Модуль 1 Макроэкономиканың базалық теориялары


Экономикалық өсудің үлгілері



бет3/7
Дата12.12.2022
өлшемі300,23 Kb.
#56655
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 дәріс Макроэкон (1) 4

2. Экономикалық өсудің үлгілері.

Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді

1. Нақты экономикалық өсу – бұл статистикалық орган-дардың кезеңділікпен жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе бас-қадай макро-экономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы шы-найы түрде өсуі

2. Əлеуетті экономикалық өсу – бұл экономиканың белгілібір жылдамдықпен немесе қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен дəрежесі.

Бұл өсуді қамтамасыз ете алатын факторларға мыналар жатады:

а) еңбек, капитал жəне жер сияқты ресурстар дыарттыру;

ə) технологиялық прогресстің көмегімен, өндірістіңұйымдастырылуын жақсарту немесе жұмыс күшінің білікті лігінарттыру есебінен осы ресурстарды пайдаланудың тиімділігінарттыру.

Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі бар

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сапа жағынан өсуі.

2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тартуарқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сан жағынан өсуі.

3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар, техника ментехнологияның жетілдірілуі арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстыңсапа жағынан да, сан жағынан да өсуі.

Экономикалық өсудің типтері

    • Экономиканың өндіріс факторларының ескі техника негізінде сан жағынан молаюы

экономикалық өсудің экстенсивті типі
    • Өндірісті дамыту факторларының сан есебінен емес, олардың сапалық өзгеру нәтижесі негізінде өсуі

экономикалық өсудің интенсивті типі

Макроэкономикада экономикалық өсудің факторларын негізгі үш топқа бөліп қарастырады:

1. Ұсыныс факторлары – адам ресурстарының болуы, табиғи ресурстар, негізгі капитал, технология деңгейі.

2. Сұраныс факторлары – бағалар деңгейі, тұтыну шығындары, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза экспорт көлемі.

3. Бөлу факторлары – экономикалық айналымға тартылатынресурстардың тиімділігі, ресурстардың өндіріс үрдісінде толық,əрі ұтымды түрде пайдаланылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет