Тақырып. Дене шынықтырудың кəсиби-қолданбалы түрлерінің физиологиялық негіздемесі.
Лекцияның жоспары.
Адамның еңбек қызметінің физиологиялық ерекшеліктері.
Дене шынықтыруды еңбекті тиімді ұйымдастыру жүйесінде физиологиялық негіздеу. Дене шынықтырудың еңбек процесі шеңберінде жəне одан тысқары физиологиялық негіздері.
Талдағыш, қимыл аппараты ішкі мүшелер, ағза температурасын реттеу, қалқанша бездері жүйесінің. Зат алмасудың қызметі.
Адамның еңбек қызметінің физиологиялық ерекшеліктері. Бұлшық ет қызметін сəре алдында, жұмыс уақытында жəне қалыпқа келу кезеңдеріне бөлуге болады. Бұл кезде физиологиялық қызметтердің деңгейі өзгереді: 1) физиологиялық тыныштық қалпы; 2) сəре алдыңдағы кезеңде физиологиялық көрсеткіштер өседі; 3) физиологиялық қызметтер басына ену кезеңінде артады; 4) жұмыс деңгейі; 5) жылдам қалыпқа келу кезеңі; 6) баяу қалыпқа келу кезеңі (марафонға жүгіргеннен кейін 3 күнге созылуы мүмкін).
Сəреден алдыңғы реакциялар шартты рефлекторлы көңіл-күйдің бір түрі болып табылады. Жарыстың уақытына, өтетін орнына жəне оның дайындығына шартты тітіркенгіштер қызмет етеді. Сəре алдындағы күйде белгілі функционалдық өзгерістер өтеді. Тыныс алу тереңдеп, жүректің соғуы жиілене бастайды, артериялық қысым мен қандағы глюкозаның мөлшерлері көбейіп, өкпенің тыныс алуы кеңейеді. Олар симпато- адреналар жүйенің ми қабатыңдағы гипоталамус жəне лимбия жүйесінің белсенділігі артуына мүмкіндік береді. Бұл күй өзіне тəн жəне тəн емес ерекшеліктерінің өзгерістері арқылы сипатталады. Өзіне тəн емес өзгерістер - алдағы болатын қозғалыс қызметтеріне тікелей байланыссыз, зат алмасу, жүрек тамыр жүйесінің функционалды күйінің өзгеруінен болады. Бұлшық еттің нəзіктігі мен қозуын арттырып, жұмыстың нəтижесін анықтайтын өзгерістер өзіне тəн деп аталады. Ағза сəре алдыңда өтетін ығысулардың жұмыс деңгейіне функционалды процестердің жақыңдауына жұмыс басталғанға дейін мүмкіндік береді. А. Пуни болжамы бойынша сəре алдыңдағы көңіл- күй үш түрге бөлінеді:
Жауынгерлік дайындық - орталық жүйке жүйесінің, қозғалыс аппаратының нəзіктігі мен
қозуын арттырып, вегетативті қамтамасыз ететін жүйелер.
Сəре алдындағы дірілдеу күйі кезіңде орталық жүйке жүйесіңде қозу процесі басым болғандықтан, тітіркендіргіштер қызметінің бұзылуына соқтырып, кейбір қимылдардың нəтижесіне теріс есерін тигізуі мүмкін. Ұзын қашықтыққа жүгіргенде қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің қызметі жақсарады. Бұл кезде жұмыс қабілеттілігінің артуы да, төмеңдеуі де мүмкін.
3. Сəре алдындағы бейқамдық (апатия) кезінде орталық жүйке жүйесінде тежелу байқалып, вегетативті жүйелер қызметі бəсеңсиді де спортшының көңіл-күйі тұнжараңқы болып көрінеді. Шектен тыс кідірістің байқалу – сəре алдындағы бейқадамдық деп аталады.
Сəре алдындағы көңіл-күй мынадай факторларға байланысты реттеледі:
жарыс алдында спортшының мінез-кұлқын қалыптастыру керек.
жаттығулармен қарқыңды бой жазу қозғалыс анализаторы қызметінің артуына мүмкіндік жасайды. Сəре алдындағы дірілдеу күйінде бой жазу - баяу тыныс жиілігімен анықталады,
массаж жасау барлық жүйелердің қызметін арттырады,
психикалық қобалжуды жою үшін алдағы іске берілетін нұқау əсері.
