Д. Локк, Б. Спиноза, Д. Беркли, Д. Юм.
беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастады.
XVIII ғасырда материализм механистік және метафизикалық сипатта
болды. Ӛйткені ол кездегі ең дамыған ғылымдар механика мен математика
еді. Сондықтан ол кездегі материалистер мен жаратылыс зерттеуші
ойшылдар бүкіл әлемнің тетігін механикадан іздейді. Ең алғаш рет дінді
сынап және табиғатты экспериментальды зерттеуді негіздеп, әлемге
үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары
қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Р.Декарт т.б жатады.
Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон (1561-1626) жаңа заман
материализмінің негізін салушы болып есептелді. Бэкон философиядағы
схоластикалық бағытты қатаң сынға алды, ол идеалистерді ӛздерінің
философиялық кӛзқарасын діни ілімге сүйене дәлелдеген үшін кінәлады.
Сондықтан ол ғылым мен философия ақыл-оймен танып білу мәселесін
басшылыққа алып, діни сенімге сүйенбей практикаға сүйену тиіс деді. Дін
мен философия бір – бірімен араласпауы керек деген қорытынды жасайды.
Жаңа ғылымның міндеті – адамдардың табиғатқа үстемдігін арттыру, ал
ол үшін табиғаттың заңдарын танып-біліп соларға сәйкес әрекет ету. Демек
ғылымның қағидалары фактілерге негізделуі тиіс. Мұндай тәжірибе білімге
жетудің жолы ретінде Бэкон танымының жаңа индукциялық әдісін енгізді.
Бұл әдіс бақылау жүргізуге, жеке фактілерді салыстырып талдауға,
эксперимент жасауға негізделеді.
I. Ғылым реформасының І шарты индукцияның жаңа теориясын
кӛрсетті.
II. Бэконның пікірінше, адамдардың санасы жалған “елестерден” таза
болғанда тәжірибе ақиқат білімдер бере алады. “Елестер” ,Бэконның
пікірінше, тӛрт түрлі болады:
1. “Тектік елестер” табиғатты тануда адамның ӛзіне сәйкесті туатын қате
пікірлер.
2. “Үңгір елестер” бүкіл адамзатқа қатысы жоқ жеке адамдардың
тәжірибесінен , талғамдары мен әдістерінен туатын қателіктер.
3. “Нарық елестер” басқалардың айтқандарына сын кӛзбен қарамай, сене
салудан туатын қателіктер.
4. “Театр елестері” біреулердің беделіне кӛз жұмып сене салудан туатын
қателіктер.
Жаңа заман ғылымының принципі , Бэконның пікірінше, ешқандай
беделге арқа сүйемей, тәжірибеге сүйену, яғни эмпиризм. (эмперио –
тәжірибе)
Материалистік принциптерді бетке ұстаған Бэкон сонымен қатар, құдай
бар деп мойындайды. Жалпы қоғамдық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан
түсіндіреді. Бэконның ең негізгі еңбектері : “Жаңа Органан”, “Жаңа
Атландия”.
Достарыңызбен бөлісу: