2 Модуль. Дене жаттығуларының жəне спорт түрлеріндегі физиологиялық негіздері.
№ 8 Дəріс (Д).
Тақырып. Сауықтыру дене жаттығуларының жəне салауатты өмір сүру салтанатының физиологиялық негіздері.
Лекцияның жоспары.
Салауатты өмір сүру салтының физиологиялык негіздері.
Үзбей дене белсенділігімен шұғылданудың физиологиялық негіздері.
Мектептегі ұжымдарда дене шынықтыру сабақтардың физиологиялық сипаттамасы.
Салауатты өмір сүру салтының физиологиялык негіздері. Жүйке факторлары ішкі бұлшық ет үйлестігін жəне бұлшық еттердің өзара үйлестігін анықтайды. Одан басқа барынша еркін күш зерттелуінің көңіл-күйіне жəне жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Барынша қуатты күш пен барынша еркін күштің арасында өзгешілік бар оны күштің
жетіспеуі деп атайды. Күш жетіспеуінің көлемі бұлшық еттермен еркінше басқару, сыналушының психологиялық күйі жəне бір мезгілде бұлшық еттер жиырылуы сандарының жетілуіне байланысты.
Күштің өсу кезеңі 14-15 жаста басталып, барынша даму шегіне 20 жаста жетеді де, əрі қарай машықтануына байланысты дамиды. Барынша еркін күштің дамуы факторларының əр түрлілігі:
Қимыл бірліктерінің көп санын рекрутироват етуі;
Серпіліс жиілігінің 10-12 имп/с-тан 40-60 имп/с-ке өсуі бұлшық ет қызметін оқшауланып жиырылудан тетаникалы жиырылу тəртібіне өткізеді.
Қимыл бірліктерінің синхронизация қызметі;
Бұлшық ет арадағы үйлестігінен дамиды;
Торлы құрылымының тонусын көтеретін катехоламин, ол болса қимыл орталықтарының қызметін белсендіретін, əсерінен күйге байланысты дамиды.
Бұлшық ет құрамына кіретін, талшықтардың генетикалық құрылысы мен қалыңдығына байланысты дамиды. Ал бұлшық ет талшықтары күштің сапасына ықпал етеді.
Бұлшық еттердің жекелей ерекшеліктеріне байланысты (бір бұлшық ет салмағы 100- 120 мг %.
Бұлшық еттің динамикалық күші қызметтің изотоникалық немесе ауксотоникалық режимдері жағдайында дамиды. Динамикалық күш оның шапшандық көлеміне немесе бұлшық ет қысқарып, яғни ұзарған кездегі салмақ қозғалысының баяулауына байланысты анықталады. Бұлшық еттердің динамикалық күш концентрикалық жиырылуы экцинтрикалық жиырылуы кезіңдегі сол бір бұлшық еттің статикалық күшінен аз болады.
Жарылыс күші бұлшық ет күшінің тез пайда болу қабілеттілігін сипаттайды. Жарылыс күштің көрсеткіші градиент болып табылады, ол күштің барынша пайда болуы мен жоғары нəтижеге жету қатысын анықтайды. Градиент күші спорттың жылдамдық күш түрлері өкілдерінде басым болады. Жарылыс күші шеткі факторларға: бұлшық еттің физиологиялық енінің көлеміне; оның алғашқы ұзындығы, бұлшық ет күшінің рычагының əсеріне; бұлшық еттегі жылдам жəне баяу бұлшық ет талшықтарының қатынасына байланысты. Қуатты күш пайда болуының орталық жүйкенің факторларына, жылдам бұлшық ет талшықтарының қозуына оның тегіс тетанусты тəртіпте жұмыс істеуіне жағдай туғызатын мотонейрон серпілістерінің жоғарғы жиілігі жатады.
Физикалық машықтанғанда бұлшық еттердің массасы артады да, оның жұмыстық гипертрофиясы дамиды. Бұлшық ет гипертрофиясы саркоплазматикалық жəне миофибриллярлық болып екі типке бөлінеді. Бірінші типте саркоплазма көлемі біркелкі арта түседі. Онда энергия көздерін креатинфосфат, гликоген ыдрау жақсара түседі де, митохондрия сандары өсіп қылтамырлар саны көбейді. Бұл типтегі гипертрофияда төзімділік артады да күш шамалы өзгереді. Миофибриллярлы гипертрофияда миофибриллдердің көлемі мен саны артып, олардың бұлшық ет талшықтарыңдағы төселу тығыздығы өседі. Осы арқылы бұлшық ет күші артады. Машықтанудың нəтижесіңде гипертрофияның дамуы екі типті комбинацияның біреуінің басымдылығымен көрінеді.
Бұлшық ет массасы ұлғаюының негізінде бұлшық ет белоктарының жоғарғы синтезі мен қажыр-қайраттың көзі жатыр. Бұл азық-түліктің энергетикалық материалдарды ыдыратуына жəне нуклеин қышқылдарының көбейген синтезі мен белоктардың
соматропты гормондарының гипофизіне жəне андрогендерге əсер етуіне жағдай жасайды.
Ағзаның даму жəне өсу процесінде бұлшық еттің күші функционалдық факторлармен артады. 4-5 жастан 20 жасқа дейін бұлшық еттің массасы 7-8 есе үлкейеді, ал əр түрлі топтағы үстеме еркін күш 9-14 есе өседі. Бұлшық ет талшықтарының қалыңдауы 6-7 жаста андрогендер құрылымы күшейген кезде байқалады. Бұлшық ет массасы мен күштің басымырақ жетілуі ер балалардың жыныстық жетілуі байланысты 13-14 жастан 16-17 жасқа дейін жүзеге асады. Барлық жас тобындағы ер балалардың күші қыздардан басым болады, 11 жастағы қыздардың күш көрсеткіштері 15-16 жастағы қыздардың көрсеткішіне жақындайды, ол кезде бұлшық ет массасының негізгі өсуі тамамдалады. Жасына қарай бұлшық ет күшінің топографиясы өзгереді. Ересек адамдарға тəн күш топографиясы 16-17 жаста қалыптасады. Ең жоғарғы күш көрсеткіші 20-30 жаста жетіліп, содан соң төмендейді.