Бой жазу дегеніміз – ағзаны алдағы қызметке дайындауға қажетті жаттығулардың жиынтығы яғни бабына ену процестері қамтамасыз етеді. Бой жазу кезіндегі симпато-адренал жүйесінің қозуы ағзаны біршама ығысуға ұшыратады. Катехоламиндер арқылы қыртыс орталықтарының қызметі күшейеді. Қанда эритроциттердің саны өсіп, қандағы оттегінің сиымдылығы артады. Жүректің соғу жиілігі мен систолалық көлемі өседі де, қанның минөттік көлемі мен жиілігі өседі. Жұмыс атқаратын бұлшық еттерде жылу шығару ұлғаяды. Соның нəтижесінде биохимиялық түзілістер жылдамдығы мен бұлшық еттердің қозуы артып, олардың тұтқырлығы төмендейді, ішкі үйлесімді күш-қуаттың бөлінуі азаяды. Дене қызуының көтерлуі тері тамырларында симпатикалық қозғалуларды төмендетеді. Тамырлар қеңейеді, тері қызарады, тер бездердің қанмен қамтамасыз етілуі артып, тер шығуы көбейеді. Тердің шыға бастау жылуды реттейтін бөліктердің жұмыс атқару даярлығын сипаттайды, соңдықтан ол жазылу тиімділігінің көрсеткіші ретінде қолданады. Жазылу уақытының ұзақтылығы 10 мен 30 мин аралығында өтеді. Жазылу жалпы жəне арнайы деп екіге бөлінеді. Алдағы орындалатын жұмыс пен жазылу арасындағы уақыт аралығы 10-15 мин, бірақ спорттың əр түрі үшін, оның мөлшері 3 мин. 20-30 мин аралығында болады.
Бабына ену деп физиологиялық жүйелер қызметтерінің өсіп - дамуымен сипатталатын ағзаның жұмыс қабілеттілігінің біртіндеп артуын айтады. Бұл кезде барлық жүйелердің қызметі күшейіп, ағза жаңа өмір сүру деңгейіне бейімделеді. Бұлшық етпен, əсіресе қарқыңды, не сылбыр жұмыс атқару кезінде физиологиялық бағамдар дамуының үш кезеңі байқалады:
бабына ену кезеңі,
тұрақты күй кезеңі,
қалыпқа келу кезеңі.
Бұлар шартты рефлекторлы механизмдермен, симпато-адреналдық жүйенің белсенділігі мен жүйке орталықтарының қызметтік күйін арттырады.
Жұмыс басталар алдындағы күш-қуаттың анаэробтық кездерінің басымдылығы;
Функциялар күшеюінің тепе-теңсіздігі;
Бұлшық еттердің əр түрлі жұмыс кезіндегі бабына ену бағамының өзіне тəндігі;
Бабына енудің шапшаңдығы жұмыстың қарқындылығы мен оның машықтанған дəрежесіне байланысты болады.
Бабына енгеннен кейін, үлкен, не сылбыр қуатпен атқарылатын жұмыс кезінде оттегінің қажеттілігін тұрақты дəрежеде қолдайтын орнықты күй пайда болады.
Қалыпқа келу деп физиологиялық функциялардың алғашқы күиіне бір тіндеп өтуіне мүмкіндік беретін жəне жұмыстан кейін ағзада болатын бағамдар аталады. Қалыпқа келу кезеңі былай сипатталады:
Қалыпқа келу бағамдарының біркелкі өтпеуі (жылдам жəне баяу қалыпқа келу кезеңі);
Бұлшық еттердің жұмыс қабілеттілігінің кезеңі;
Жұмыс қабілеті мен вегетативтік қызметтердің қалыпқа келуінің бір уақытта болмауы;
Қалыпқа келу бағамдарының талғампаздығы.
Бабына ену процестерін массаж, бой жазу жəне жылу процедуралар тездетеді.
Тұрақты күй үлкен жəне сылбыр қуат аймағында жұмыс атқару кезінде бабына ену процесі аяқталған соң пайда болады. Ол оттегін пайдалану деңгейін бірқалыпты ұстаумен сипатталады. Сөйтіп, ол нақтылы тұрақты жəне тұрақсыз болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылы күй оттегінің сұранысымен оның пайдаланылуы тепе-тең болуымен
сипатталады. Жұмысты тотығу процестерімен қамтамасыз ету үшін оттегін пайдалану қажет. Бұл күйде қимыл жəне вегетативтік жүйелер қызметінің үйлесімі байқалады. Сүт қышқылы шамалы мөлшерде шоғырланады. Сілтілі қышқыл күйінің реакциясы өзгермейді.
Нақтылы тұрақты болып көрінетін күй оттегін пайдалану тұрақтылығымен сипатталады. Алайда, оттегінің сұранысы оттегінін пайдалануға қарағанда анағұрлым жоғары болады да оттегінің қажеттілігі артады. Оттегінің қарызы бұлшық ет қызметіндегі пайда болған алмасу өнімдерінің тотығуы үшін қажет оттегі мөлшерімен өлшенеді. Жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ/мин., қан айналымының минөттік көлемі 25- 35 л, тыныс алудың минөттік көлемі 120-140 л. жетіп, вегетативтік жүйе қызметі шегіңде болады. Бұларға қарамастан ағзада сүт қышқылы жиналып, сілтілі қышқыл рН төмендейді де, энергия өнімдерінің анағұрлым бөлігі анаэробты жолмен өтеді.
Арнайы биологиялық циклдің əртүрлі кезеңдеріндегі организмнің барлық жүйелерінің гормондардың белсенділігіжəне қызметті күйінің қайта құрылуы.
Əйелдер организмдағы орталық жүйке жүйесі қызметінің жəне талдағыш жүйелер дамуының ерекшеліктері. Əйелрдің ағзасыңда ай сайын циклді өзгерістер өтеді. Өйткені жыныс бездеріңде жұмыртқалар пісіп жетіледі. Олар эстроген бөлетін фолликулда піседі де, І3- 14 ші күңде фолликул циклі ашылып, жұмыртқа- жасуша жұмыртқа жолы арқылы жатырға келіп түседі. Фолликул орнында сары дене түзіліп, ол прогрестинді істеп шығарады да, басқа фолликулдар мен жұмыртқа- жасушылардың дамуын тежейді.
Жұмыртқа- жасушаның шығуы - овуляция. Овуляция дегеніміз- аналық жасушаның аналық,
безден бөлініп шығуы. Цикл 21 күннен 35 күнге шейін созылып, орташа 28 күңде қайталанып тұрады. Циклдер ай сайын 11 - 14 жастан 45-50 жасқа дейінгі аралықта өтеді. Етеккір қанның мөлшері 150 мл- ге дейін жетеді.
Оның бөлінуі 2 күннен 7 күнге дейін созылады. Бұл кезде жұмыс қабілеттілігі төмендеп, көңіл-күйдің қанағатсыздануы пайда болып, сезім мүшелерінің сезімталдығы нашарлап, жүректің соғу жəне тыныс жиіліктері артады. Жүктілік- кезінде алғашқы 3 айға дейін жаттығуға болады. Кейінгі 3 айда жүктеменің деңгейін анағүрлым төмендетіп, қалған 3 айда жаттығуды тоқтату қажет.
Физикалық тəрбиелеуде жəне спорттық жетілдіруде əйелдер ағзасының ерекшелігін ескерген жөн. Əйелдердің ер кісілерден айырмашылығы- бойының кішілігі жəне салмағының кемдігі. Ішкі мүшелерінің қызметі мен құрылыстарының айырмашылықтары да анықталды. Əйелдерде жүректің соғу жиілігі тыныш күйде ерлерге қарағаңда жоғары, бірақ қанның систолдық жəне минөттік көлемдері төмен. Оған жүректің салмағы мен оның қуысы көлемінің кемдігі əсер етеді. Жұмыс кезінде тамыр соғу лүпілі жоғары болғандықтан, қалыпқа келу процесі ұзаққа созылады бұл жүйке орталықтарының қозғыштығының айғағы.
Күнделікті спортпен шұғылданатын əйелдерде, машықтанбайтын əйелдермен салыстырғанда бірталай өзгешіліктер болады: жүректің көлемі, өкпенің өмірлік сыйымдылығы, қанның жалпы мөлшері артады да, қанның құрамындағы гемоглобин, оттегінің барынша қажеттілігі, жүректің соғу жиілігі өседі.
Спорттық жаттығу əйелдердің функционалды мүмкіншіліктерін анағұрлым арттырып, функционалды резервтердің өсуіне мүмкіндік жасайды деп айтуға болады.
№ 13 Дəріс (Д).
Тақырып. Дене тəрбиесі физиологиясының жастық негіздері. Лекцияның жоспары.
1.Дене тəрбиесі физиологиясының жастық ерекшеліктері бойынша негіздері. 2.Балалардың дамуындағы негізгі физиологиялық заңдылықтар.
3.Мектепке дейінгі (4-тен 6-7 жасқа дейін) балалардың морфофункционалді
ерекшеліктері.
Дене тəрбиесі физиологиясының жастық ерекшеліктері бойынша негіздері.Балаларда ересек адамдарға қарағанда қызметтік ерекшеліктер бар: 1) физиологиялық резервтердің салыстырмалы диапазоны үлкен емес (вегетативті метаболизм);
вегетативті қамтамасыз ету тиімділігі аса жоғары емес;
жұмыстың анаэробты- гликолитикалық деңгейі салыстырмалы жоғары емес. Спорттық қабілеттіліктің өсу ерекшеліктері
Жас спортшылардың аэробты жəне анаэробты мүмкіншіліктері. Спорттық қабілеттілік мынадай факторларға байланысты бағаланады: қимыл жылдамдығы, жүгіру қаркындылығы мен ұзақтығы жəне қуаттылығы бойынша артуы. Жас ұлғаюмен қатар адамның жұмыс қабілеттілігі артада да, жас спортшылар қаншалықты өссе, олардың жұмыс қабілеттілігі де соншалықты арта береді.
Спортшы жəне спортшы еместердің арасындағы бірінші айырмашылықты 8 жаста байқап, нақтылы айырмашылықтарын 14- 15 жаста көруге болады. Егер 10 жастағы балаларда РWC 170 316 кгм/ мин құрайтын болса, 15 жаста 2 есе өседі. Ал жас өспірімдерде (18- 19 жас) ересек адамдардан айырмашылығы жоқ. Жоғары топтағы спортшыларда 7-8 жылдық стажбен вегетативтік жүйесінің қызмет жағдайы жетіліп, есейген спортшылардың спорттық жұмыс қабілеттілігіне жетуіне мүмкіндік береді.
Жастың өсуіне қарай аэробты өнімділік те артады. Жас спортшыларда аэробты өнімділіктің өсуіне байланысты абсолютті оттегінің, барынша қажеттілігі шұғыл өседі. Ол 8-9 жаста 1,5 л/мин- ке, ал 14- 15 жаста 3 л/мин деңгейіне жетеді. Спортпен щұғылданатын 10 жастағы балаларда спортпен шұғылданбайтын балаларға қарағанда жұмыс қабілеттілігі 14 % -ке артады. 16-17 жастағы балалардан оттегінің барынша қажеттілігі 60- 70 % -ке өседі. Ал 13- 14 жастағы балаларда бұл қажеттіліктің жылдық өсімі 1100 мл тең.
Анаэробты өнімділік. Балалардың анаэробты жағдайларға жұмыс қабілеттілігі нашар бейімделген. Сондықтан оттегінің қарыздық өлшемі негізгі көрсеткіш болып табылады. 9-
10 жастағы балаларда оттегінің қарызы 1 л- ден көп, 14- 15 жаста 2-2,5 л- ге жетеді. Ересек адамдарда- 16 л- ден жоғары. Екінші бір көрсеткіші сүт қышқылының концентрациясы болады. Сүт қышқылы концентрациясының деңгейі қанша жоғары болса, энергиямен қамтамасыз етілуі соншалықты жоғары болады. Сүт қышқылы концентрациясының мөлшері 7-3 жастағы балаларда 80 мг %, І4- 15 жаста- І00 мг % , ересек адамдарда - 112 мг %.
Жүгіру дегеніміз- қимылдық əдет, ұшу кезеңінің ұзаруына жəне сүйеніш кезінің төмендеу нəтижесінде орындалады.