Функционалдық дайындалудың көрсеткіштерін бақылау, оны машықтану процесін басқаруда жəне спортпен шұғылдану үшін қолдану.
Бақылаудың түрлері.
Жоғары дəрежелі спортшылардың физиологиялық моделдері.
Функционалдық дайындалудың көрсеткіштерін бақылау, оны машықтану процесін басқаруда жəне спортпен шұғылдану үшін қолдану. Қимыл-қозғалыс тапшылығы тек жүрек- қан тамырлар ауруларының дамуына ғана себепкер болып қоймайды, оның салдарынан пайда болатын сырқаттар өте көп (артық салмактылық, семіздік, бірқатар жүйке, тірек- қозғалыс, ішкі ағзалар жүйелерінің аурулары). Əрине, адам қимыл-қозгалыстың кемдігінен ғана ауырмайды. Ауруға əр түрлі сыртқы жəне ішкі əсерлер себеп болуы мүмкін. Олар əлеуметтік-экономикалық жайттардың ыңғайсыздығы, сырткы ортаның ластығы, құнарсыз тамақ, гигиеналық əлпілерді сақтамау, тұкым куалаушылық т.б. Дегенмен, аурудың алдын алуда, тіпті көп ауруларды емдеуде дене шыныктырудың маңызы ерекше; өйткені дене тəрбиесі мен жаппай спорт денсаулыктың басты көрсеткіші - организмнің бейімделу мүмкіншілігің кеңейтеді.
Аэробты жаттығулар організмге жалпы, жергілікті, не арңайы жəне айқас. əсер етеді. Жалпы əсер жүйке жүйесін сергітіп, адамның жұмыс қабілетін, бейімделу мүмкшілігін, ауруға қарсы түру қасиетін арттырып үйлесімді дамуына негізделсе, айқас əсері тіршілікте кездесетін əлдебір закымдаушы ықпалдарға (стресс, оттегінін тапшылығы т.б.) бейімделуін кеңейтуге негізделген Жергілікті, арнайы əсерлері сан алуан. Дене тəрбиесі мен спорттың балалар мен жасөспірімдердің үйлесімді дамып өсуі, дендерінің сау болып, кемеліне келуі үшін маңызы өте зор. Оған қоса олардың тəрбиелік мəні де бар. Тек жаттығу барысында балалар мен жасөспірімдердің əр жастық кезеңіндегі ерекшеліктерін ескеріп, медициналық бақылауды мұқият жүргізу қерек.
Онтогенез (жеке даму, кезеңі) барысындағы физиологиялық даму заңдылығына сүйене отырып, балалар мен жасөспірімдер бірнеше жастық топтарға бөлінеді. 1) мектеп жасы карсаңының алды (1 — 3 жас); 2) мектеп жасының қарсаңы (4 — 6 жас); 3) бастауыш мектеп
жасы (7 — 11 жас); 4) орта мектеп жасы (12 — 15 жас); 5) жоғары мектеп жасы (16 — 18 жас).
7 жасқа дейін балалық, 8—14 жас аралығы жасөспірімдік, 15—20 жас жастық кезең болып саналады.
Мектеп жасы қарсаңының алды (1—3 жас). Бұл кезеңнің ең басты ерекшелігі — орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінің өте тез дамуы. Бас миының көлемі өсіп, оның клеткалары жетіледі, жүйке орталықтары, өткізгіш жолдары мен қабылдағыштары қалыптасады. Дем алуы терендеп, сирейді. Жүректің соғу жиілігі минөтіне 120 реттен 105- ке дейін төмендейді, көлемі мен салмағы артады. Зат алмасуының қарқындылығы ересек адамдарға қарағанда 2,5 есе жоғары, сондықтан тағам кұнарлы болуы керек. Зат алмасуының қарқындылығы бүйрек, ішек, терінің шығару қызметтеріне тым жоғары галап қояды. Бұл кезенде баланың дұрыс дамып өсуінің басты көрсеткіштершің бірі — дене салмағы мен бойының ұзындығы.
№ 15 Дəріс (Д).
Тақырып. Спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы. Лекцияның жоспары.
Жеңіл атлетика түрлерінің физиологиялық сипаттамасы.
Гимнастика түрлерінің физиологиялық сипаттамасы.
Спорттық ойындардың физиологиялық сипаттамасы.
Жеңіл атлетика түрлерінің физиологиялық сипаттамасы.Спорт ойындарын физиологиялық сипаттау құбылмалы қуатты жұмысқа жатады. Ойынның арасында барынша жоғары, соған тете жəне үлкен қуат байқалуы мүмкін. Спорттың бұл түрі үшін шапшаңдықтың, секірудің, жалпы төзімділікпен мəре жылдамдығының үлкен маңызы бар. Ойындардағы негізгі қимылдарды алдын ала тұзеуге болмайды, əрберіден кейін тəсілдің өзі ойын кезінде өзгеруі ықтимал. Осы кезде ойындар спорттың жекелей түрлеріне жақындайды. Қимыл белсенділігі мен тəсілді қайта құру-ақпаратты тез істеп шығару жүйке процестерінің ширақтылығын талап етеді. Бұл - сезім мүшелерінің қимыл реакцияларын жақсартып, олардың жасырын уақытын қысқартады. Қимылдық əдеттер əртүрлі болуы керек.
Олардың элементтерінен жағдайға сəйкес қимыл актілері қалыптасады. Барлық спорт ойындары аралас типті жылдамдық күш қимылымен сипатталады. Спорт ойындары күштің, жапшаңдықтың, икемділіктің жəне арнайы төзімділіктің дамуына мүмкіндік жасайды. Көру, есту, кіре- беріс жəне қозғалыс сезім мүшелеріне жоғары талап қойылады. Сондай -ақ құбылмалы қуат пен үзіліс мүмкіндіктері де қалыпқа келу процестеріне үлкен талап қояды. Бір қатар ойындарда жұмыстың үлкен қарқындылығына байланысты ойыншыларды алмастыруға бір минөттік үзіліс беріледі. Бұл кезде жүректің соғу жиілігі қалай өзгерсе, тыныс жүйесі де солай өзгереді. Оттегіні пайдалану 4,0- 4,5 л/ мин, оттегінің қарызы 7-8 л, қан айналымының минөттік көлемі 20-25 л/ млн болады.
Тердің бөлінуі байқалады.
Таңертеңгі гимнастиканы физиологиялық негіздеу. Ол бұлшық өттерден афферентті импульстер түсіп орталық жүйке жүйесін жандырады да, оның жұмыс қабілеттілігін шұғыл арттырады. Күнделікті шұғылдану тірек-қимыл аппаратына, жүрек-тамыр, тыныс жүйелеріне жəне ас қорыту мүшелеріне тиімділік жасайды. Таңертеңгі гимнастика ағзаны шынықтыруға тиімді ықпал етеді. Өндірістік гимнастика жұмыс басталар алдында кіріспе түрде өткізіледі. Ол орталық жүйке жүйесін қоздырып, қан айналым, тыныс алу қызметтерін көтеріп ағзаны жұмысқа дайындайды.