Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы заманауи денсаулық сақтау технологиялары


Заманауи денсаулық сақтау технологиялары



бет2/3
Дата22.05.2023
өлшемі20,38 Kb.
#95691
1   2   3
Заманауи денсаулық сақтау технологиялары

  1. Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.

  2. Салауатты өмір салтына үйрету технологиясы: дене шынықтыру ҰОҚ, проблемалық ойын (ойын тренингі және ойын терапиясы), коммуникативтік ойындар, «Денсаулық» сериясынан ҰОҚ, нүктелі массаж, өз-өзіне массаж жасау, биологиялық кері байланыс (БКБ).

  3. Түзету технологиялары: арттерапия, музыкалық ықпал ету технологиясы, ертегі терапиясы, түспен ықпал ету технологиясы, мінез-құлықты түзету технологиясы, психикалық гимнастика, фонетикалық және логопедиялық ритмика.

ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ЫНТАЛАНДЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ:

  • СТРЕТЧИНГ – жас шамасына қарамайтын және майысу қабілеттілігін арттыратын, барлығына өте керек әрі пайдасы мол созылу жаттығулары. Жақсы нәтижелерге жету үшін сіз күнделікті жасайтын жаттығулар қатарына үлкен топ тайысу жаттығуларды біртіндеп те немесе өз қалауыңыз бойынша таңдап та жасауыңызға болады.

  • ЫРҒАҚПЛАСТИКАСЫ-(аптасына 1 рет жасалады). ҰОҚ барысында балалардың музыкаға ұүлағы, ырғақ, икемділік пен пластикалық сезімі мен дұрыс дене қалпы қалыптасады.

  • ДИНАМИКАЛЫҚ ҮЗІЛІСТЕР-ҰОҚ барысында, 2-5 минут, балалар шаршаған кезде жүргізіледі. Оларды жүзеге асыру барысында ҰОҚ түріне байланысты көзге, тыныс алу, саусақ гимнастикасы және т.б. гимнастика элементтері енгізіледі.

  • ҚОЗҒАЛМАЛЫ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР-денешынықтыру аясында күнделікті, серуендеуде, топтық бөлмеде-шағын, орташа қозғалу дәрежесімен өткізіледі. Ойындар баланың жасына, оны өткізу орны мен уақытына қарай таңдалады.

  • РЕЛАКСАЦИЯ-балалардың психикалық денсаулығын, жан тыныштығын және мінез-құлықты сақтау үшін оң және теріс эмоциялардың тепе-теңдігін талап етеді. Педагогтың міндеті эмоцияны басу немесе жою емес, балалардың эмоциясын сезінуге, мінез-құлқын бақылауға, денесін тыңдауға үйрету. Осы мақсатта дененің белгілі бір бөліктерін және бүкіл ағзаны босаңсыту үшін арнайы таңдалған жаттығуларды қолдану қажет. Релаксация кез-келген қолайлы бөлмеде жүзеге асырылуы мүмкін. Балалардың жағдайы мен мақсаттарына байланысты технологияның қарқындылығы анықталады. Жұмыс үшін тыныш классикалық музыка (Чайковский, Рахманинов, Моцарт, Вивальди және т.б), табиғат дыбыстары қолданылады.

  • САУСАҚ ОЙЫНДАРЫ – қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойынша жұмыстың маңызды бөлігі. Олар қызықты және сөйлеу тілінің, шығармашылық әрекетінің дамуына септігін тигізеді. Тапсырмалардың ойын түрінде алынуы балалардың жас ерекшелігін қажет етеді. Ұсақ моториканы жаттықтырады, сөйлеуді, кеңістіктік ойлауды, зейінді, қан айналымын, қиялды, реакция жылдамдығын дамытады. Барлық балалар үшін пайдалы, әсіресе сөйлеу проблемалары бар балалар үшін. Кез келген қолайлы уақытта жүргізіледі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет