Модуль№4 «Оқыту технологиялары»



бет41/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92
Байланысты:
zhmzht keshen-3

Дәстүрлі әдістер қатарына педагогика ғылымының бастауында тұрған әрі ежелгі зерттеушілерден бізге дейін жеткен мұраны жатқызу қабылданған. Бұл Платон мен Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер, осы әдістер біздің дәуірімізге дейін жетіп, ғылым қызметіне жарап жатыр. Педагогикалық зерттеулердің дәстүрлі әдістер тобына кіретіндері: бақылау, тәжірибе мсн дереккөздерді зерттеу, мектеп құжаттарын талдау, шәкірт шығармашылығымен танысу, әңгіме – сұхбат.
Бақылау – педагогикалық тәжірибені зерттеудің аса қолайлы да оңай, көп тараған әдісі. Ғылыми бақылау – бұл зерттелуші нысанды, үдерісті немесе кұбылысты табиғи жағдайда арнайы ұйымдастырып, қабылдау. Ғылыми бакылаудың күнделікті өзіміз қолданып жүрген тұрмыстық бақылауымыздан ерекшелігі айтарлықтай. Олар: 1) міндеттері белгіленеді, нысандары ажыратылады, бақылау сұлбалары түзіледі; 2) нәтижелері міндетті түрде хатталады; 3) қолға түскен деректер өңделеді.
Бақылау тиімділігін көтерудің жолы - оны ұзақ уақыт жүйелі, жан-жақты, шынайы және ауқымды жүргізу. Бақылау әдісінің маңыздылығын, қолайлылығын және таралымдылығын атай отырып, оның кемшіліктерін де көрсеткен орынды. Ондай кемшіліктер: 1) педагогикалық құбылыстардың ішкі мазмұнын аша алмайды; 2) ақпараттың толық шынайлылығын қамтамасыз етпейді. Осыдан бакылау көбіне зерттеулердің бастапқы кезеңдерінде басқа әдістермен бірге қолданылады.
Тәжірибені зерттеу – педагогикалық зерттеулерде ежелден қолданылып келе жатқан әдістердің бір түрі. Кең мағынада бұл әдіс тәрбиенің тарихи байланыстарын анықтауға бағытталған, оқу-үйретім, тәрбие жүйесінде қалыптасқан жалпылықты, тұрақты құбылыстарды ажырата карастыруға арналған, арнайы түзілетін танымдық іс-әрекетті білдіреді. Осы әдіс көмегімен нақты мәселелерді шешудің жолдары талданады, оларды жаңа тарихи жағдайларда қолданудың байыпты шешімдері қабылданады. Сондықтан да бұл әдіс тарихи әдіс атауын алып, мұрағаттық (архивтік) әдіспен, яғни дереккөздерін зерттеу әрекеттерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Мұқият зерттеу және талдауға түсетін құндылықтар - бұл ежелгі жазу жұрнақтары, заң актілері, жобалар, айналымға түскен бұйрық-жарлықтар, есеп-баяндамалар, қаулылар, съезд және конференция материалдары және т.б. Сондай-ақ зерттеуге оқулықтар мен оқу-тәрбие бағдарламалары, жарғылар, оқу-үйретім құралдары, сабақ кестелері - бір сөзбен айтқанда, қандай да бір мәселенің даму мәнін, бастамасы мен өрбу ізбе-ізділігін түсінуге мүмкіндік беретін барша материалдар алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет