Модуль 03: «Физхимиялық талдау»



бет89/126
Дата07.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#19208
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126
Жұмыс реті. 1-тәжірибе. Крахмал золі– ерітіндісі. Ол үшін 0,5г крахмалды фарфор келісінде мұқият ұнтақтап , фарфор қабықшасына ауыстырып , 10 мл таза сумен араластырады да сосын оған тағы да 90мл таза су қосады. Енді осы қоспаны үздіксіз қозғап , араластыра отырып , баяу қыздырып , қайнатады. Нәтижесінде 0,5 процентті крахмал золі пайда болады, яғни оның жарық сәулесіне шағылыстырып қарағанда ылайланыңқырап көрінеді.

2-тәжірибе. Желатин золі. Сыйымдылығы 200 мл стаканға 0,5г желатинді ұнтақтап , салып, үстіне 50мл таза суды қосып ол ісіну үшін 30 минуттай қояды. Сосын оған тағы да 50мл су қосып , араластырады да оны стаканмен C шамасындағы жылы суға салып , толық ерітеді. Осылайша алынған желатин золін тұрақтандыру үшін оған формальдегид ерітіндісінің 2-3 тамшысын тамызады.

3-тәжірибе. Жұмыртқа альбулинінің золі. Көлемі 100 мл өлшеуіш колбадағы алдын ала ұнталған жұмыртқа альбулинінің 10г ұнтағын немесе тауық жұмыртқасының ақ затын салып, үстіне 40-50мл салқын таза су қосып, толық ерігенше мұқият араластырады. Сосын колбаға таза суды белгіге дейін қосса , ақ зат белок золі пайда болады.

4-тәжірибе. Казеин золі. Көлемі 50 мл өлшеуіш колбаға 0,1М натрий ацетатының 5мл ерітіндісін, 10мл таза су құяды да оған 0,2г ұнтақталған казеин қосады.Сосын оны 40-C қыздырып, араластыра қозғап, толық ерітеді. Колба салқындаған соң оған шекті сызық белгіге дейін таза су қосады. Мұндайда, әлсін ғана опалесцияланатын казеиннің коллоид ерітіндісі пайда болады.

5-тәжірибе. Гидрофильді ерітінділердің қыздыру мен электролит әсеріне тұрақтылығы. Жоғарыдағы тәжірибелерде алынған гидрофильді зольдердің ерітінділерін төрт пробиркаға 5мл құйып, қайнағанша қыздырады. Бұлардың арасында қандай зольдің қыздыруға тұрақты екенін анықтап, сипаттайды. Бір пробиркаға мұның алдындағы тәжірибеде алынған берлин лазурының 5мл золін қяды. Ал төрт пробиркаға 5 мл гидрофильді зольдің ерітінділерін қосады: крахмал, казеин, желатин және жұмыртқа альбулині. Енді осы бес пробирканың әрқайсысын бюреткадан аммоний сульфатының қаныққан ерітіндісін коллоид, ерітіндінің әрқайсысы ұйығанша қосып, оның әрқайсысына кеткен элетролит көлемін өлшейді.

Алынған нәтижелерді кестеге жинақтайды.




Золь

Ұйытуға кеткен электролит, мл

Берлин лазуры




Крахмал




Жұмыртқа альбулині




Казеин




Желатин







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет