Модуль Адам ағзасындағы өтетің физиологиялық механизмдеріне түрлі факторлардың əсерлері



бет4/10
Дата07.01.2022
өлшемі2,33 Mb.
#18884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекциялар

№ 5 Дəріс (Д).
  • Тақырып. Спорттық қызмет кезіндегі ағза күйінің физиологиялық сипаттамасы. Лекцияның жоспары.
  • Сөреалдындағы күйдің физиологиялық ерекшеліктері. Сөре алдындағы күйдің əртүрлігі жəне олардың физиологиялық ерекшеліктері.
  • Бабына енуінің физиологиялық сипаттамасы.
  • Организмның жүйелерінің тұрақты жұмыс қабілеттілік күйіндегі мобилизациясындағы ерекшеліктері.
  • Қалпына келу. Қалпына келудің физиологиялық механизмдері.
  • Қалпына келуге пайдаланатын заттар.
  • Сөреалдындағы күйдің физиологиялық ерекшеліктері. Сөре алдындағы күйдің əртүрлігі жəне олардың физиологиялық ерекшеліктері. Бұлшық ет қызметін сəре алдында, жұмыс уақытында жəне қалыпқа келу кезеңдеріне бөлуге болады. Бұл кезде физиологиялық қызметтердің деңгейі өзгереді:
  • физиологиялық тыныштық қалпы;
  • сəре алдыңдағы кезеңде физиологиялық көрсеткіштер өседі;
    • физиологиялық қызметтер басына ену кезеңінде артады;
    • жұмыс деңгейі;
    • жылдам қалыпқа келу кезеңі;
    • баяу қалыпқа келу кезеңі (марафонға жүгіргеннен кейін 3 күнге созылуы мүмкін).
    • Сəреден алдыңғы реакциялар шартты рефлекторлы көңіл-күйдің бір түрі болып табылады. Жарыстың уақытына, өтетін орнына жəне оның дайындығына шартты тітіркенгіштер қызмет етеді. Сəре алдындағы күйде белгілі функционалдық өзгерістер өтеді. Тыныс алу тереңдеп, жүректің соғуы жиілене бастайды, артериялық қысым мен қандағы глюкозаның мөлшерлері көбейіп, өкпенің тыныс алуы кеңейеді. Олар симпато- адреналар жүйенің ми қабатыңдағы гипоталамус жəне лимбия жүйесінің белсенділігі артуына мүмкіндік береді. Бұл күй өзіне тəн жəне тəн емес ерекшеліктерінің өзгерістері арқылы сипатталады. Өзіне тəн емес өзгерістер - алдағы болатын қозғалыс қызметтеріне тікелей байланыссыз, зат алмасу, жүрек тамыр жүйесінің функционалды күйінің өзгеруінен болады. Бұлшық еттің нəзіктігі мен қозуын арттырып, жұмыстың нəтижесін анықтайтын өзгерістер өзіне тəн деп аталады. Ағза сəре алдыңда өтетін ығысулардың жұмыс деңгейіне функционалды процестердің жақыңдауына жұмыс басталғанға дейін мүмкіндік береді. А. Пуни болжамы бойынша сəре алдыңдағы көңіл- күй үш түрге бөлінеді:
    • Жауынгерлік дайындық - орталық жүйке жүйесінің, қозғалыс аппаратының нəзіктігі мен қозуын арттырып, вегетативті қамтамасыз ететін жүйелер.
    • Сəре алдындағы дірілдеу күйі кезіңде орталық жүйке жүйесіңде қозу процесі басым болғандықтан, тітіркендіргіштер қызметінің бұзылуына соқтырып, кейбір қимылдардың нəтижесіне теріс есерін тигізуі мүмкін. Ұзын қашықтыққа жүгіргенде қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің қызметі жақсарады. Бұл кезде жұмыс қабілеттілігінің артуы да, төмеңдеуі де мүмкін.
    • Сəре алдындағы бейқамдық (апатия) кезінде орталық жүйке жүйесінде тежелу байқалып, вегетативті жүйелер қызметі бəсеңсиді де спортшының көңіл-күйі тұнжараңқы болып көрінеді. Шектен тыс кідірістің байқалу – сəре алдындағы бейқадамдық деп аталады.
    • Сəре алдындағы көңіл-күй мынадай факторларға байланысты реттеледі:
    • жарыс алдында спортшының мінез-кұлқын қалыптастыру керек.
    • жаттығулармен қарқыңды бой жазу қозғалыс анализаторы қызметінің артуына мүмкіндік жасайды. Сəре алдындағы дірілдеу күйінде бой жазу - баяу тыныс жиілігімен анықталады,
    • массаж жасау барлық жүйелердің қызметін арттырады,
    • психикалық қобалжуды жою үшін алдағы іске берілетін нұқау əсері.
    • Бабына ену деп физиологиялық жүйелер қызметтерінің өсіп - дамуымен сипатталатын ағзаның жұмыс қабілеттілігінің біртіндеп артуын айтады. Бұл кезде барлық жүйелердің қызметі күшейіп, ағза жаңа өмір сүру деңгейіне бейімделеді. Бұлшық етпен, əсіресе қарқыңды, не сылбыр жұмыс атқару кезінде физиологиялық бағамдар дамуының үш кезеңі байқалады:
    • бабына ену кезеңі,
    • тұрақты күй кезеңі,
    • қалыпқа келу кезеңі.
    • Бұлар шартты рефлекторлы механизмдермен, симпато-адреналдық жүйенің белсенділігі мен жүйке орталықтарының қызметтік күйін арттырады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет