Еңбек өнімділігі – бұл бір жұмысшыға келетін өндірістің жал-пы көлемі жəне ол мына қатынаспен анықталады: Y/L, мұнда : L - экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны немесе еңбектің істелген адам-сағат саны Технологиялық прогресс – бұл өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жəне басқарудың жаңаəдістері, жаңа ақпараттық технологиялар, өндірістік үрдісте қолданылатын ғылымның əртүрлі салаларындағы ашылымдар мен жаңалықтар жəне басқа да заманауи жетістіктер. Адам капиталына инвестициялар – қазіргі заманғы экономикалық өсудің аса маңызды факторы. Экономикалық өсуді тежейтін факторларды экономикадағы əлеуметтік өзгерістер деп атайды. Оларға əлеуметтік саланымемлекеттік реттеу, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау саласын шектен тыс мемлекеттік реттеу деген факторлар жатады. Экономикалық өсудің теорияларын дамытқан экономистер: Дж. Кейнс, Ч. Кобб, П. Дуглас, Э. Денисон,С. Кузнец, Й. Шумпетер, Р. Харрод, Е. Домар, Р. Солоу, Э. Фелпс,П. Ромер, К. Эрроу, Г. Мэнкью, Д. Уэйл, Д. Ромер, Р. Лукас,Х. Юзава Экономикалық өсудің үлгілерін негізгі үш топқа бөлуге болады: - 1. Экономикалық өсудің неокейнстік үлгілері.
- 2. Экономикалық өсудің неоклассикалық үлгілері.
- 3. Экономикалық өсудің тарихи-əлеуметтік үлгілері.
Экономикалық өсудің қарапайым неокейнстік үлгілеріне Евсей Домардың үлгісі мен Рой Харродтың үлгісі жатады. - Домар үлгісі белгілі бір уақыт талабына сай жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өндірістік мүмкіншіліктерінің артуындағы инвестицияның екі жақты рөлін зерттейді
Домардың үлгісі үш негізгі теңдеуге негізделеді: - ұсыныс теңдеуі,
- сұраныс теңдеуі
- теңгерімді өсу теңдеуі.
1. Ұсыныс теңдеуі мына болжамға негізделеді: 1. Ұсыныс теңдеуі мына болжамға негізделеді:
Достарыңызбен бөлісу: |