Зертханалық жұмыс № 4
Әлсіз электролиттердің электрөткізгіштігін зерттеу
Жұмыс мақсаты:Меншікті және эквиваленті электрөткізгіштің ертінді концентрациясынан тәуелділігін анықтау, сондай-ақ әлсіз электролиттер үшін диссоциациялану дәрежесін және константасы мен күшті электролиттер үшін электрөткізгіштік коэффициентін анықтау
Аспаптар мен реактивтер:Кондуктометр S-230, термостат, 10мл.пипетка, 5стакан көлемі—100мл.,
Жұмыс реті: Электөткізгіштікті анықтайтын ыдысқа 20 мл зерттелінентін ертінді құяды.Ыдысты термостатқа салып, онда 10— 15 мин ұстайды, кейін ертіндінің электрөткізгіштігін өлшейді. Өлшеуден кейін ыдыстан пипеткамен 10 мл ертінді алады және 10 мл дистилденген су қосады. Су температурасыда ертінді температурасындай болу керек, ол үшін сулы колбаны да термостатта ұстайды. Бір 10 мл пипетка ертінді алу үшін, екіншісі— су үшін.
Ертіндіні сұйылтқаннан кейін жақсылап араластырып, термостатта 2—3 мин ұстайды, ертіндінің өткізгіштігін өлшейді. Сұйылту операциясын 5—6 рет қайталайды.
Тәжірбие және есептеу нәтижелерін кестеге жазады.
Әр концентрация үшін тауып, меншіктіжәне эквивалентттіλэлектөткізгіштікті анықтайды.
Күшті электролиттер үшін эквивалентті электрөткізгіштіктің концентрациядан λ - √с координатасындатәуелділік қисығын тұрғызады және алынған қисықты ординат осімен қисылқанша экстраполирлау арқылы, шексіз сұйытылған кездегі электрөткізгішті анықтайды. Әлсіз электролит үшін келесі теңдеумен анықтайды:
- сұйылту кезіндегі эквивалентті электрөткізгіштік
Кейін әр ертінді үшін электролиттік диссоциация дәрежесі мен константасын анықтайды.Алынған және графикалық әдіспен табылған мәндерін сәйкесінше теңдеумен есептелінген мәндерді салыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |