«Блоктар» режимінде жұмыс істегенде келесі функциялар жиі пайдаланылады:
Блокты жию (свернуть) / кеңейту.
Пікір қалдыру - кез келген бағдарламаны жазу кезінде пайдалы, сіз осы конструкцияға енгізілген әрекеттер мен оқиғаларды түсіндіру үшін түсініктеме қалдырады.
Блокты өшіру / қосу
Мобильдіқосымшанықұрылғығажүктеу
Мобильді қосымшаны құрылғыға жүктеу үшін, мысалы, қосымша MIT AppInventor бұлт ортасында әзірленетін болса, тестілеу мен ретке келтіру мобильді құрылғыда жүзеге асады. Әзірлеу үшін жеке компьютер немесе ноутбук пайдалану ұсынылады, ал ретке келтіру мен тестілеу үшін – оны сіздің құрылғыңызға орнату үшін өзіңіз жасаған мобильді қосымшаның QR кодын оқуға мүмкіндік беретін алдын ала орнатылған MIT AppInventor Companion қосымшасы бар мобильді құрылғы қажет.
Қосымшаны құрылғыға жүктеу тәсілдері:
Бастапқы кодта (кеңейтімі .aia болатын файл)
.aia форматындағы бастапқы код қосымшаны редакциялауға мүмкіндік береді. Бастапқы код жобаның парағынан мәзір Жобалар / таңдалған жобаларды (.aia) Менің компьютеріме экспорттау арқылы генерацияланады.
Орындалатын файл түрінде (кеңейтімі .apk болатын файл)
.apk қосымшасының файлы AppInventor-ға Құру – Қосымша (.apk компьютерге сақтау) мәзірі арқылы генерацияланады. .apkфайлы құрылғыда жұмыс істейтін орындалатын қосымша болып табылады.
Қосымшаның QR-коды түрінде
Мәзір Құру– Қосымшалар пәрменінің көмегімен генерацияланады (.apk жүктеу үшін QR код жасау).
QR кодын оқу және қосымшаны мобильді құрылғыға орнату үшін GooglePlay-дан мобильді құрылғыға MIT AI2 CompanionAppқосымшасын орнату қажет. Сіздің қосымшаларыңызды.apkмобильді құрылғыға орнату кезінде белгісіз дереккөздерден қосымшаларды орнатуға рұқсат беру қажет (Бапталым– Қосымшалар– Белгісіз дереккөздер)
Достарыңызбен бөлісу: |