға, сондай-ақ бұйрықпен осы тармақтың 
орындалуына жауапты адамды заңда және/немесе өрт ережелерінде көзделген 
жағдайларда тағайындауға және осы бұйрықтың көшірмесін Шарт жасалған күннен 
бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Жалға берушіге беруге (қолдануға мүмкін 
жағдайда); 
3.3.18. жалға алынған нысанды үнемі тазалап тұруға;
3.3.19. Жалға берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз жалға берілген объектіні 
қосалқы жалға өткізбеуге, жалға алынған нысанды пайдалануға бермеуге, сондай-ақ жалға 
алынған нысанға қатысты құқықтарды үшінші тұлғаларға бермеуге және оны өз 
міндеттемелерін орындау кепілі ретінде пайдаланбауға; 
3.3.20. нысанды жалға алу мерзімі аяқталған күні немесе Шартты бұзған немесе 
Шартты мерзімінен бұрын бұзған күннен кешіктірмей, Шарттың 3-қосымшасына сай 
үлгіде дайындалған жалға беру нысанын қайтару туралы актісіне сәйкес жалға беру 
нысанын жалға алынған уақыттан бастап табиғи тозуды ескере отырып жалдау мерзімі 
басталғаннан жаман емес жағдайда Жалға берушіге өткізуге, сондай-ақ өз есебінен жалға 
алынған нысанды Жалға алушының меншігінен босатуға;


3.3.21. жалға алынған нысанды жарамсыз немесе қанағаттанарлықсыз техникалық 
жағдайда қайтарған жағдайда, тиісті төлем шоты алынған күннен бастап күнтізбелік 10 
(он) күн ішінде залалды өтеуге; 
3.3.22. осы Келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 3-Техникалық 
сипаттамада (Келісім-шарттың 1-қосымшасы) көрсетілген шарттарды сақтауға және 
талаптарды орындауға; 
3.3.23. жалға алу мерзімінде Жалға алушы қызметін тоқтатпауға міндетті;
3.3.24. жалдау мерзімі ішінде конкурсқа қатысуға өтінім беру кезінде көрсеткен 
бағаны өсірмеуге; 
3.3.25. Келісім-шарт аясындағы барлық міндеттемелерді тиісті түрде орындауға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет