Модуль Философияның пайда болуы және дамуы Дәріс Тақырып: Қайта ӛрлеу және Жаңа дәуірдегі философия



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата31.12.2021
өлшемі222,65 Kb.
#21575
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6 дәріс

Бэконның сөздері : 

  

1)  Мен тӛрешінің емес,  “жол кӛрсетушінің” жұмысын атқарамын. 



2)  Сезім ӛздігінен әлсіз және адасады. 


3)  Әлемде бәрі қайталанады. 

4)  Адам қаншалықты аз білсе, ол соншалықты кӛп күмәнданады. 

5)  Оқу  адамды  білгір  қылады,  әңгіме-дүкен  тапқыр  қылады,  ал  бәрін 

жазып алу әдеті адамды дәлдікке үйретеді. 

6)  Кӛптеген адамдар ӛз байлығына бәрін сатып алуға болады деп ойлап, 

ең бірінші ӛздерін сатып жібереді.  

7)  Біреудің  бақытының  себебі  ,  кӛбінесе  басқа  біреудің  ақымақтығы 

болып  табылады.  Ӛйткені  ӛзгенің    қателігін  ӛз  пайдасына  шешіп,  кенеттен 

олжаланудың басқа тәсілі жоқ. 

8)  Жануарлардың  мәңгі  ӛмір  сүруі  ұрпақтарында,  ал  адмдардың 

мәңгілік ӛмірі – атақ, абырой мен қалдырған ізінде. 

9)  Ашылып сӛйлесетін достар жоқ адамдар ӛз жандарын ӛздері жегідей 

жейді. 

10) Арамза  адамдар  оқымыстылықты  жек  кӛреді,  қарапайымдар 

таңданады, ал даналар оң пайдаланады. 

 

Егер Бэкон негізінен табиғатты эмпириктік (тәжірибелік) әдісін қолдаса, 



француз ғалымы, әрі философы Рене Декарт (1595 – 1650) керісінше бірінші 

орынға  ақыл  –ойды  қойып,  тәжірибенің  ролін  тӛмендетті.  Бұл  Декарттың 

рационализмі. 

Табиғат аса ұсақ материалистік бӛлшектерден тұрады деп дәлелдейді. Ол 

бӛлшектердің  бір  –  бірімен  мӛлшері  формасы  және  қозғалыс  бағыты 

жағынан  айырмашылықтары  бар.  Алуан  түрлі  денелердің  бәрі  әртүрлі  үш 

алғашқы элементтен табиғи жолмен пайда болады: шексіз  әлем әуел бастан 

су,  от  тәріздес,  ауа,    тәріздес  үш  элементтен  тұрады.  Бұл  элементтің  бәрі 

қозғалыста  болады,  әлемнің  бірінші  түрінің  қозғалысының  барысында  күн 

мен жұлдыздар пайда болады. Екінші түрлі элементтер қозғалысы барысында 

аспан  пайда  болады,  ал  элементтің  үшінші  түрінің  қозғалысы  жерді  және 

басқа планеталарды тудырады. 

Сӛйтіп дүниені материалистік тұрғыдан қарастырады.  

Ақиқат, білім алу мүмкіндігі және мұндай білім алуға кӛмектесетін әдісі, 

мәселесі  Декарт  үшін  философияның  І-ші  мәселесі  болды.  Сондықтан  ол 

ӛзінің  кӛзқарастарында  ғылымға  ең  алдымен  механика  мен  математикаға 

арқа сүйеді, ал бұл оның философиясына механистік  сипат берді. 

Декарт  таным  теориясында  тәжірибе  шешуші  роль  атқармайды, 

сондықтан  ақыл-ой  о  бастан–ақ  идеяларға  арқа  сүйеуі  қажет  деп  санайды  – 

Декарт осы жерде рационализмді жақтады (рацио – ақыл-ой). 

Декарттың философиялық кӛзқарасы дуалистік тұрғыда болды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет