«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»


  ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте ӛлшемдерді ӛлшеуден және



Pdf көрінісі
бет23/42
Дата14.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#36831
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

12 
ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте ӛлшемдерді ӛлшеуден және 
олармен арифметикалық әрекеттерді орындаудан шыққан 
сандарды оқыту әдістемесі 
Ӛлшемдерді ӛлшеу бірліктерін оқыту барысында ӛлшеу бойынша 
және ӛлшеу нәтижелерін түрлі ӛлшемдерде кӛрсету бойынша кӛптеген 
практикалық (тәжірибелік) жұмыстар жүргізу қажет. Мысалы, әр оқушыға 
жолақшаның, лентаның, қағаз парағының, дәптер бетінің, оқулықтың 
және т.б. ұзындығын тауып және ӛлшеу нәтижелерін дәптерге жазуды 
ұсыну, уақытты сағат бойынша анықтап сағат тілінің кӛрсеткішін жазуды, 
жүктің салмағын табуды, ыдыстың сиымдылығын анықтауды және т.б. 
ұсыну. Бұл жерде біркелкі ӛлшемді түрлі бірліктермен ӛлшеу қажет: 
алдымен, мысалы, сантиметрлермен, одан кейін дециметрлермен және 
басқаларымен. Ӛлшеулердің нәтижелерін ӛлшеу бірліктерінің атаулары-
мен жазу керек, ӛйткені ӛлшеу барсыныда алынған сан тандалған ӛлшеу 
бірлігіне тәуелді. Мысалы, бір кесіндінің ұзындығын былайша жазуға 
болады: 1 дм, 10 см, 100 мм. 
Егерде оқушылардың назарларын осыған арнайы аудармаса, онда 
олар әр түрлі сандар түрлі ӛлшемдерді (мысалы, 2 м 50 см, 250 см, 25 
дм) сипаттайды деп ойлайды, басқаша айтқанда санның шынайы 
ӛлшемнен үзілуі байқалынады. 
Сондықтанда, ӛлшеу барысында алынған сандарды әрқашан 
ӛлшем атауларымен жазу керек. Егерде ӛлшеуді бір ӛлшеммен жасаса, 
онда бір атаулы сандар алынады (3 м, 2 м, 25 см, 12 с және т.б.). Егерде 
ӛлшеулерді екі ӛлшеммен жасаса, онда екі атаулы сандар алынады (1 м 
30 см, 12 с 15 мин, 2 тг 10 тиын және т.б.). Әр оқушы дербес (ӛз бетімен) 
бірнеше рет ӛлшемдерді (ұзындықты, салмақты, сиымдылықты және 
т.б.) олшеу арқылы сандарды алуы қажет. Бұл жерде ӛлшеу бірлігін оған 
алдында мұғалім айтып, одан кейін ӛзі тандауы қажет. 
Келесі сипаттамадағы жаттығуларда пайдалы: алдымен оқушыға 
ӛлшемдерді ӛлшеуден алынған бірнеше санды жазу ұсынылады, 
мысалы 3 м 25 см, 3 кг 100 г, одан кейін ұзындығы 3 м 25 см шамасын-
дағы кескінді кӛрсетіп, салмағы 3 кг 100 г шамасындағы затты атау 
қажет. Бұлар оқушыларға ӛлшемдерді ӛлшеу бірліктерінің шынайы бей-
несін жақсы елестете алуына кӛмектеседі. 
Сонымен, арнайы мектепте оқушылар ӛлшемдермен, осы ӛлшем-
дерді ӛлшеу бірліктерімен, олардың арасалмағымен, ӛлшеу барысында 
алынған сандармен және олармен жасалынатын арифметикалық амал-
дармен танысады.
Осы тарау бойынша зияты зақымдалған оқушылар міндетті түрде: 
1. Ӛлшемдерді ӛлшеу бірліктері туралы нақты кӛріністері болуы 
қажет. 
2. Атаулы бірліктер арасалмағы кестесін білуі қажет. 
3. Ӛлшеуіш құрал-саймандарын қолдана білуі қажет (сызғыш, 
таразы, сағат, ӛлшеуіш кружкамен). 


75 
4. Ӛлшеу барысында алынған сандарды түрлендіре білуі қажет. 
5. Ӛлшемдерді ӛлшеу барысында шыққан сандармен арифмети-
калық әрекеттерді орындай алуы қажет. 
Ӛлшемдерді ӛлшеу барысында алынған сандарды жазуда зияты 
зақымдалған оқушылар ӛлшемді ӛлшеу бірліктерін дұрыс қарастырмай 
ӛлшеу бірліктері атауының жазу орнын шатастыруы мүмкін, мысалы, 
ӛлшеу нәтижесін: 30 см 5 м деп жазуы мүмкін. Сондықтанда келесідей 
тапсырмалар пайдалы: 50... 35 см, 10 тг 25... (бос жерлерге ӛлшем 
атауларын жазындар); әр санның қалай пайда болғанын айтындар: 3 м, 
10 тг 50 тиын, 8 қарындаш, 48 түйме, 25 кг, 75 дәптер, 12 м 60 см, 60 
кітап және т.б. (ӛлшеуден бастап, заттардың санауынан бастап); 
сандардың қатарынан ӛлшеуден алынған ғана сандарды жазындар: 2 м 
55 см, 8 кг 300 г, 8 м, 12 м, 126, 45 тиын, 30 тг, 4 л, 3 км 400 м, 8 т 500 кг, 
30, 45, одан кейін бір бірлікпен ӛлшенген сандарды жазыдар, ал одан 
кейін ӛлшеудің екі бірліктерімен ӛлшенген сандарды жазындар. 
Перова М.Н., Эк В.В. зерттеулері бойынша зияты зақымдалған оқу-
шылардың атаулы тараудағы білімдерді меңгеру барысында кездесетін 
келесі негізгі қиындықтары анықталған: 

әр ӛлшеу бірліктерінің кӛлемдері туралы нақты кӛріністерінің 
болмауы;

бір ӛлшемнің (кг және г), түрлі жүйенің ӛлшеу бірліктерін 
шатастыру (кг және км); 

ӛлшемдер арасалмағын анықтаудағы қиындықтар;

ӛлшеу бірліктері мен ӛлшеу құрал-саймандарын шатастыру;

ӛлшеу құрал-саймандарын қолдана алмауымен байланысты 
ӛлшеудегі қателіктер;

арифметикалық әрекеттерді орындау барысындағы қателіктер: 
атауларына кӛңіл аудармайды (см+м), сандардың құрамдық атаулары-
ның орнын ауыстырады (2 см 3 м), жауапты жазуда қателіктер жібереді 
(см қосу барысында кг, т және басқа кӛрсеткіштерді алады); 

аталмыш сандарды түрлендіру барысында: атауларын жазуда 
орындарын ауыстыррады (2 см 3 м), кіші ӛлшемдердегі таңба сандарын 
анықтауда қателіктер жібереді (8 км 1126 м), бір ӛлшеу бірліктерін 
екіншілерімен алмастыру (5 км 385 м = 5385 кг). Үлкен ӛлшемдерді 
кішілермен алмастыруда сандарды босатады 4 кг 75 г = 475 г (0 боса-
тылды, жазылмады), 5 дм 3 см = 503 см (0 артық), 25 тг 9 тиын = 2590 
тиын (0 ауыстырып қою), кіші ӛлшемдері үлкендермен алмастыру 
барысында қажетті разрядтарды анықтай алмау (32162 тиын = 32 теңге 
162 тиын). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет