Мобильді технология ұялыбайланысүшінқолданылатын технология



бет43/92
Дата23.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37247
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   92
    Бұл бет үшін навигация:
  • Оқшау
Блоктарды тігінен қосу
Блоктың асты мен үстінде орналасқан кірістер мен шығыстар блоктардың бірінен кейін бірі жүру тәртібін, тиісінше олардың орындалу тәртібін белгілеу үшін қолданылады. Олар жоғарыдан төмен қарай орындалады: алдымен ең үстіңгі блок, содан кейін оның астындағы орындалады, осы ретпен жалғаса береді. Асты-үстінде орналасқан шығыстар мен кірістердің болу-болмауына қарай блоктардың мынадай түрлері ажыратылады:

  1. Оқшау (кірісі де, шығысы да жоқ) – жеке өзі қолданылады;

  2. Бастапқы (тек шығысы бар) – тізбекті бастайды;

  3. Аралық (кірісі де, шығысы да бар) – тізбектің кез келген жерінде қолданылады;

  4. Соңғы (тек кірісі бар) – тізбекті аяқтайды.




4.5-сурет. Тізбекте қолдану мүмкіндігіне қарай блок түрлері

Ішінде басқа да блоктар болатын блок контейнер деп аталады.


Сонымен, блоктарды көлденеңінен қосу әдісі олардың арасында дерек алмасу үшін, ал тігінен қосу әдісі осы деректермен орындалатын әрекеттердің ретін белгілеу үшін қолданылады, мысалы:



  1. ауыспалыны белгілеу және оны іске қосу;

  2. оның мәнін басқа мәнмен салыстыру;

  3. ауыспалының мәнін ол бойынша тізімнің элементін алуға арналған индекс ретінде қолдану;

  4. диалогте тізімнен таңдап алынған элементті көрсету.

AppInventor-дағы барлық блоктар компоненттер блогы және біртұтас (built-in) блок болып бөлінеді.
Компоненттер блогы экранда көрінетін компоненттердің (виджеттердің) оқиғаларымен және қасиеттерімен – батырмалармен, мәтін өрістерімен, жалаушалармен, тізімдермен және т.б., сонымен қатар көрінбейтін компоненттермен – сенсорлармен, деректер қоймасымен, медиа компоненттермен де жұмыс істеуге арналған.
Біртұтас блоктар қосымшаның ішкі ретін (логикасын) құру үшін, әртүрлі мәндерді телу операцияларын орындау, басқару, салыстыру, түрлендіру және т.б. үшін пайдаланылады.
AppInventor-да блоктар топтарға бөлінген, олардың әрқайсысының өз түсі бар. Бұл ол блок жұмыс істейтін деректердің түрін және оның әрекеттерінің сипатын анықтауға мүмкіндік береді, мысалы, қызыл түсті блоктар мәтінмен жұмыс істесе, күлгін блоктар рәсімдерге немесе хабарламаны шығаруға қатысты үдерістерге жауап береді. Блоктың нақты қандай әрекет атқаратынын ондағы жазуға қарап білуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет