«Мұнай және мұнай өнімдері»



бет5/8
Дата04.10.2024
өлшемі144,73 Kb.
#146819
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғылыми жоба 10

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
2.1 Мұнайды іздеу-барлау жұмыстары
Алғашқыда ықтимал мұнай бар ауданды көптеген жанама белгілері бойынша мұнай кенінің болуын анықтауды үйрене отырып, көзбен шолып зерттеген. Алайда, іздестірудің барынша толық болуы үшін «жер астын көре алу» қажет болды. Бұл геофизикалық əдістермен зерт теудің арқасында мүмкін болды. Іздеу-барлау жұмыстарының техно логиялық процесі бірнеше этаптардан тұрады: барлау, бұрғылау, мұнай табылған жерлерді эксплуатациялау, мұнайды кəсіпшілікке дайындау жəне т.б. Мұнайшы-геологтардың негізгі міндеттері – мұнай мен газ кен орындарын іздеу жəне барлау болып саналады. Мұнайды барлауды геологиялық, геофизикалық жəне геохимиялық əдістерінің үйлесуімен жүргізеді. Геологиялық əдістің мақсаты – ұңғымалар жəне басқа да құ ралсаймандар көмегімен шөгінді жыныстардың құрылымы мен жаты сын зерттейді. Мұндай ұңғымалар үлкен тереңдікке жете алады. Мұнай барлаудың негізгі мақсаты – қабаттарының шоғырлану контурларын, мұнай-газ орынының қуатын, мұнаймен қанығу дəрежесін анықтау болып табылады. Сонан соң мұнай қатпарының бар екендігіне көз жеткізу үшін ұңғыманы бұрғылайды. Егер мұнайгаз шоғырының бар екендігі дəлелденсе, онда мұнай мен газдың құрамын, олардың мұнай алаңының өлшемін анықтау мақсатында, барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізеді. Барлау дəрежесіне байланысты, мұнай қорлары дəлелденген жəне ықтимал көмірсутектер жинақтары болып бөлінеді. Кен орындарын іздеумен айналысатын, оның қорын бағалайтын жəне оларды іске қосу үшін дайындық жұмыстарын жүргізетін мұнай барлау компаниялары беретін ақпараттар негізінде, мұнайды барлау үшін жүргізілетін зерттеу əдістері ішінен ең тиімділеріне – геологиялық, геофизикалық жə не геохимиялық əдістер жатады. Геофизикалық əдістер сезімталдығы өте жоғары қондырғылар көмегімен физикалық параметрлерді өлшеуге негізделген. Осы параметрлерді негізге ала отырып, мұнай қабаттарының құрылысы картасын жасайды, олардың құрамын жəне шоғырлану ерекшеліктерін анықтайды.
Геохимиялық барлау жұыстары қатарына газ барлау əдісі жатады. Газдар тереңдікте орналасқанымен, сезгіш аспаптар арқылы олардың аз да болса жер бетіне шығып жататынын байқауға болады. Əрине, газдың қабаттардан өту мөлшері өте нашар, мыңнан бір пайыз болуы мүмкін. Бірақ осы нəзік көрсеткіштер арқылы жер қойнауында газ кенінің барлығын байқауға болады. Əр кенорыннан алынған сынама арқылы газдың құрамына байланысты карталар тұрғызылады. Бұл əдісті орыс ғалымы В.А.Соколов ойлап шығарды.
Геохимиялық əдістер топырақ жəне жерасты суларының сынамаларын анализдеуге негізделген, сондай-ақ мұнай-газ кенінің физика-химиялық құрамын анықтайды. Мұнай кен орындарын іздеу, барлық жерлерде үлкен жетістіктерге жетуде. Соңғы кездері мұнай кен орындарын теңіз суы астынан із деу жұмыстары күшті қарқынмен жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет