Модуль Химиялық термодинамика және тепе-тендік Дәріс Химиялық термодинамиканың негіздері


Фазалық тепе-теңдіктің термодинамикасы және ертінділер тақырыбы бойынша



бет33/33
Дата11.02.2023
өлшемі0,8 Mb.
#67143
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Ìîäóëü Õèìèÿëû? òåðìîäèíàìèêà æ?íå òåïå-òåíä³ê Ä?ð³ñ Õèìèÿëû? òå

Фазалық тепе-теңдіктің термодинамикасы және ертінділер тақырыбы бойынша

  1. Зат химиялық құрамын өзгертпей бір агрегаттық күйден екіншісіне өтетін процес:

  1. Фазалық ауысу

  2. Ішкі ауысу

  3. Критикалық ауысу

  4. Адсорбциялық тепе-теңдік




  1. Заттың сұйық күйден буға фазалық ауысуы

А. балқу
В. кристаллизация
C . конденсация

  1. бу түзу (булану)




  1. Заттың сұйық фаза түзбей қатты күйден буға фазалық ауысуы:

  1. балқу

  2. кристаллизация

  3. конденсация

  4. сублимация

4. Барлық бөлігі, яғни барлық көлемі бірдей қасиетке ие болатын термодинамикалық жүйе:

  1. ашық

  2. жабық

  3. изоляцияланған

  4. гомогенді

5.Жүйенің басқа бөлігінен беттік бөлігі арқылы ажыратылатын, физикалық және химиялық қасиеттері, құрамы бірдей жүйенің біртекті бөлігі:



  1. тұнба

  2. ерітінді

  3. фаза

  4. параметр

6. Бірнеше фазалардан тұратын термодинамикалық жүйе



  1. тұнба

  2. ерітінді

  3. фаза

  4. параметр

7. Гетерогенді жүйенің фазалар арасында орналасқан тепе-теңдіктің атауы:



  1. қос электрлік қабат

  2. фазалық тепе-теңдік

  3. кеңею жұмысы

  4. адсорбциялық тепе-теңдік

8. Әрбір жүйеде болатын, жүйеден бөліп алуға болатын және жүйеден тыс бола алатын химиялық жеке зат:



  1. еріткіш

  2. ерітінді

  3. фаза

  4. компонент

9. Сулы ерітіндіде натрий хлориді : NaCl ↔ Na+ + Cl- схемасы бойынша диссоциацияланады. Бұл жүйенің компоненттері:



  1. Na+ және Cl- иондары

  2. NaCl тұзы

  3. NaCl, Na+ және Cl-

  4. Н2О және NaCl

10.Егер гетерогенді жүйенің заттарының арасында химиялық реакция болса, онда мұндай жүйе компоненттерінің саны келесі мәнге тең болғанда түзіледі:



  1. Реакцияға қатысатын заттардың санына

  2. Реакцияға қатысатын заттардың санына, теріс бірлік

  3. Реакцияға қатысатын заттардың санына, оң бірлік

  4. Реакцияға қатысатын заттардың санына, оң фазалар саны

11. Гиббстің фазалар ережесі С = К - Ф + 2 еркіндік дәреже саны компонент санының өсуімен және



  1. фазалар санының өсуімен өседі

  2. фазалар санының өсуімен азаяды

  3. фазалар санының азаюымен азаяды

  4. қысымның төмендеуімен азаяды

12.Еркіндік дәреже саны сипаттайды:



  1. жүйенің гибридизациясын

  2. реакцияның молекулалығын

  3. жүйенің қалыптылығын

  4. жүйенің варианттылығын

13. Егер еркіндік дәреже саны келесі мәнге тең болса, онда жүйені инвариантты немесе вариантсыз деп атайды:



  1. С=1

  2. С=2

  3. С=3

  4. С=0

14. Гиббстің фазалар ережесінде С = К - Ф + 2 2 саны екі сыртқы фактордың тепе-теңдікке әсерін көрсетеді. Осы факторларды көрсетіңіз:



  1. концентрация және температура

  2. электр өткізгіштік және температура

  3. осмостық қысым және температура

  4. қысым және температура

15. Рауль заңынан бинарлы сұйық қоспаның теріс ауытқуының негізгі себебін көрсетіңіз:



  1. әртекті молекулалар арасындағы тартылыстың жоғарылығы

  2. әртекті молекулалар арасындағы тартылыстың болмауы

  3. сұйық және бу құрамы тепе-теңдік күйге сәйкес келмеуі

  4. қоспада осмостық қысымы жоғары

16. Коноваловтың бірінші заңының тұжырымын аяқтаңыз: қоспаға қосылған сұйықтықтағы компонентке қарағанда бу тәрізді фазадағы компоненттің концентарциясы



    1. будың жалпы қысымын төмендетеді

    2. будың жалпы қысымын жоғарылатады

    3. будың жалпы қысымына әсер етпейді

    4. жүйенің жарық сіңіруін жоғарылатады

17. Коноваловтың екінші заңының тұжырымын аяқтаңыз: бу қысымының қисығындағы максимум немесе минимум нүктесіне



    1. сұйықтықтың құрамы және ондағы тепе-теңдік буы бірдей

    2. сұйықтық қайнау температурасы төмен компонентпен байытылған

    3. сұйықтық қайнау температурасы жоғары компонентпен байытылған

    4. қайнау температурасы жоғары компонент сұйықтыққа қарағанда буда көп

18. Шектелмеген ерігіш сұйықтықтың бинарлы қоспасы құрам-қасиет диаграммасындағы максимум немесе минимум нүктесіне сәйкес жеке зат сияқты айдалады және оны келесі түрде атайды:



  1. шекті еріген қоспа

  2. 2.азеотропты қоспа

  3. 3.дистиллденген қоспа

  4. жүйенің үшінші компоненті

19. Айдау әдісімен сол немесе басқа құрам бөліктерге ерітіндінің бөліну процесінің атауы:



    1. кептіру

    2. фильтрлеу

    3. экстракция

    4. дистилляция

20. Екі ұшқыш сұйықтық қоспалары үшін Рауль заңының тұжырымын аяқтаңыз( Раульдің жинақталған заңы): берілген заттың бу қысымының салыстырмалы төмендеуі тең болады



  1. қоспадағы екінші заттың молярлық массасына

  2. қоспадағы екінші заттың массалық үлесіне

  3. қоспадағы екінші заттың моляльдік концентрациясына

  4. қоспадағы екінші заттың молярлық концентрациясына

21.Рауль заңына тура бағынатын екі сұйықтық ерітінділері Р1 = Р10 ּN1 немесе Р2 = Р20 ּN2 келесі түрде аталады:

  1. қаныққан ерітінділер

  2. қанықпаған ерітінділер

  3. сұйылтылған ерітінділер

  4. идеалды ерітінділер

22. Сұйықтықтағы газ концентрациясы тұрақты температурада ерітінді бетіндегі осы газдың қысымына пропорционал. Осы Генри заңының математикалық формуласын көрсетіңіз:

  1. Р1 = Р10 ּN1

  2. С=kP

  3. S = kּlnW

  4. λV = x/C

23. Шектелген ерігіштікті екі сұйықтықтан тұратын бинарлы жүйелер үшін сипатты ерекшелік болып табылады:



  1. температураның өзгеруі мен өзара ерігіштіктің өзгеруі

  2. өзара ерігіштіктің тұрақтылығы және оның температураға тәуелсіздігі

  3. жүйедегі осмостық қысымының тұрақтылығы

  4. компоненттердің кез келген қатынаста әрбір фаза құрамының тұрақтылығы

24. Екі сұйықтықтың шектелген ерігіштігі шектелмегенге ауысатын жоғарғы немесе төмен температура жоғарғы немесе төменгі келесі температураға сәйкес аталады:



  1. ерудің идеалды температурасы

  2. шексіз араласқандағы еру

  3. ерудің критикалық температурасы

  4. ерудің абсолютті температурасы

25. Рауль заңына қатаң бағынатын ерітінділер:



  1. реалды

  2. шынайы

  3. идеалды

  4. сұйылтылған

26. Күшті электролиттердің ерітінділерінде электролиттік диссоциациялану дәрежесі



  1. 30%-дан аз

  2. 30%-дан көп

  3. 3%-тен аз

  4. 30 -дан 90% -ға дейін

27. Рауль заңының екінші салдары: бейэлектролиттің сұйылтылған ерітіндісінің қату температурасы (ΔТқ) ерітіндінің мояльдік концентрациясына m (Х) тура пропорционал, оның математикалық жазуы:



  1. ΔG = ΔH - S·ΔT

  2. Тқ = К·m(x)

  3. Тқ = Тқ(ерітінді) – Тқ(еріткіш)

  4. Т = ТК(ерітінді) – ТК(ерітінді)

28. Егер 1кг ерiткiште 1моль затты ерiтсе ерiтiндiнiң қату температурасы неше градусқа төмендейтiнiн көрсетедi



  1. криометриялық константа

  2. эбулиометриялық константа

  3. изотоникалық коэффициент

  4. газды тұрақты

29. Ұшпайтын зат ерiтiндiсiндегi ерiткiштiң бу қысымы



  1. таза ерiткiштегi бу қысымына қарағанда жоғары

  2. таза ерiткiштегi бу қысымына тең

  3. таза ерiткiштегi бу қысымына қарағанда төмен

  4. нольге тең

30. Шектелген ерігіштікті екі сұйықтықтан тұратын бинарлы жүйелер үшін сипатты ерекшелік болып табылады:



  1. температураның өзгеруі мен өзара ерігіштіктің өзгеруі

  2. өзара ерігіштіктің тұрақтылығы және оның температураға тәуелсіздігі

  3. жүйедегі осмостық қысымының тұрақтылығы

  4. компоненттердің кез келген қатынаста әрбір фаза құрамының тұрақтылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет