Харрод үлгісі экономикадағы функционалдық байланыстарды сипаттайтын теңдеулерден құралады жəне кəсіпкерлердің психологиялық мінез-құлықтарын талдауға негізделеді:
−кəсіпкерлердің мінез-құлқы тауарлар мен қызметтерге деген сұранысқа байланысты күтімдеріне негізделеді.
Харрод «кепілдендірілген» экономикалық өсу түсінігін ен-гізді. Яғни, үлгідегі «кепілдендірілген» өсу қарқыны мына формуламен анықталады:
ΔY / Yt-1 = SY / а – SY.
«Кепілдендірілген» экономикалық өсу – қолда бар өндірістік қуатты (капиталды) толық пайдалана отырып, жиынтық сұраныстың салыстырмалы өзгерісіне байланысты кəсіпкерлердің психологиялық күтімдерінің барынша ақталуы кезіндегі экономиканың тепе-теңдіктік даму беталысы.
Рой Харродтың экономикалық өсу үлгісі – экономикадағыфункционалдық байланыстарды сипаттайтын теңдеулерге жəнекəсіпкерлердің психологиялық тəртіптерін талдауға сүйенетін, əріинвестициялық факторды есепке алатын теңгерімді экономикалық өсудің неокейнстік үлгісі. Сонымен, Е. Домар мен Р. Харрод үлгілеріндегі экономика-лық өсуді көрсететін динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болып табылады.
Экономикалық өсудің неоклассикалық үлгілері.
Роберт Солоудың экономикалық өсу үлгісі – бұл халықтың өмір сүру деңгейіне жинақтың, еңбек ресурстарының жəне ҒТП-тің əсер ету механизмдерін айқындайтын экономикалық өсудің неоклассикалық үлгісі.