Мобильді технология ұялыбайланысүшінқолданылатын технология


Қосымшаларды жасау кезінде қолданылатын блоктар



бет69/92
Дата23.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37247
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   92
Қосымшаларды жасау кезінде қолданылатын блоктар



Мобильді қосымша (ағылш. «Mobile app») — бұл белгілі бір платформада орнатылған және белгілі бір функционалдылыққа ие планшеттер мен смартфондарға (iOS, Android, Windows Phone және т.б.) арналған әзірленген бағдарлама. Қарапайым сөзбен айтқанда, ол белгілі бір әрекеттерді орындайды және берілген мәселелерді шешуге арналған құрал.
Блоктау режимі - қосымшаның және оның компоненттерінің әрекетін, бағдарламашы таңдаған компоненттің әртүрлі пайдаланушы әрекеттеріне қалай жауап беретінін бағдарламалау үшін пайдаланылады. Ол қосымшаның басқа блоктарымен әрекеттесетін дербес орындалатын бағдарлама.
Қосымшаларды жасау кезінде қолданылатын блоктардың негізгі топтары:

  • Кірістірілгенблоктар

  • Кез келген компонент.

  • Әрекетблоктары.

Кірістірілгенблоктартобы құрылған компоненттерге белгілі бір әрекеттерді/функцияларды тағайындауға мүмкіндік береді.Кірістірілгенблоктартобының түрлері:

  • Басқару – тармақталу, цикл, бірнеше экрандармен жұмыс істеу блоктарын қамтиды, барлық компоненттерге ортақ және т.б.

  • Логика – қолданбада логикалық функцияларды пайдалануға арналған блоктарды қамтиды.

  • Math- математикалық блоктар жинағын қамтиды.

  • Мәтін – мәтіндік блоктар жиынтығын қамтиды.

  • Массивтер – массивтермен/тізімдермен жұмыс істеуге арналған блоктардан тұрады.

  • Түстер – түстермен жұмыс істеуге арналған блоктарды анықтайды.

  • Айнымалылар – ғаламдық және жергілікті айнымалылардың мәнін анықтауға және орнатуға мүмкіндік беретін блоктар.

  • Процедуралар – процедуралар мен функцияларды анықтауға мүмкіндік беретін блоктарды қамтиды.

Әрекет блоктары - арнайы қосымшаның құрамдас бөліктері үшін әрекеттерді көрсетеді. Қажетті құрамдас таңдалғанда, оған қолжетімді блоктар көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет