«Мұнай және мұнай өнімдері»


Мұнайды өндірудің əдіс-тəсілдері



бет7/8
Дата04.10.2024
өлшемі144,73 Kb.
#146819
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғылыми жоба 10

2.3 Мұнайды өндірудің əдіс-тəсілдері
Мұнайды өндірудің негізгі əдістері. 1) бұрқақ əдісі; 2) газлифт немесе компрессорлық əдіс, 3) терең сорапты əдіс. Бұрқақ əдісі. Бұл əдіс мұнай қабатындағы қысым жоғары болғанда қолданылады, мұнай жер қойнауынан сатылы жəне сыйымды ыдыстарға өзіндік қысыммен түседі. Бұл əдіс соңғы жылдары жаңадан ашылған мұнай кеніштерінде көбірек қолданыла бастады, мұндай кеніштердегі қаттық энергияның қоры жоғары мөлшерде болады.
Артезиандық атқылау мұнай өндірісінде сирек кездеседі. Артезиандық əдіс мұнайдың құрамында еріген газ мүлде болмаған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда атқылау құбырларында газдалмаған сұйық қозғалады, сондықтан мұндай сұйықтың гидростатикалық бағанының қысымын жеңіп шығу үшін ұңғыманың сағалық қысымы жеткілікті дəрежеде жоғары болуы тиіс.
Газ энергиясының əсерімен атқыламалау. Ұңғымадағы құрамында газ көпіршіктері бар сұйықтың атқылауы аса кең тараған əдіс болып саналады. Бұндай атқылау сұйықты ұңғыма түбіне айдайдын энергияның қуаты сол сұйықты ұңғыманың бетіне көтеру үшін қажет болатын энергияға тең немесе жоғары болатын жағдайда, атқылау көтергіші оңтайлы режимде, ең жоғары ПƏК режимінде жұмыс істеген жағдайда мүмкін болады.
Компрессорлық немесе газлифт əдісі. Бұл əдіс қаттағы қысымның шамасы төмен болғанда, мұнай сыртқа атқылай алмайтын жағдайда қолданылады. Бұл кезде сырттан берілетін энергия пайдаланылады. Компрессорлық əдісте сорғыш арқылы ұңғымаға сығылған газ жіберіледі де, мұнаймен араласады. Соның нəтижесінде мұнайдың тығыздығы кемиді, сағалық қысым қат қысымынан төмен бола бастайды. Бұның өзі ұңғымадағы сұйықтың жоғары көтерілуін қамтамасыз етеді.
Терең сорапты əдіс. Терең сорапты əдіс кең тараған мұнай өндіру əдісі болып саналады. Бұл əдіс терең ұңғымаларды пайдаланғанда жəне қаттағы қысым күрт азайғанда қолданылады. Осы əдіспен мұнай өндіргенде, ұңғыманың белгілі бір тереңдігіне дейін сорапты түсіріп орналастырады да, оны əртүрлі əдіспен берілетін энергия арқылы іске қосады.


ҚОРЫТЫНДЫ
Мұнай жердің шегінді қабатында - маңызды пайдалы қазынды. Мұнайлы көмірсутек жанғыш майлы сұйықтық. Көмірсутектермен қатар, құрамында көміртек пен сутегiден баска азот, күкірт, оттегi және басқа да элементтер бар гетероорганикалық гетероатомды косылыстар кездеседi. Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май энергетикалык балансында орасан зор үлеске ие:оның адамзат пайдаланатын қуат көздерi iшiнде 48% алады.
Бұл ғылыми жобада мұнайдың тығыздығын, тұтқырлығын, лап ету температурасын, тұтану температурасын, өздігінен тұтану температурасын, жану температурасын анықтау анықтау тәсілдерін қарастырдым. Мұнай және мұнай өнімдерінің физика химиялық қасиеттерін анықтауға арналған аппараттармен танысып өттік.
Осы анықталынған әрбір физико-химиялық көрсеткіш мұнайдың сапасы мен қатары, оны жалпы қолдану жағдайын да толықтай көрсетеді. Мысалы, тұтану температурасы мұнайдың суық күйiнде қыздырмай-ақ ағуын, мұнайды жаз мезгілінде қолдану жағдайын да көрсетедi және соның негiзiнде мұнайды өрт қауіптілік категорияларын бөлуге мүмкіндік туғызады. Сондықтан да қыста мұнай жақсы жүріп тұрады, ал жазда қажетті үйкеліс режимін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет