Жұмыс мақсаты: кейбір гидрофильді золь қасиетін зерттеу. Аспаптар мен ыдыстар: фарфордан жасалған ұнтаұтағыш кіші келі мен келсап, фарфор табақша, өлшеуіш цилиндр, сыйымдылықтары 200мл стакан, 100 мл өлшеуіш колба,5 мл тамызғыш-пипетка, 10 мл бес пробирка, электр плитасы, қыздыратын жай су, техникалық таразы. Реактивтер: Крахмал, жапырақша түріндегі желатин, ұнтақты жұмыртқа альбумині, ұнтақты құрғақ казейін, формальдегид, 0,1 М натрий ацетатының ерітіндісі, берлин лазурының – жылтырағының золі |Fe | , аммоний сульфатының қаныққан ерітіндісі – (, таза су. 2-тапсырма. Гидрофильді зольдерді алу және олардың кейбір қасиеттері.
Лиофильді зольдерді, жоғарғы молекулалық қосылыстарды өздеріне сәйкес еріткіштерде еріту арқылы алады, ақ затты- белокты суда, каучукты бензолда, целлюлозаны эфирде және т.с.с. Бұл заттардың арасында суда еритін зольдердің – гидрофильдінің маңызы зор, мысалы ақ зат – белок , крахмал, глюкоген және басқалар. Лиофильді зольдер жоғарғы молекулалық қосылыстардың ерітіндісі болғандықтан , лиофобты зольдерден гөрі тұрақты болады және мұның нәтижесінде олар өте жоғарғы концентрациялы ерітінді құрап, жоғарғы тұтқырлық және осмостық қысым көрсетеді. Лиофильді ерітінділердің концентрациясы артқан сайын, олар қоюлана келіп, сірленеді де іркілденіп гельге ауысады. Бұл құбылыс кері де жүре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |