«Мұнай және мұнай өнімдері»



бет6/8
Дата04.10.2024
өлшемі144,73 Kb.
#146819
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғылыми жоба 10

2.2 Ұңғыманы бұрғылау кезеңі
Мұнай-газ кендерін іздеу мен барлау жұмыстары жүргізіліп, кен орнын тапқаннан кейін, мұнайлы алаңның көлемін анықтау, ондағы мұнай-газ қорының мөлшерін есептеу, қабаттарды ашу, кен орындарының игеру жобаларын жасау мақсатында барлау-бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Одан əрі кен орындарын түгелдей барлау, бағдарлау үшін ұңғыма қазу əдістері белгіленеді. Қабатты ашу тəсілі бойынша кен көздерін игеру көбінесе екі жолмен жүзеге асырылады: терең ұңғымалар көмегі жəне шахтылы. Шахтылы əдіс – қою газсыздалған мұнайлы кеніштерді игергенде жəне су қысымы болмаған жағдайда қолданылады. Мұнай өндіру про цесінде шахтылы өндіру əдісінің алатын көлемі өте аз. Қазіргі кез де мұнайлы қабаттары терең ұңғымалардың көмегімен ашып, сол арқылы мұнай жоғары жаққа, жер бетіне шығарылады. Мұнай ке ніш терін игеру жүйесі мұнайды ығыстырумен қатар, қабатқа əсер ету табиғатымен тікелей байланысты.
Бұрғылаудың мақсаты – мұнай қабатын басып жатқан, мұнай өткізбейтін жыныс қабатын бұзу жəне оны ұңғымадан шығару. Ұңғыма деп жер қыртысында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын, диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны. Ұңғыманың басталатын жері – сағасы, цилиндрлі беті – қабырғасы, ең төменгі шегі – түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі арақашықтық ұңғыманың ұзынды ғы, ал ұңғыманың осі – проекциясына тіке аралық тереңдігі болып саналады. Мұнай жəне газ ұңғымаларының бастапқы диаметрі – 16,5 смден кем емес болуы қажет. Ұңғыма опырылып құламас үшін оған металды құбырдың «жағалатылған» тізбегін түсіреді жəне жер асты суын изоляциялау үшін ұңғыманы цементтейді Терең ұңғымалар үшін мұнара биіктігі 41-53 м болады. Мұнара негізінде шығыр, қозғалтқыш, құбырлар үшін тіреуіштер, бақылауөлшегіш құралдар орналастырылады. Мұнараның еденінен 25 м биіктікте аспа тақтай орнатылады, оған құбырлар тізбегін көтеру жəне түсіру кезінде «жетекші» орналастырады, ол шамдарды қабылдаутүсіру рөлін атқарады. Бұрғылау айналмалы бұрғылау жəне құбырлы, электрлі бұрғылау болып бөлінеді. Айналмалы бұрғылау кезінде тек бұрғылау құралдарын айналдырып қана қоймай, бүкіл бұрғылау тізбегін айналдырады. Құбырлы немесе электрлі бұрғылау кезінде тек қашау айналады. Соңғы жылдары мұнай өндірісінде көбіне құбырлы бұрғылау қолданылуда жəне электрбұрғылау көмегімен енгізілуде. Қазіргі кезде көбіне айналмалы бұрғылауды қолдануда. Жыныс арнайы құрал – қашау арқылы алынады, ол бұрғылау құбырлары көмегімен ұңғымаға түсіріледі. Бұрғылау тізбегі – бұрғылау құбырларынан тұратын қондырғы, ол бұрғылау тізбегін көтеру жəне түсіру кезінде бұрау жəне ашу үшін қажет. Құбырлар тізбегінің ұзындығы мұнай жынысының жату тереңдігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет