Модуль№4 «Оқыту технологиялары»



бет50/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   92
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Садыков Т.С., Әбілқасымова А.Е. Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері: Оқу құралы.-Алматы, 2003

  2. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы. Print – S, 2005. – 170 б

5-дәріс




Педагогикалық инновация ұғымы және қазақ тілін оқытудағы технологиялар.

5.1 Инновациялық үдерістің негізгі аспектілері мен классификациясы.


5.2 Қазақ тілін оқытудағы педагогикалық инновациялық технологиялардың жұмыс істеу бағыттары.
5.3 ЖПТ оқытудың міндеттері мен талаптары және олардың түрлері.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды жəне телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта əр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет, электронды желі, электронды почта арқылы дүниежүзілік білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мəліметтерді ғылым саласына байланысты озық тəжірибелерді, осы мəселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады. Қазіргі мұғалім: 1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын; 2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш; 3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын; 5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет