«Мұнай және мұнай өнімдері»


Мұнай және мұнай өнімдері



бет3/8
Дата04.10.2024
өлшемі144,73 Kb.
#146819
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғылыми жоба 10

Мұнай және мұнай өнімдері

Сутегі энергетикасы – ХХІ ғасырдағы энергетика саласындағы ең таза әрі «жасыл» саласы болып отыр. Себебі, оның көмірқышқыл газын бөлу қасиеті мүлдем жоқ десек болады. Бұл сутегіге айналдыру барысында тек қана электролиз арқылы жүзеге асырылып, оның жылу беру, «жану» және сақтау секілді қасиеттері мұнай мен табиғи газға қарағанда едәуір тиімді екендігін көрсеткен. Сутегінің пайдасы тек бұл ғана емес, ол көліктің жанармайы есебінде, табиғи газды және жанатын кез келген элементтерді, химиялық энергия мен электрлік қасиеттерінің де бар екендігін көрсетеді. Сутегінің жоғарғы жылу сіңіргіштік пен жылу өткізгіштік қасиеті тағы бар.
Қазіргі уақытта көлік құралдарының көбі тек қана табиғи газбен ғана емес, сонымен қатар, сутегімен де жүретін болған. Оған мысал ретінде, Жапониядан шығатын Toyota автокөлігінің Mirai маркасы мысал бола алады. Статистикаға көз жүгіртсек, 2021 жылдың басында 12 мың дана (оның ішінде АҚШ-та 7 мың дана), Honda көлігінің FCX Clarity маркасының 38 мың данасы сатылған екен. Жапония 2030 жылға қарай сутегімен жүретін көліктердің санын 800 мың данаға жеткізуді көздеп отыр. Бұл өз кезегінде елдің экологиялық проблемасын шешуге бағытталған жобаларының бірі.
Оңтүстік Корея шығаратын Hyundai автозауытының есептеуінше, қазіргі уақытта 14 мың дана сутегімен жүретін көліктерді айналымға енгізген. 2020 жылғы мәліметтер бойынша, Hyundai автокөліктерінің NEXO және ix35 маркасы ең көп сатылған (шамамен әр маркадан 5 мың дана) көліктер қатарында тұр. Ал, Оңтүстік Корея 2040 жылға қарай сутегімен жүретін көліктердің санын 6,2 млн данаға жеткізуді көздеп отыр.
Көлік саудасында Toyota Mirai маркасы 58 550 доллар, Honda Clarity 58 490 доллар, Hyundai автокөліктерінің NEXO маркасы 58 735 долларды құрайды. Алайда, сутегімен жүретін көліктерді алған жағдайда, мемлекет 24 мың доллар субсидия бөліп отыр.
Қытай 2020 жылдың аяғында сутегімен жүретін көліктердің санын 7 352 данаға жеткізген. Қытайдың қабылдаған «Ақ кітап» жобасы бойынша сутегі ассоциациясы 2025 жылы 50 мың данаға, 2035 жылы 15 млн дана көлікке жеткізуді жоспарлап жатыр. Осы орайда Toyota және Hyundai қытайлық SAIC, BAIC және GreatWall сынды көлік өндіруші компанияларымен бірігіп, сутегімен жүретін көліктің жаңа модельдерін ойлап табуға күш салуда.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет