Тақырып. Адамның дене-күш əрекетіне бейімделуі жəне организмнің қызметтік қорлары.
Лекцияның жоспары.
Бейімделу туралы ұғым. Бейімделу түрлері. Дара бейімделу. Бейімделудің механизмі жəне динамикасы.
Дене-күш əрекетіне организмнің бейімделу кезеңдері – жедел, ұзақ мерзімді (ауыспалы,
тұрақты, «тозған»).
Жедел бейімделудегі стресс-реакцияларындағы гипоталамо-гипофизарлық жүйенің маңызы.
Дене-күш əрекетіне жедел жəне созылмалы бейімделудегі физиологиялық механизмдері мен олардың негізгі кезеңдері.
Бейімделу туралы ұғым. Бейімделу түрлері. Дара бейімделу. Бейімделудің механизмі жəне динамикасы.Бір жұмысты атқару кезіндегі тері температурасының үдемелі төмендеуі ыстық жағдайда болуына байланысты күшті тер бөлінуімен жəне дененің төменгі темературасында тер бөлінуінің басталуымен түсіндіріледі. Бейімделу кезеңі бойында тері температура сының төмендеуіне қарай «дене жүрегімен» терідегі температура айырмашылығы ұлғаяда, осыған сəйкес тері қан ағымына сұраныс төмендейді.
Афферентті хабардың екі негізгі көзі бар, солардың негізінде жүрек-тамыр жүйесінің бұлшық ет қызметіне рефлекторлы бейімделуі жүреді, ол-жүрек- тамыр жүйесінің барорепторлары мен бұлшық ет рецепторлары. Бұрын жұмыс істемейтін аймақтарыңдағы тамырлардың таралуы жұмыстың бас кезіндегі қанның төмеңдеуі арқылы іске қосылатын барорефлекстермен жүзеге асады деген түсінік кеңінен таралған көзқарас еді. Бірақ əрберіден соң жұмыстың бас кезінде- ақ немесе аз қуатты жұмыстан көп қуатты жұмысқа өту кезінде салатамырлық жəне тамыр соғуы қысымы жылдам көтеріледі. Эксперементті зерттеулер көрсеткендей, жұмыс кезіндегі барорецепторлардың сезімталдығы бірдей немесе тыныштық күйдегімен салыстырғанда біршама төмендеген. Жұмыс кезінде электрлі, не механикалы тітіркендіргіштер жалпы шеткі тамырлы кедергіні жоғарылатады. Сондықтан жұмыстың бас кезінде болатын кейбір тамырлар реакциялары барорефлекстер болып тасымалайды, бірақ ары қарай жалғасқан жұмыс кезінде бұл рефлекстер əртүрлі тамыр аймақтарындағы қан ағымға артериялық кысымның төмендеуіне жауап ретінде вазоконстрикциялы əрекетті күшейте отырып əсер етуі мүмкін.
Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында жұмыс кезіндегі жүрек- тамыр жүйесі əрекетіндегі біршама айқын өзгерістер жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерден келетін рефлекторлы əсерлердің жеке термореттегішті рефлекторлы əсерлердің жинағын көрсетеді. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайындағы жұмыс кезінде салатамырлық қысымның төмендеуі барорефлекстердің қосыша əсерлерін тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерден келетін хеморефлекстер өздерінің негізгі əсерлерін жұмыс басталғаннан кейін біраз уақыттан соң тигізетіндігін атап айту керек. Жүрек- тамыр жүйесінің жұмыстың басталуына алғашқы бейімделу реакциялары белгілі бір деңгейде жоғары қабықшалы моторлы орталықтардан автономиялы орталықтарға таралатын ырғақтардың белсенділігіне байланысты.
Бұндай əсерлер шартты рефлекторлы сипатта болады, өйткені жүрек- тамыр жүйесі əрекетіндегі өзгерістер жұмысты күтуге жəне оған дайындыққа байланысты пайда болуы мүмкін.
Жұмыс- бас кезінде ғана жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердегі тамырлардың холинэргтік симпатикалы талшықтарының əсерінен біршама кеңеюі мүмкін. Бұлшық еттердің жиырылу белсенділігі процесінде олардың қан тамырларының кеңеюі метоболизм өнімдерінің тікелей əсерімен қамтамасыз етіледі жəне бұндай кеңейген тамырлар тамыр кеңейткіш немесе тамыр тарылтқыш симпатикалы жүйке талшықтарының əсеріне ұшырайды. Сондықтан рефлекторлы жəне орталық тиімділіктер негізінен қан ағымының қайта таралуын қамтамасыз ете отырып, жұмыс істейтін аймақтардағы тамырларға əсер етеді. Жүректің соғу жиілігінің ұлғаюы жəне жұмыс істемейтін тамырлы құрсақ аймағындағы қан ағымның азаюы симпатикалы вазомоторлы белсенділіктің деңгейін көрсетеді, бұдан шығатыны, симпатикалы вазомоторлы белсенділік жұмыстың ауыртпалығына тікелей байланыста өседі. Жаттығу нəтижесінде жұмыстың кез- келген қуаттылығы кезіндегі бұл белсенділіктің деңгейі жаттығу алдындағы деңгеймен салыстырғанда төмендейді. Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайындағы жұмыс дене температурасының жоғарылауына сəйкес симпатикалы вазомоторлы белсенділік қосымша жоғарлауын қамтамасыз етеді.