Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету. «Балалрдың құқықтары туралы Конвенцияда»



Дата15.04.2023
өлшемі17,78 Kb.
#83175
Байланысты:
ДОТ Капжапаров 12 апта инк


Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.
«Балалрдың құқықтары туралы Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23 бапта белгіленген.
«Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тең құқылы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету туралы стандартты ережелер» (БҰҰ), мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екені айтылған. Бұл құқықтық құжатта мүмкіндіктерінің түріне қарай мемлекетімізде арнайы стратегиялар, ақпараттық қызмет пен қол жетімді құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі жайлы бекітілген.
Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөспірімдерге көрсетіледі. Осы орайда әлеуметтік қызметкердің міндеті кеміс балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым - қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласуына жағдай туғызу.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Ауытқушылығы бар баланың отбасында алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап болады. Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, қатынас аясы тек туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың мінез-құлқы, тәртібіндегі өзгерістер ата-ананың күткеніндей, ойындағындай болмай, ата-анаға қайғы мен мазасыздық жағдайын әкеледі. Сол себепті отбасындағы өзара қарым-қатынастар бұзылады, әрі қиындыққа тіреледі. Тіпті кей жағдайда отбасының бұзылуына (ажырасуға дейін) әкеледі. Сондықтан мұндай балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға тек педагогтардың ғана емес, арнайы мамандардың да көмегі қажет. 
Тәрбиелеу барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін - өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы түсіністікті қажет етеді және оларды болашаққа сенімді көзқараспен қарауға тәрбиелеудің мәні зор. Мүгедек балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір -біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шектетілгендер», яғни ата-анасы баланың жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Бұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына ылайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл - күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі. 
Екінші бір жағдай баланы шектен тыс қам-қорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез- келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде дамуында ауытқуы бар балаларға білім беруге ықпал ету мәселесі өте өзекті орынды алуда. Бұл мәселені шешуде әлеуметтік қызметкерлердің орны ерекше. Әлеуметтік педагог – арнайы (түзету) білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады. Арнайы (түзету) мекемелеріндегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады:
- бала тұлғасының дамуы (дене, әлеуметтік, рухани және ақыл-ойының дамуы) үшін жағымды жағдай жасау;
- баланың әлеуметтік бейімделуінде кешенді көмек көрсету;
- өмірлік кеңістікте баланы қорғау;
- бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы мен интернаттан кейінгі өмірінің бейімделуіне көмек көрсету.
Дамуында ауытқушылығы бар немесе мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуші ата-аналардың басына түскен ауыртпашылықты азайту мақсатында үкіметіміздің 6 балаға бір әлеуметтік қызметкер беруі балалар мен олардың ата-аналары үшін үлкен көмек. Бұл қызметкерлер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен келеді. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әлеуметтік қызметкердің алатын орны ерекше. 
Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береды: 
1.Баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдаңыз.
2.Балаңызға үнемі шыдамдылық пен сүйіспнешілік танытыңыз.
3.Әрқашан өз-өзіңізге сенімді болып, балаңызға ішкі жағымсыз қобалжуларыңызды көрсете бермеңіз.
4.Үй тұрмысына байланысты жұмыстарды балаңызбен бірге атқаруға тырысыңыз.
5.Баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасаңыз. Қорщаған ортамен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.
6.Егер балаңыздан ойыңдағыңыздай нәтиже шықпаса ренжіп,өкінбеңіз. Нәтиже міндетті түрде болады.
7. Балаңызға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болыңыз.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық түзелуіне, медициналық оңалтуға бала тағдырына жауапты ұстаздар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп ата-анамен тығыз байланыста жұмыс атқар-ғанда ғана, олар өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жол ашылады.
Өзінің кәсіби мақсаттарына қол жеткізу үшін әлеуметтік педагог басқарудың мемлекеттік органдарының өкілдерімен, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, басқа муниципальды ұйымдардың өкілдерімен қатынас құруы қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосу болып табылады.
Маллер А.Р «Дефектология» журналында былай деп атап көрсеткен: «Арнайы түзету мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті келесі бағыттарды қамтуы керек: диагностикалық болжау; түзете білім беру мен әлеуметтік-мәдени; функционалды-ұйымдастырушылық; құқықтық бағыттар».
Диагностикалық болжау жұмысының барысында әлеуметтік педагог тәжірибелік психологпен бірлесе отырып, балалардың тұлғалық және жасерекшеліктерін зерттеп, баланың жеке және әлеуметтік дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұлға дамуының түзету кешенді жоспарын өңдейді.
Түзете білім беру мен әлеуметтік-мәдени бағыттың мәні ол әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа да кедергілер оқыту процесін қиындатқан жағдайда көмек көрсету ретінде көрініс табады. Сонымен қатар мұнда педагогикалық ұжыммен, әсіресе, жас мамандармен кеңес беру жұмысы жүзеге асырылады.
Функционалды-ұйымдастырушылық бағытты іске асыру процесінде әлеуметтік педагог бір жағынан, оқушылар мен мектеп әкімшілігі арасында, екінші жағынан, сабақтан тыс жағдайда әлеуметтік қызметтердің арасында байланыстырушы қызметін атқарады. Сонымен бірге ол мектеп әкімшілігі мен отбасыларға бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы бойынша көмек көрсетеді. Еңбекке оқыту профилі туралы шешім қабылдамас бұрын мектеп терең әлеуметтік талдау жасап, жұмыс орындарының болуын зерттеуі қажет. Мұндай әлеуметтік талдау әлеуметтік педагог басшылығымен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік педагог қызметінде профилактикалық бағытты ерекше атап өткен жөн. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары және оқушылар мен мектепке әсер ететін көптеген әлеуметтік факторларды үйлестіре отырып, әлеуметтік педагог ұжымда туындайтын кикілжіңдерді реттеп, оқушылардың әртүрлі жасерекшелік топтарымен болатын жағымсыз жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастырады. Әлеуметтік педагог іс-әрекетіндегі құқықтық бөлім ең маңызды болып табылады, өйткені мұнда интернат педагогтары мен оқушыларының құқықтық ағартушылық міндеттері, сонымен бірге полиция мен сот органдарындағы тәрбиеленушiлердiң мүдделерiнiң өкiлдiктерi міндеттері біріктіріледі. Мұнда әлеуметтік педагог міндетіне баланың заңды беделінің ақпараттары мен құжаттарын жинау бойынша жұмыс жатады, яғни, ата-аналарын, туыстарын іздестіру, қамқор болушы адамның құжаттарын дайындау, бітіруші түлектердің тұрғын үй алуы үшін құжаттарын дайындау және т.б жатады.
Түзету мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық көмек қызметі төмендегідей принциптердің негізінде құрылады: жұмыстағы объективтілік, шешім қабылдаудағы тәуелсіздік, жеке ықпал ету, гуманизм, адам тұлғасының құндылықтарындағы принциптер т.б.
Әлеуметтік педагог арнайы (түзету) мектебінде жұмыс жүргізу арқылы балалардың әлеуметтік-эмоционалдық, дене жағдайы, ақыл-ой дамуымен байланысты күрделі мәселелерді шешуге және балалардың сәтті түрде әлеуметтенуіне мүмкіндік бере отырып, оларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Әрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу барысында шешімін таппаған мәселер жеткілікті. Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек.
Егер әлеуметтік педагогикалық үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осы жағдайда ғана әлеуметтік педагогикалық үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін болар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіншілігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеру керек. 

Әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет