Модуль№4 «Оқыту технологиялары»



бет44/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92
Байланысты:
zhmzht keshen-3

Педагог-жаңашыл- шебер педагогтың іс-әрекеті педагогикалық процестің тиімділігін біршама арттыратын жаңармалармен, әдістермен немесе құралдармен байытылуымен сипатталатын кәсіби педагогикалық шеберліктің басқыштарының бірі.
Қоғам дамының ең басты шарты- креативті тұлға тәрбиелеу десек, сол креативті тұлғаны тек креативті ұстаз ғана тәрбиелей алуы ұстаздар мен білім алушылардың білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді. Демек, қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту мақсатына жетудің бірден –бір жолы. Заман талабына сай электронды оқулық, интернет, web сайдты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану саяси-экономикалық пәндер үшін маңызы зор. «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет» деген халық нақылы ұлт ұстазының ұстанымына айналуы тиіс.
Жаңашыл ұстаз-заман талабы. Теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асыра алатын, жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз жеке тұлға болуы тиіс. Ең жақсы мұғалім — шәкіртінің жанын түсінетін, оны өз перзентіндей сүйе алатын, оқушы үшін бойындағы барын беретін, барлық білімді жібермей, шәкіртін өздігінен білім алуға жетелейтін мұғалім.
Көреген халқымыз әр кезде де ұстаз мәртебесін жоғары бағалаған.«Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы» деп, бар жақсы ниет-тілекті ұстазға арнаған. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады»-дейді. Әр уақытта ұстаз жоғарыда атап өткен жайлардың үдесінен шыға отырып, шәкірттеріне сапалы білім берсе, тек білім ғана емес сонымен қатар жандарын жараламай, бойындағы бар мейір- шапағатын аямай, олардың екінші ата-анасы ретінде қамқорлықтың шуағына бөлеп, білімнің асқар биік шыңына шығаруға бар күш-жігерін жұмсағанда білім беру жүйесінде «Қазақстанның болашағы — жастарымыз» үшін үлкен жетістік пен оның жемісі көрінері айқын.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері білім алушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және үлттык, сана – сезімін тәрбиелеуді көздейді. 
Жоғарыда аталған міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс - тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мүғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді. Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – педагогтың кәсіптік білімін жетілдіду болып табылады.
Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі - жалпы мәдеииет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мұддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан – жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бұл тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мәселесіне баса назар аудару керек. «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне не жатады?» деген сұраққа жауап бермес бұрын, кәсіби құзіреттілік терминінің мәнін ашып алайық. Ол үшін В.А.Сластенин ұсынған кәсіби құзіреттілік ұғымына сүйенеміз. Кәсіби құзыреттілік — жеке тұлғаның кәсіби іс — әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагогтың кәсіби құзіреттілігіне мұғалімнің оқу — тәрбие үдерісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни, оқушылармен жүмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзіреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлық қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім – білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жүмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым- қатынас стилі, әдеп т.б.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігін төмендегідей: Олар: мұғалімнің бойынан табылатын субъектілік, нысандық, пәндік компоненттер. Егер аталған компоненттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталатын болсақ, онда: 
- субъектілік компонентке: мұғалімнің мақсат қоя білушілік, шығармашылық және өзін дамыту барысында өзіндік диагностиканы, өз ісіне талдау жасай отырып, өзіне сыни тұрғыдан қарай алу шеберлігі жатады; 
- нысандық компонентке: кәсіби іс - әрекет жүйесін және мүғалімнің әрекетіндегі қойылған міндетгерді шешудегі стратегиялық іскерлік. 
-пәндік компонент: өз білімін жетілдіру мақсатында қажеттіліктерін қанағатғандыру.
В.А.Сухомлинский: «Барлығы да балалық шақтан басталады, жасөспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» — деп есептейді. Баланың дүрыс тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін жүзеге асыратын мұғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби құзіреттілік шарттарына сай болуы керек. Кәсіби құзіреттілікке қатысты анықтама және оның құрамды бөліктері жоғарыда аталып өтті, олардан аңғарғанымыздай маманның кәсіби құзыреттілігіне мүғалімнің бойында болуға тиіс барлық қасиеттер енеді. 
Олай болса, ол қасиеттерге ие педагог қандай жетістіктерге жететіндігін атап өтейік. Педагог маман сыныпта жүргізілетін пәндерде балаларға берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дүрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы. Өзінің іс - әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқушылармен дүрыс қарым - қатынас орнықтыра білу, ата-аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата – аналарына сыйлы болатыны даусыз. Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды арнайы үғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негізді болады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс -тәжірибе мен өткеннің озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады. Мұғалімнің құзыретгілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Оқыту процесінде тәрбие жүмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтык шеберліктің тағы бір элементін құрайды. Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін баскара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет