Мүмкіндігі шектеулі тұлға



Дата17.01.2022
өлшемі21,7 Kb.
#24060
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балалар баяндама


Мүмкіндігі шектеулі тұлға - жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруде белгілі бір шектеушілік туындайтын дамуында дене немесе психикалык жетіспеушілігі бар тұлға.

Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың категориясын топтастыру төмендегідей сипатталады:

Есту қабілеті бұзылған тұлғалар: естімейтіндер, нашар еститіндер, кейінен естімей қалгандар.

Есту кабілетінің бұзылуын ғылыми түрғыда зерттеген Рахиль Марковна Боскис есту кабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалык классификациясын аныктады. Аталған классификацияда есту функциясының бұзылу деңгейі, естудін бүзылуы кезіндйгі сөйлеу тілінің даму деңгейі, есту қабілетінің бүзылу уакыгын есепке алынған. Бұл классификацияда балалар торт топка бөлінеді:

• сөйлеу тілі дамымаған саңырау балалар (ерте саңыраулыкка үшырағандар);

• сөйлеу қабілеті сакталған саңыраулар (кеш саңыраулыққа үшырағандар);

• сөйлеу тілі дамыған есту қабілеті нашар балалар;

• сөйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар есту қабілеті нашар балалар

көру қабілеті бүзылган түлғалар: көрмейтіндер, нашар көретіндер.

Көзінін зақымдану ауырлығына қарай сокырларды екі категорияға бөледі: Көрмейтіндер (зағип) - бұл категорияға мүлдем көрмейтін және жарыкты сезеді немесе жартылай көре алады (көзілдірік тағатын көзінің жетілігі 0-ден 0,04% дейін). Сонымен катар көзі прогредиентті ауруларга шалдьщқан (яғни бара-бара көру кабілеті төмендеуі мүмкін) жэне көру аймағы 10-15 градусқа дейін шектелген балалар жатады.

Нашар көретіндер - мұндай адамдардың жай көзілдірік таққанда жақсы көретін көзінің жітілігі 0,05- 0,2 құрайды.

Сөйлеу тілі бүзылғандар

Сөйлеу кабілеті бұзылыстарының жіктелуі казіргі уақытта екі түрге жіктеледі:

1. Клиникалық-педагогикалық

2. Психологиялық-педагогикалық

Клиникалык-педагогикалык жіктемеде карасгырылатын барлык сөйлеу кабілеті бұзылыстарын екі топқа белуге болады:



  1. Ауызша тілдің бұзылуы.

II. Оқу және жазу қабһетінің бұзылуы

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған тұлғалар

Балалардың 5-7%-ында тірек-қозғалыс аппаратында туа біткен жэне жүре пайда болған аурулары жэне бұзылыстары бар. Бүзылыстар туа біткен немесе жүре пайда болған болуы мүмкін. Тірек-козғалыс аппараты (ТҚА) патологияларының пайда болу себептері:

1. Жүйке жүйесінің аурулары: балалар церебралды параличі, полиомелит (орталык жүйке жүйесінің зақымдалуы, ауыр инфекциялық ауруы).

2. Тірек-қозғалыс аппаратының туа біткен патологиясы: жамбас сүйегі буынының туа біткен шығуы, мойынның қисықтығы, аяқтың маймақтығы, табаннын пішінінің бүзылуы, сколиоз, аяк-колдардың дамып жетілмегендігі немесе мүкістігі.

3. Тірек-қозғалыс аппаратының жүре пайда болған аурулары немесе зақымдануы: жүлынның, бас миының, аяқ-қолдардың жарақаттануы, полиартрит, кацканың аурулары (туберкулез, сүйек ісіктері), қаңқаның жүйелі бүзылыстары (рахит).

Психикалық дамуы тежелген балалар

«Психикалык дамудын тежелуі» ұғымы баланың психикалык дамуының калыпты күйінің артта калуы аркылы көрінетін «аномалияның ерекше түрі» деп түсіндіріледі. Бүл ұгым психологопедагогикалык түсінік болып табылады.

Тәжірибеде кеңінен колданылып жүрген К.С. Лебединскаяның (1980) классификациясы. К. Лебединская барынша пайымды жіктеу ұсынған. Бұл жіктеудің негізіне этиологиялык кағидалар жатады. Осыған сэйкес төмендегі типтер анықталды:

• соматогенді психикалык дамудың тежелуі;

• конституциялық психикалык даму тежелуі;

• церебралды-ағзалык психикалык дамудың тежелуі;

• психогенді текті психикалык даму тежелуі.

Зияты бұзылған тұлғалар (ақыл-ой дамуы кешеуілдегендер)

Зияты бұзылған тұлғалар (ақыл-ой дамуы кешеуілдегендер) халыкаралык топтастыруы (АХТ) - 10 мағлүматтары бойынша балалардағы зиятының бүзылуын төрт деңгейге белуге болады:

- зиятының жеңіл бүзылуы (F70);

- зиятының орта деңгейі (F71);

- зиятының ауыр бүзылысы (F72);

- зиятының терен бүзылысы (F73).

эмоциялың-ерік сферасы бұзылган тұлғалар(ерте жастағы аутизмге шалдыққан балалар)

Дамуында күрделі кемшілігі бар балалар

Күрделенген закымдану - біркатар бастапкы закымдануларға ие, бірак оның біреуі негізгісі, жетекшісі болып табылатын, аномальдык даму құрылымын анықтайтын, яғни екінші ауытқуға негіз болатын бұзылуды айтады. Сонымен бірге екінші кемістік бастапкы болғанымен айкын көрініс таппаған немесе компенсацияға бағынатын, дейтұрғанмен ол негізгі жетекші кемістікке ықпал етеді.

Күрделі кемістіктері бар балалардың негізгі топтары

Бұзылыстын кұрылымына карай бұзылыстары үйлескен балалар үш негізгі топқа бөлінеді:

- 1 топ: анык байкалатын екі психикалык жэне дене бұзылыстары бар балалар (саңырау-зағип балалар,ақылы кем естімейтін балалар, психикалық дамуында (бастапкы) бөгелісі бар нашар еститіндер);

- 2 топ: бір негізгі психикалық жэне дене бұзылысы жэне оған ілескен дамуынын барысын қиындататын тағы бір әлсіз байқалатын бұзылысы бар (есту кабілеті нашарлау ақылы кем балалар);



3 топ: әртүрлі дәрежеде байқалатын және баланың дамуында едәуір ауытқуларға алып келетін көптеген, үш және одан артык бұзылыстары (бастапқы) бар балалар (нашар көретін естімейтін акылы кем балалар)

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Баяндама

Тақырыбы:_______________________________________________________

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы, 2021

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет