Модуль 03: «Физхимиялық талдау»


ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫҚ ХИМИЯ



бет62/126
Дата07.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#19208
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   126
ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫҚ ХИМИЯ

ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Қызылорда -2020ж.

ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН

«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы, х.ғ.к.,профессор

К.Х. Дәрмағамбет


ҚАРАЛҒАН және ҰСЫНЫЛҒАН

«Экология және химиялық технологиялар кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары отырысында 2020 жылғы «28» 08 №_1 хаттама



«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының қауымд.профессоры,, т.ғ.к.

Жусупова Л.Ә. (аты-жөні. ғылыми дәрежесі, атағы, ұйым атауы)
БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН

Жұмыс бағдарламасы «Экология және химиялық технологиялар» бағыты бойынша Академиялық кеңестің мәжілісінде қаралып, бекітілді.


Хаттама № 1 «_28_»08. 2020 ж.
Академиялық кеңестің төрағасы Абжалелов Б.Б..

№1-жұмыс. Техника қауiпсiздiгi. Зертханалық жұмыстардың техникасы.




  1. Химиялық зертханада қауіпсіздік ережелерін сақтамау нәтижесі оқыс жағдайларға әкеледі. Сондықтан зертханалық жұмыс кезінде өте сақтық пен ұқыптылық қажет.

  2. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру, қолданатын заттардың және реактив ерітінділерінің қасиетін және приборлармен дұрыс жұмыс істей білу қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді.

  3. Жұмысқа кіріспес бұрын қажетті ыдыстар мен реактивтерді тексеріп алу қажет.

  4. Жұмыс үстелінде қажетсіз қолданылмайтын заттар болмауы қажет.

  5. Тәжірибені әдістеме бойынша нақты және ұқыпты жүргізу.

  6. Зертханада халатсыз жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді.

  7. Химиялық ыдыстан су ішуге және зертханада тамақ жеуге тыйым салынады.

  8. Қалдық заттарға арнайы ыдыс, қышқылдар мен сілтілерге арнайы жинағыш ыдыс болуы қажет. Қышқыл мен сілтіні су құбырына бейтараптаусыз құюға болмайды.

  9. Улы заттармен жүргізілетін барлық операциялар (жағу, буландыру, араластыру, сұйылту) міндетті түрде сорғыш шкафта қосулы кезінде жүргізілуі қажет.

  10. Тез тұтанғыш заттармен жұмыс кезінде от, сіріңке тұтату, шылым шегуге тыйым салынады. Бұл сұйықтықтарды қыздыру тек су жылытқышында жүргізіледі. Жұмыс алдында құм, өртсөндіргіш, асбест, дымқыл шүберек даярлап алу қажет.

  11. Суды нығыз (герметически) жабылған ыдыста қайнатуға және суытуға мүлдем болмайды.

  12. Жұмыс кезінде хим. реактивтердің дәмін көруге болмайды. Иісі бойынша анықтауда сақтылық қажет, ыдысқа ептеп еңкейе тұрып, өзіңе қарай ақырын қолмен желпей отырып иіскеу керек.

  13. Әрбір реактивтің өзінің нақты орыны және концентрациясы мен атауы жазылған этикеткасы болуы қажет. Реактивті ашық қалдыруға болмайды.

  14. Пипетка арқылы улы және күдіргі ерітінділерді соруға болмайды, ол үшін арнайы резиналық груша болуы қажет.

  15. Спирт шамын өшірмей, толтыруға болмайды. Спирт шамын қақпағын кигізіп өшіреді, үрлеуге болмайды. Спирт шамының көлемінің 2/3 бөлігін ғана толтырады. Спирт шамын келесі бір жанып тұрған спирт шамы арқылы тұтатуға болмайды.

  16. Зертханада от шыққан уақытта тез арада өрт сөндіргішпен өшіру қажет.

  17. Егер сумен араласпайтын зат (бензин, май, эфир) жанып жатса сумен өшіруге болмайды. Құммен, қалың матамен, өртсөндіргішпен өшіру керек. Спирт жанса тек сумен өшіру қажет.

  18. Концентрлі қышқылды ( күкірт қышқылы, тұз қышқылы ) сұйылтуда қышқылды суға құю керек, керсінше жүргізуге тыйым салынады.

  19. Концентрлі қышқылдар мен сілтілер КӘУЗ болып табылады. Теріге тигенде адам терісін қатты зақымдайды. Көзге тамғанда соқырлыққа әкеледі.

  20. Концентрлі сұйықтық қақпағы жақсы жабылған шыны ыдыста, себетке салынған күйде болуы қажет. Кристалды сілті шыны ыдыста немесе металл барабанда сақталады. Әрбір ыдыста сәйкес этикетка болу қажет.

  21. Кездейсоқ теріге қышқыл тамған болса, тез арада су ағынында жуып,

3-5% ас содасының ерітіндісімен жуып бейтараптайды.

  1. Егер концентрлі сілті тамған болса, тез арада су ағынында жуып, 0,5 - 1% - тік сірке қышқылымен жуу керек.

  2. Сілті мен қышқылды ыдысқа құю кезінде, бетке шашырап кетуден сақтану үшін қатты еңкеюге болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет