Мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды



Дата18.04.2023
өлшемі66,17 Kb.
#83703
түріСабақ

Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б.
Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп – сабақтың өткізілу түрі айтылады. Сонымен қатар жобалау әдісі – білім алушы мен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады. Өзім Алматы индустриалды колледжінің білікті мамандарының арқасында сабақ беретін оқытушы ретінде жас маман болсам да, жобалау жұмыстарына байланысты жобалау сабақтары, жобалық апталықтар, жобалық жұмыстарын жүргізе аламын. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қазірдің өзінде білім алушым Оразақын Аидамен бірігіп, орташа мерзімді ғылыми жобаларды орындап, қорытындысы бойынша қала, республика көлемінде өткізілетін конференцияларға қатысуды бастадық.
Жобалау әдісі – оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс – білім алушыларға әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді.
Жобалау әдісі білім алушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа түрін үлгілеуге арналған. Жобалау білім алушының өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы. Зерттеу барысында білім алушының бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:
– өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады.
– алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады.
– өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді.
– мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды.
– мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді.
– әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады.
– аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады.
– өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады.
– шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі.
-өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады.
Жобамен жұмыс істеу – шығармашылық процесс. Білім алушылар өздері үшін маңызды болып саналатын мәселені анықтау үшін өз беттерінше немесе оқытушының жетекшілігімен ізденуге кіріседі. Бұл білім алушылардың өз бетінше білімдерін, дағдыларын және біліктерін жаңа контексте пайдалануға көмектеседі. Бұлай іздену олардың қазақша кәсіби сөйлеуіне, табиғи және еркін түрде үйренуіне ықпал етеді. Әрине, мұндай жағдайда жобаға қатысушылардың өздерінің ынтасын тілдік сауаттылығына емес, айтылатын ойдың мазмұнына аударған дұрыс. Жобалау кезінде студент өте белсенді болады, ол өзінің шығармашылықпен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Жобамен жұмыс істеу барысында қазақша сөйлеу жағынан нашарлау және психологиялық жағынан белсенділігі төмендеу білім алушылардың өзі де өзінің қиялдауына, белсенділігін және өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуіне мүмкіндіктері өте мол.
Сабақты педагогикалық жобалау дегеніміз – педагог пен білім алушының белгілі бір білім мазмұнын меңгеруге бағытталған іс-әрекетінің тетіктері мен элементтерін алдын – ала анықтау. Педагогикалық жобалаудың мәні – болашақ іс – әрекеттің әр түрлі нұсқаларын жасау және оның нәтижесін болжау .
Қызметтері:
Саты мұғалімнің қызметі білім алушының қызметі
1.1.Тақырып таңдау Тақырып таңдау, білім алушыға ұсыну. Тақырыпты талқылауға қатысу. Талқылайды, тақырып бойынша бір шешімге келеді.
1.2.Жоба тақырыбын тақырыпшаларға бөлу. Алдын-ала тақырыпшаларға бөлу,оқушыларға ұсыну. білім алушылармен бірге жоба тақырыпшаларын талқылауға қатысу. Әр білім алушы өзіне тақырыпша таңдайды немесе басқа түрін ұсынады. Тақырыпшаны талқылайды.
1.3.Шығармашылық топ қалыптастыру. Нақты тақырыпшалар таңдап алған қызметі бар білім алушылардың біріге жұмыс істеуін ұйымдастыру. Білім алушылар өз рөлдерін анықтап алады, топқа бөлініп,шағын топ құрады.
1.4.Зерттеу жұмысына байланысты материал дайындау: жауап беретін сұраққа тұжырымдама жасау, топқа тапсырма беру,керекті әдебиеттерді таңдау. Жоба көлемді болса, алдын ала тапсырма даярлау. Іздену жұмысына сұрақтар және әдебиеттер дайындау. Тапсырмалар дайындауға қатысады.Сұрақтарға жауап ізденуге кіріседі.
1.5.Жоба қызметінің қорытындысын анықтау. Талқыға қатысады. Топтағы білім алушылар зерттеу жұмысының қорытындысы туралыталқыға салады. Қалай көрсетуге мүмкіндігін ойластырады.
2 Жобаны даярлау, талдап жазу. Кеңес береді, жұмысты үйлестіреді. Ізденіс қызметін атқаратын білім алушылар орындайды.
3Нәтижені хаттау, көркемдеу. Кеңес береді, жұмысты үйлестіреді. Білім алушыларға топ бойынша басқа топтардың қатысуымен нәтижені көркемдейді, қабылданған ережеге сәйкес жұмыс орындайды.
4 Презентация. Эксперементтерді ұйымдастырады.
Мысалы: эксперт ретінде білім алушылардың ата-аналары, оқытушыларымен шақырады. Өз жұмыстарының нәтижесі туралы баяндама жасайды.
5Рефлексия білім алушылардың қызметі арқылы өз қызметіне баға береді. Өзгелердің бағасын есепке ала отырып, жұмыс жасалады.
– проблемалық мәселелерді (проблемалардан туындаған мәселелерді қоя білу);
– мақсатты тұжырымдау және білім алушының мазмұнды іс-әрекетін жоспарлауды;
– өзін-өзі талдауды және рефлексияны;
– өз іс-әрекетінің нәтижесін және жұмыс барысын көрсетуді;
– арнайы дайындалған жобалаудың өнімін әртүрлі жағдайда көрсетуді;
– маңызды ақпараттты іздеу және жинауды, қажетті білімді меңгеруді;
– мектептегі білімді әртүрлі жағдайда, оның ішінде типтік емес жағдайда, тәжірибелік тұрғыда қолдана білуді;
– жобалау өнімін дайындаудың керекті технологиясын таңдай білу, қолдана білуді;
– зерттеу жүргізуді (талдау, жинақтау, болжам ұсыну, нақтылау және жалпылау) көздейді.
Жұмыс барысы:
Білім алушыларды төрт топқа болу.
І топтың тақырыбы: «Компьютер шығаратын компаниялар»
І топтың жоспары:
1. Компьтерлер туралы шағын мәлімет
2. Компьютер шығаратын компаниялар.
3. Компьютердің қажеттілігі.
ІІ топтың тақырыбы: «Ғаламтор».
ІІ топтың жоспары:
1. Ғаламтордың қызметі.
2. Ғаламтордың пайдасы.
3. Ғаламтордың зияны,
4. Қорытынды.
ІІІ топтың тақырыбы «Электрондық пошта»
ІІІ топтың жоспары:
1. Электрондық поштаның қызметі.
2. Оның пайдасы
3. Оның зияны.
4. Қолдану ережелері
ІҮ топтың тақырыбы «Ұялы телефон»
ІҮ топтың жоспары:
1. Ұялы телефон туралы мәлімет, оның қызметі.
2. Ұялы телефонның пайдаланылуы
3. Оның пайдасы мен зияны.
Жобаны қорғауға суреттер, коллаждар, бейнежазбалар,слайдтар қолданылады.
Сабақтың қорытындысы.
Жобаларды бағалау, қателерін түсіндіру, жетістіктерін айту. Жоба – бұл нәтижелі қызмет. Білім алушылар жобалау қызметін атқара отырып, нақты нәтиже алады және оны көпшілікке ұсынады.
Жобаны орындау мақсаты – қарым – қатынас, сөйлеу барысында білім алушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады. Жобамен жұмыс істегенде, білім алушылар ақпарат жинайды. әр түрлі ғылыми, бұқаралық жазбаларды қолданады. Комьпютермен ғаламторда жұмыс істеуге, ақпарат іздеуге үйренеді. Жобаны қорғау барысында білім алушылардың өздері дайындаған коллаждарды, бейне фильмдерді, әр түрлі кестелерді пайдаланады. Бара – бара ғаламторда өз сайттарын ашып, жобаларын көпшілікке ұсынуға болады.
Жобаны орындауда білім алушыларға талап қойылады: өз ынтасымен, ықыласымен, өз бетімен, шығармашылық сезіммен мәселені шешу. Ал оның жобалық қызметі өнімді жұмыс болып табылады. Жобаның бірнеше түрлері бар: зерттеушілік, шығармашылық, рөлдік ойын, тәжірибелік. Ұзақтылығы жағынан да жобалар әртүрлі болуы мүмкін: қысқа мерзімді
( бір,екі сабақ), орташа( жұмадан айға дейін), ұзақ мерзімді ( айдан бірнеше айға дейін). Қатысушы саны да әртүрлі болуы мүмкін: жекелей,топпен,жұппен.
Жобалау технология бойынша білім алушылар жұмыстардың бірнеше түрлерін орындайды. Мысалы: баяндама, реферат дайындап, баяндау; әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дайындау; пән бойынша апталықтың бағдарламасын жасау, мерейтойлардың ашуларын дайындау ; шағын қойылымдар, концерттер дайындау; жобалар бойынша жасаған моделдерін пайдаланып көрме ұйымдастыру; жоба бойынша видеофильм түсіру; компьютерді қолданып, видеобаян, слайд, музыкамен сүйемелдеу.
Жобалау проекті қолданғанда, оқытушының, білім алушының да өз қызметі бар. Қызметтер толық орындалмаса, жоба өз нәтижесіне жетпейді.
Жоба бойынша білім алушының әрекеті:
І кезең – ақпаратты нақтылайды; тапсырманы талқылайды; мәселелерді табады.
ІІ кезең – тапсырманы жүйелейді.
ІІІ кезең – жұмыс істеу әдісін талқылайды; тиімді жолды таңдайды;ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылайды.
ІV кезең – ақпаратпен жұмыс істейді; ұсыныстарды талдайды; зерттеу жүргізеді; жобаны рәсімдейді.
V кезең – жобасын қорғайды; әрекетке ұжымдық баға берудің қорытындысына қатысады.
Жобалау жұмысындағы оқытушының әрекеті:
І кезең – жоспарлау жұмысының мақсатын түсіндіреді; әрекеттерін уәждейді; бақылайды.
ІІ кезең – талқылауға көмектеседі; бақылайды.
ІІІ кезең – бақылайды; кеңес береді (өтініш бойынша).
ІV кезең – бақылайды; талдау процесіне бағыт беріп отырады (қажет болған жағдайда).
V кезең – жоспарлардың қорытындысын ұжымдық талдаумен бағалауға қатысады.
Білім алушылардың алдында тұрған негізгі мақсат:
– тілдегі жаңа құрылымдарды үйрену үшін қатысымдық мақсатта қолдану;
– алға қойған мақсатқа жету үшін бірігіп жұмыс істеу;
– өзінің ойы мен тәжірибесін жеткізе білу.
– білім алушылардың кәсіби сөйлеу құзіретін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жобалау жұмысын түсіну.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет