Модуль Философияның пайда болуы және дамуы Дәріс Тақырып: Қайта ӛрлеу және Жаңа дәуірдегі философия



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата31.12.2021
өлшемі222,65 Kb.
#21575
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6 дәріс

Спинозаның сөздері: 

  

1)  Құдай немес субстанция немесе табиғат. 

2)  Түсінісу – келісімнің бастамасы. 

3)  Адамға адамнан артық ештеңе керек жоқ. 

 

4.Ағартушылық философиясы, оның негізгі мәселелері мен ерекшеліктері 



XVII  –  XVIII  алғашында  Англияда  содан  соң  Францияда,  кейін 

Германияда  феодалдық  қоғам  идеологиясына  қарсы  адамның  ақыл-ой 




бостандығы  үшін  күресте  ағартушылық  деп  аталатын  кең  ауқымды 

философиялық бағыт пайда болды.  

Ағылшын  ағартушысы  Толанд  (1670  –  1722);  француз  ағартушылары 

Гассенди (1592 – 1655); Монтескье  (1689 - 1755); Вольтер (1694 - 1778); Жан 

–  Жак  Руссо  (1712  -  1778); неміс  ағартушылары  Лессинг(1729  -  1781); Гѐте 

(1748  -  1832);  Вольф  (1679  -  1754)  т.б  діни  сенімге  шек  қойып,  ақыл-оймен 

ғылыми  дүниеге  кӛзқарасына  кең  жол  ашты,  молальды  діннің 

«қамқорлығынан»  азат  ету,  сӛйтіп  ақыл-ойдың  табиғи  дамуына  жол  ашу 

үшін күресті. 

Француз  ағартушыларының  философиясы  біртектес  емес,  онда 

материалистік  және  атеистік  бағыттармен  қатар  идеалистік  ағымдар  да 

болды.  


XVIII  ғасырдың  ортасынан  бастап,  әсіресе  Францияда  буржуазиялық 

революцияның  идеологиялық  жағынан  әзірлеуде  материалистер  Д.Дидро 

(1713 - 1784); Ламетри (1709 - 1751); Гольбах (1723  - 1789); Гельвеций (1715 

-  1771)  аса  маңызды  роль  атқарды,  олар  сол  кездегі  Франциядағы  саяси 

әлеуметтік құрылыспен аяусыз күресті. 

XVIII  француз  материализмі  материалистік  философияның  дамуындағы 

жаңа  бір  тарихи  саты,  жоғарғы  формасы  болып  табылды.  Француз 

материалистері  материализмнің  механистік  формасын  дамытты,  бірақ 

олардың  кейбіреулерінің  кӛзқарасын  ,  мәселен  Дидроның  организмдерінің 

дамуы  жайлы  пікірлерінен  диалектиканың  элементтері  де  байқалады.  Бұл 

ілім бойынша  материя  –  табиғат – бүкіл  дүниенің  себебі, ол  ӛздігінше ӛмір 

сүріп  әрекет  етеді.  Мәселен,  егер  Декарт  материяны  қозғалысқа  келтіретін 

құдай  деп  түсінген  болса,  Гольбах  табиғат  ӛзінен-ӛзі  қозғалысқа  келеді, 

материяның  қозғалысы  мәңгі,  ӛйткені  ол  материяның  ӛмір  сүру  тәсілі  деп 

есептеді.  

Француз  материалистері  тәжірибе  түйсік  –  танымның  негізі,  білімнің 

барлық  формалары  әуелі  тәжірибеде,  түйсікте  бейнеленіп  ,  содан  соң 

дамудың  кейінгі  жоғары  сатысында  ойлаудың,  пайымдаудың  формасына 

айналады  деп  санады,  сӛйтіп,  Декарттың  дуализміне  қарсы  күресе  отырып, 

француз материалистері танымның  сезімдік және логикалық формаларының 

бірлігін дәлелдеді. Француз ағартушылары атеизм принципіне және қоғамды 

революциялық жолмен қайта құру қажеттілігін түсінуге жуықтап келді. Егер 

адам оның жеке басының сапалары қоршаған ортаға байланысты болса деді 

олар, онда оның кемшіліктері де сол ортаның әсерінен болғаны. Сондықтан 

адамның кемшіліктерін жойып, оны ӛзгерту үшін, қоршаған ортаны және ең 

алдымен  қоғамдық  ортаны  қайта  құру  қажет.  Ал  қоршаған  орта  адамдарға 

байланысты деді. 

Қысқаша айтқанда XVIII ғасырдағы француз материализмінің орасан зор 

тарихи  маңызы  оның  дін  мен  идеализмге  қарсы  күресінде,  материалистік 

дүниеге кӛзқарасты қорғап, одан әрі дамыта түсуінде болды. Сонымен қатар 

оның кемшіліктері де бар: 

  А) 


француз  материализмі  жалпы  алғанда  механистік  және 

метафизикалық сипатта болды. 

 



  Б) таным процесінің диалектикалық ұғымына жете алмады. 

  В)  қоғам  ӛмірі  мен  адам  жайлы  кӛзқараста  идеалистік  ағартушылық 

түсінік шеңберінен шыға алмады. 

1)  Ағарту  философиясының  алдына  қойған  мақсаты  мәдениет,  соның 

ішінде, ғылым, философия, ӛнер саласында ғасырлар бойы жинақталған бай 

мұраны  қоғамдық  санаға  енгізу,  насихаттау;  қоғамның,  адамның  санасын 

ояту, жетілдіру. 

2)  Ағарту  философиясы  адамның  да,  қоғамның  да  оқу,  білім,  тәрбие 

арқылы есейіп, аяғынан тік тұрғанын қалады, соған кӛмектесуге тырысты. 

3)  Ағарту  философиясы  қараңғылықтың,  надандықтың  түп  тамыры 

тозығы  жеткен  феодалдық  қатынастарда  және  наным-сенімдерде  деп 

есептеді. Сондықтан ағартушылар шіркеуге, дінге, феодалдық тәртіпке қарсы 

шықты, батыл сынады. Ағарту философиясы сыншыл кӛзқарас болды. 

4)  Ағарту  философиясы  кӛркем  әдеби  тілде,  сұхбат  түрінде,  мысалдар, 

аллегориялар  түрінде  жарық  кӛрді.  Сондықтан  жалпы  жұртшылыққа 

түсінікті болды. 

Ағарту  философиясының  негізгі  ӛкілдері  қатарына  Ф.  Вольтерді  және 

Жан-Жак Руссоны жатқызуға болады. 

                                                                       



  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет