Оқу бағдарламасы – жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіптік білім беру мамандықтарының МЖМБС сәйкес пәнді оқыту мақсатын, міндетін, мазмұны мен технологиясын анықтайтын құжат (міндетті компонент үшін).
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте (РОӘК) мамандықтың МЖМБС құрамдас бөлігі болып табылатын типтік оқу бағдарламасы болмаған жағдайда, ПОҚ оқу бағдарламасын құрастырады. Оқу бағдарламасы кафедра отырысында, факультеттің Әдістемелік кеңесінде, Университеттің Әдістемелік кеңесінде қарастырылып, талқыланады.
Оқу бағдарламасының жарамдылығы мамандықтың МЖМБС сәйкес.
Жұмыс-оқу бағдарламасы– типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған және мамандану бағыты мен ЖОО компоненті пәнінің мазмұнына сәйкес толықтырылған нақты ЖОО-ның жұмыс құжаты. Жұмыс-оқу бағдарламасына білім беру мазмұнының өзгерісіне және жұмыс берушілердің ұсыныстарына қатысты өзгертулер енгізіледі.
Жұмыс-оқу бағдарламасында пәннің оқыту технологиясы мен мазмұны, тапсырмалары, мақсаты анықталып көрсетіледі. Бағдарламаға пәннің қысқаша мазмұны, барлық сабақ түрлерінің тақырыбы, тақырыпты оқытудың реті, СОӨЖ (МОӨЖ), СӨЖ (МӨЖ) тақырыптары, магистранттың білімін тексеруге арналған сұрақтар, тапсырманы орындау және өткізу кестесі кіру керек. Жұмыс бағдарламасында берілген курс бойынша қазіргі заман талабына сай білім деңгейі көрсетілуі керек. Бағдарлама жыл сайын жаңа оқу жылы басталғанға дейін жаңартылып отыруы тиіс.
Бағдарламаны бекіту алгоритмі:
бағдарлама кафедра отырысында қаралады.
оны факультеттің әдістемелік кеңесі ұсынады.
факультет деканы бекітеді.
Оқу үрдісін ұйымдастыру жағдайында несиелік (кредиттік) жүйемен оқыту бағдарламасы екі түрде жасалады: магистранттар үшін (syllabus) және оқытушылар үшін.
Силлабус - пәннің мақсаты мен тапсырмалары, қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың ұзақтығы және тақырыбы, өзіндік жұмыс тапсырмалары, қосымша сабақ уақыты, оқытушы талабы, бағалау критериі, бақылау мен әдебиеттер тізімі көрсетілген пәнді оқыту бағдарламасы. Силлабус типтік оқыту бағдарламасы, типтік оқыту жоспары және мамандықтың МЖМБС негізінде құрылады. Силлабусты құру кезінде пререквизит және постреквизитті ескере отырып жүйелі қадам қолдану қажет.