Физикалық сапалардың дамуындағы жалпы негіздері жəне олардың физиологиялық негіздеуі.
Сөреалдындағы күйдің физиологиялық ерекшеліктері. Сөре алдындағы күйдің əртүрлігі жəне олардың физиологиялық ерекшеліктері. Адамның бүкіл күрделі қимыл əрекеттері əр түрлі қимыл рефлекстерінен тұрады:
қарапайым немесе бастауыш рефлекстері;
а. созылу рефлексі (тізе жəне сіңір) рефлекстері;
ə. Рецепторларды тітіркендіру кезінде тартып алу рефлексі;
б. итеріп тастау рефлексі жұлынның деңгейінде тұйықталады.
ырғақтылық рефлексі - ми жүйесінің қызметіне байланысты.
күрделі қимыл рефлекстері.
Қимылды реттейтін мидың барлық бөлімдері қатысатын, қарапайым рефлекстердің сəйкестелуін қамтамасыз етеді: ми жарты шар қыртысы, қимыл сенсомотор аймақтары, жұлын, сопақша ми, орта ми жəне аралық ми. Қимыл əрекеті элементтердің жоғарғы қозғалысының жиынтығы болып, автоматты немесе өзіндік түрде орыңдалады.
а/ тума қозғалыс;
ə/ жүре пайда болатын шартты рефлекс қозғалысы.
Қимыл əрекеттерінің негізін оперантты шартты рефлекстер құрайды. Мысалы, тордың ішіндегі ақырға түсіп кеткен бананды маймыл оның есігін ашып алады. Əрбір қарапайым қимыл сезім жүйелері арқылы нақтыланады. Импульстер бұлшық еттерден көз жəне кіре беріс рецепторларынан орталық жүйке жүйесіне түсіп, қимыл орталықтарының қызметін өзгертеді. Қозғалыстың орыңдалу мүмкіншілігі машықтандандықтың негізінде жүзеге асады. Қимыл əрекеттері қалыптасуында оның вегетативті компоненттері қалыптасады. Қан айналым, тыныс алу жəне басқа жүйелер қызметі жəне оңың қозғаласы ағза қажеттілігіне бейімделеді. Қарапайым қозғалыс əрекетінде (жүгіру, шаңғы тебу) қимыл компоненті бұрынырақ қалыптасса, күрделі қозғалыс əрекеттерінде (гимнастика) вегетативті компонент бұрынырақ қалыптасады. Вегетативті компоненттер қимыл компоненттеріне қарағанда белсенді, яғни үйреншікті жұмыс кезінде аз өзгереді. Сонымен, қимыл əрекеттері моторлы, сенсорлы жəне вегетативті рефлекстер жиынтыгы болып саналады.