Модуль 03: «Физхимиялық талдау»


- жұмыс. Химиялық тепе – теңдік



бет85/126
Дата07.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#19208
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126
3.2 - жұмыс. Химиялық тепе – теңдік

Жұмыс мақсаты: Әрекеттесуші заттар концентрацияларының химиялық тепе – теңдікке әсерін зерттеу.

Құралдар мен ыдыстар: пробиркалар, штативтер, шпатель.

Реактивтер: калий роданиді, темір хлориді.

Жұмыс реті. 4 пробиркаға 1 мл0,3 М темір хлориді (III) - FeCl3 және 1 мл0,6 М калий роданиді – KCNS ертінділерін құямыз. Сәл ғана пробиркаларды шайқап, ертінділерді араластырамыз. Барлық пробиркаларды штативке бекітеміз, бір пробиркадағы ертіндіні салыстыру үшін бақылау ретінде аламыз.

Ертіндіде қайтымды реакция орын алады:



Темір үш роданиді ертіндіге қызыл түс береді. Пробиркалардың біріне 1 мл FeCl30,3 M, басқасына 1 мл KCNS0,6 M ертінділерін, үшіншісіне 2-3 микро шпатель KCl қосады. Барлық жағдайдағы түс қарқындылығының өзгеруін бақылау ертіндісімен салыстыра отырып белгілейді. Нәтижелерді кестеге толтырады.


Кесте 3.2

№ пробирка

Қосылған ертінді



Түс қарқындылығының өзгеруі (әлсіреуі, күшеюі)

Тепе – теңдіктің ығысу бағыты (оңға, солға)

1

1 мл 0,3 MFeCl3







2

1 мл 0,3 M KCNS







3

2-3 микрошпатель

KCl







4

-






Байқалған құбылысты түсіндіріп, Ле-Шателье ережесіне сүйеніп сәйкес қорытынды жасаңыз.


Бақылау сұрақтары

1. Химиялық тепе – теңдік сипаттамасы.

2. Тепе – теңдік константасын тепе – теңдік концентрациялар және қысым арқылы өрнектеңіз.

3. Әрекеттесуші массалар заңын сипаттаңыз.

4. Егер жүйені идеалды деп қарастырсақ, КС және КР тепе – теңдік константталарына қандай факторлар әсер етеді?

5. Тепе – теңдік константасы температура мен қысымнан тәуелді ме және қалай?

6. A+BC+D химиялық реакциясы үшін КС және КР тепе – теңдік константалары арасында қандай байланыс бар, егер барлық реагенттер идеалды газтәріздес күйде болса?

7. Тепе – теңдік константасын есептеу жолдарын келтіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет