Мұнай өнімдерінің (бензол,толуол) теріге әсері



бет2/5
Дата12.12.2022
өлшемі474,98 Kb.
#56575
1   2   3   4   5

Мұнай өнімдері

  • Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай коксы, күйе, мұнй пиролизінің әр алуан өнімдері (бензол, толуол, ксилол, т.б.), асидолдар, деэмульгаторлар, хлорпарафиндер, т.б. жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.

Адам организміне әсері

  • Мұнайдың жеңіл фракциялары канцерогендік активтілігі жоғары қатерлі ісік ауруының жиілігін ұлғайтады. Ұзақ улану адамдардың тыныс алу орталығына әсер етіп сал ауруын, бауырдың антитоксикалық және бүйрек функцияларының өзгеруіне, қан-тамыр органдарының тітіркенуіне әсер етеді және мутагендік әсерінен созылмалы ісік ауруын тудырады.

Бензол

  • Бензол, С6Н6 — ароматты көмірсутек; түссіз, қауіпті, өзіне тән иісі бар, буланғыш сұйық зат, балқу t 5,5°С, қайнау t 80,1°С, буы ауамен араласып, қопарылғыш қоспа түзеді. Ол органикалық еріткіштерде (эфирлерде, спиртте, ацетондар, сірке қышқылында) ериді. Бензол полярлы емес қосылыстар үшін жақсы еріткіш болып табылады, майларды, резеңке, каучук, күкірт, йодты ерітуде қолданылады. Бензол ежелден бері келе жатқан органикалық қосылыс, бензолды алғаш рет 1825 жылы Майкл Фарадей ашқан. бензолдың эмпирикалық формуласы - CH және "сутек бикарбуреті " деп те аталады. Кейіннен, Эйлхард Митчерлич бензой қышқылы мен әктасты қыздыру арқылы бензолды синтездеді. Ол бензолдың химиялық формуласы С6Н6 екендігін тапты.
  • С6H5COOH + CaO --> C6H6 + CaCO3

Орташа концентрациядағы бензинді жұту кезінде адам бірден уланбайды, алдымен басы айналады, кейіннен себепсіз көтеріңкі көңіл-күй, күлкі, содан кейін сана жоғалтуымен байқалады. Сонымен қатар, бензин теріге жанасқан кезде, көмірсутектердің кейбіреулері организмге қан арқылы жұғады және тасымалданады, бұл да улану белгілеріне әкеледі.

  • Орташа концентрациядағы бензинді жұту кезінде адам бірден уланбайды, алдымен басы айналады, кейіннен себепсіз көтеріңкі көңіл-күй, күлкі, содан кейін сана жоғалтуымен байқалады. Сонымен қатар, бензин теріге жанасқан кезде, көмірсутектердің кейбіреулері организмге қан арқылы жұғады және тасымалданады, бұл да улану белгілеріне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет