Модуль№4 «Оқыту технологиялары»



бет55/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бұзаубақова К. Ж. Білім берудегі инновациялық технологиялар. – Тараз,2014.


2. Кларин М. В. Инновации в мировой педагогике. – Рига: Эксперимент, 1998.34- 35
3. Оқытудың инновациялық əдістемелері мен технологияларын жоғары оқу орындарында қолдану тəжірибесі. Оқу-əдістемелік құрал. – Құрастырушылар: Тұрғынбаева Б., Əлімов А. Қ. – Алматы, 2011.
4. Цукерман Г. А. Инновации в мировой педагогике. – Рига: Эксперимент, 1998.
5. Инновационное обучение: Стратегия и практика. /Под ред. Ляудис В. Я. – М., 1994.
6. Роджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006
7. Нағымжанова Қ. М. Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. – Өскемен, 1999.
8. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 20081.
9. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6 - 2006ж
10. Кукушкина О.И. Компьютерная программа для детей с откланениями в развитии // Педагогика. – 2001.-№6.-С. 33-39
11. Кукушкина О.И. Компьютерные технологии в контексте професии: обучение докторантов // Дефектология. – 2001. - №3. – С. 44-52.

6-дәріс




Қазақ тілі пәндері жүйесіндегі сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы.

6.1. ЖМ қазақ тілі cабақтарында жеке тұлғаны дамыта, дарыта интеграциялай оқытудың жолдары.


6.2. ЖМ қазақ тілі сабағын мәселелік оқытудың жолдары.
6.3. Қазақ тіліндегі сын тұрғысынан ойлау технологиясының зерттелуі мен қолданысы.

Бүгінгі таңда ғылыми еңбектердегі дидактиканың біртұтас жүйесіне қатысы бар пайымдар талданып, жаңа тұжырым сараланды. «Педагогика», «Дидактика» терминдерінің шығу генезисі - неміс ғалымы В. Раткенің (1571-1635) тұжырым-түйіндерінен («Краткий отчет из дидактики или искусство обучения Ратихия») бастау алып, оның жалғастық жүйесін чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1679) 1657 жылы Амстердамда баспадан жарық көрген «Ұлы дидактикасы».


Модульдер мынандай жіктемеден тұрады:
- дәстүрлі;
- педагогикалы ыңғайға орталықтанған;
- жаңа жүйеге ыңғайланған.
Аталған модульдердің қоғамда қалдырған тарихи іздері, шежіресі бар. Мәселен, дәстүрдегі оқыту жүйесін құрған, оның теориялық-инструментальді қырларын тәжірибеге қолданған авторлар - Ян Амос Коменский, И. Песталоцци, И. Гербарт.
Ал, екінші, педагогикалы ыңғайға орталықтанған модульдің доминат-субъектісі – Д. Дьюи, Т. Кершенштейнер, В. Лай. Бұлар - XX ғасырдағы педагогикалық істің реформалық теориясын жасаған ғалымдар.
Үшінші, жаңа жүйеге ыңғайланған модульдің авторлары - Ц. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов, К. Роджерс, Дж. Брунер, ресейлік 80-жылдардағы жаңашыл педагогтер.
Бұл үш модульдің қайсысы «озық», «ілгерішіл» деген аналитикалы сарындағы заңды сұрақ өз-өзінен туары сөзсіз. Оған жауап былай болып жинақталып беріледі:
- бірінші, дәстүрдегі модульдің негізгі мақсаты дәрісті жүргізудің әдісін тізбелеу, сұрыптау, оқыту үрдісі.
- екінші, педагогикалы ыңғайға орталықтанған модульде магистрант қызметі басыңқы, былайша айтқанда, магистранттың оқу ғылыми (егер ол қабілет бар болса) қызметін ұйымдастыру басты рөльде;
- үшінші, жаңа жүйеге ыңғайланған модульде аталған екі үрдістің басын қосып қарастыру басым.
Нәтижесі - бір нүктеге келіп тоқтамай, толассыз үнемі үзіліссіз даму әрекетіне бейімдеу. Соның ішінде, ұлттық, жалпы әлемдік психология негізіне құрылған когнитивті психология (Дж Брунер), ассоциативті, перцетивті, түйістеу деңгейліктері дамыған субьектіні сомдау көзделеді.
Ал осы аталған қабілет шығармашыл ойлау мүмкіндіктері тек ізгілікті педагогиканың (К. Роджерс) тіректік нысанында өрбуі қамтылады.
Жаңа жүйеге ыңғайланған модульде қандай ой-түйіндердің қабаттары кездеседі? Олар мыналар:
- программалап оқыту, проблемалы амал қарастыру, дамытпалы кеңістіктің жүйесін туғызу, үлгілеу (Ц. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов және т.б.);
- педагогикалық ынтымақтастық топтар (Ш. Амонашвили, Т. Гончарова, Я.С. Турбовской, М.Н. Скаткин және т.б.);
- педагогикалық технологиялар (К. Вазина, А.С. Границкая және т.б.).
Оқыту қызметінің ұғымы мен маңызы.
Оқыту - қарым-қатынас процесі. Мұның нәтижесі - басқару танымының қалыптасуы, ал басқару танымының қалыптасу процесінде негізгі маңызды мәселе - тарихи-қоғамдық тәжірибе жинақтай білу шеберлігі. Тұлғаның даралық сипатын нақтылы ойлау пайымы оқыту дәрежесін жоғары басқышқа бағдарлайды.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы. Мұнымен бірге бұл көрсеткішті дидактика үрдісі дейді. Аталған екі көрсеткіш синоним емес. Процесс - оқыту жүйесінің өзгерісі, бірінің басын жинақтай алғанда, ол - біртұтас іс-қимыл, нысана, әрекет. Мұның формуласын кезінде В.П. Беспалько былай бенелеген:
ДП=С + ОА + БАП
Айқындап айтсақ, ДП - дидактикалық процесс; С – магистранттардың оқу процесіндегі ұстанымы, жұмысының сарыны ОА- орындалым алгоритмі (магистранттың біліктілік танымының әрекеті); БА - басқару алгоритмі (оқыту үрдісін оқытушының басқаруы).
Оқыту процесі әр түрлі деңгейлікте жүзеге асқандықтан, бір айналым жүйесінде тұйықталып отырады. Педагогтық істе дидактиканың жақын арада қоятын мақсатын бір айналым мәресінде айқындап отыруды назарда ұстаған жөн. Оның өзі екі топтың төңірегіндегі мақсатты көздейді:
- біліктілік - ғылым негіздерін барлық магистранттардың қабылдауы, белгілі бір білікті меңгеруі, сол бағытта олардың икем, дағдысының дамытылуы, тәні мен жанының ғылымнан нәр алуы, рухының қуат нұрына бөленуі, еңбек майданына араласуға дайын болуы, кәсіптік мамандыққа ширауы;
- ізгілікті тәлім - адамгершілігі жағынан жоғары, жан-жақты дамыған дара тұлғалы, ғылыми дүниетанымы бар, гумандық бағыттағы, шығармашылығы ұшқыр, әлеуметтік орны салиқалы магистрант. Аталған екі мақсаттың іштей қатыстық өлшемі - алғашқысының екіншіге тәуелді болып келуі, міне, бұл - жоғары мектептегі жүйе.
Ең бастысы - біліктілік, адал, ізгі азамат тәрбиелеу, іскер, өздігінен біліктілігі мен ғылыми дүниетанымын дамыта алатын, адами қасиетін өмірде кәдеге жарататын субъектіні сомдау.
Басқа екі көрсеткішті оқыту нәтижесі, ол - оқу үрдісінің соңғы табыстарын айқындаудың құралдары және оның біртұтас жүйесінің динамикасы.
Оқыту көрсеткіштері жайлы бірталай мәселелер туындайды. Олар мыналар: Ол қандай жүйе? Қандай белгілері бар? Қандай бөліктерден тұрады? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін алдымен оқыту процесінің өзіндік табиғатын түсінген дұрыс.
Оқыту процесін жүйе ретінде мінездеу үшін оның жүйесінің динамикасын қадағалау орынды. Оның құрам бөліктерінің өзгерістерге ұшырау процесін байқау абзал. Мұның бәрі дерлік белгілері арқылы нышан береді. Айтылған жүйе - жай жүйе емес. Ол ерекше жүйе - әрекеттестік, ынтымақтастық жүйесі.
Оқытудың жүйе құрастырушы процесі оқу материалын меңгертудің мақсаты болып табылады (оқыту), оған докторант қызметі (оқу) және нәтиже кірігіп біртұтас дидактиканы бернелейді. Мұның өзгерістілігі мен динамикасын бағдарлайтын механизм - басқарудың амал-тәсілдері.
Бұнда оқытудың оқу материалдары сұрыпталып жинақталады, оқыту әдістері топтастырылады, оның құралдары айқындалады (қатысым құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық-матрицалы құралдар, ғылыми-монографиялар, интернеттік жүйе ақпараты және т.б.), оқыту әрекеттестігінің түрлері ұйымдастырылады (ойындар: симпозиум, іскерлік әрекет, ассоциация және т.б.).
Оқыту құралдарының өзара іліктестігі және басқа процестермен байланысы мағынаны ажыратудың бөліктерінің басын құрастырады. Мұнда толық үндестік, сарындастық жүзеге асады. Бұлардың бәрі тұтас дүниеге айналғанда, нәтижеге жетудің нық одақтық, ынтымақтастық педагогикасының маңызын анықтап береді.
Біртұтас дидактиканың негізгі көзі кіріктірілу қасиеті мен макродидактика мен микродидактиканың жалпы үлкен мақсаты ізгіліктің бағытына бағынады. Оқытудың үлгісі (дидактикасы) белгілі ғылым нысанында екені ескеріліп, даналардың еңбектеріне парадигма тұрғысында талдау жасалады.
Дидактика нысанында оқыту процесі әрекеттестік, қызмет құбылысы ретінде қарастырылады:
- әрбір әрекет, оқытушы-магистрант қызметінің жағдайларын зерделеп, оқыту мақсатын құрастырады және оны магистрант қабылдайтын дәрежеде кемелденіп толысып отырады;
- жұмысты жоспарлайды, бағдарламасы үнемі өзгерістермен, жаңалықтармен модернизация мүддесіне сәйкестендіріледі, оқыту мазмұны сұрыпталады, мақсаттың нәтижені көздейтін құралдары іріктеледі, әрбір жаңа фрагмент - көріністер түрлі-түрлі тәсілдерге жіктеліп, әр магистранттың перцептивті, апперсепселі қабылдау әлеміне үндеседі. Әр тұлғаның интериоризациясын, ішкі бақылау қабілетін іске қосады:
- оқыту операцияларының орындалым қарқыны мен ұтымдылығын бағамдайды, оқытушы мен магистранттың оқыту одағының ынтымақтастығын ұштайды (өздігінен дербес жұмыс, жекеше жұмыс, оқылған жаңа дәрістердегі берілген нұсқанамалардың ауқымын қосымша материалдармен толықтырады);
- қайталаным әрекеттестігінің ізденісті-зерттеу пайымына ұласуы, материалдардың маңыздылығын меңгерудегі жұмыстың байқалымы мен өзгеріс динамикасы арқылы бақылау іске асады;
- оқыту нәтижесіне мониторинг деңгейіндегі бағалау, талдау және жинақтау жүйеленеді;
- аудиториядан тыс жұмыстарды өткізу көзделеді.
Қазіргі кездегі жаңалықтар білім беру жүйесіне жаңа технологияларды әкелгені баршамызға белгілі. Оған білім стандарты, инновациялық технологиядан іздену, әлемдік білім кеңістігіне ену жұмыстарын жатқызуға болады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Осы міндеттерді іске асыру мақсатында білім беру саласы қызметкерлерінен оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруын, сондай-ақ қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын педагог-зерттеуші оқытушы болуын қажет етіп отыр.
Инновациялық технологиялар жоғары оқу орнында тілдік білім сапасын арттырып, қарым-қатынаста еркін қолдана алу мүмкіндіктеріне жол ашады: әр сабақта қазақ тілін игертуге қатысты интерактивті әдістерін қолдану; қазақ тілді үйренуге деген ынтасы, зейіні, қызығушылығына көңіл аудару; міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, жоғары оқу орын жағдайына бейімдейді.
Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары жақсы нәтижелерімен белгілі бола бастаған жаңа педагогикалық технологиялар баршылық. Соның ішінде төмендегілерді атап айтқымыз келеді:
- дамыта оқыту;
- деңгейлеп оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту;
- проблемалық оқыту;
- қатысымдық технологиясы;
- сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
- сатылай комплексті талдау;
- жобалау технологиясы;
- тірек сигналдары технологиясы;
- саралап даралап оқыту.
Тіл үйрету жұмысы - өте күрделі үдеріс. Жоғарыда аталған инновациялық технологиялардың ішінде тіл үйретуде қайсысы тиімдірек екендігіне тоқталсақ. Қазіргі таңда қазақ тілін үйретуде оқытушылар жаңа инновациялық технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың мазмұндық ерекшеліктері мен тиімділігіне тоқталған жөн.
Қазіргі жаңа технологиялардың алдарына қоятын мақсаты – тіл үйренушілердің дербес ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыруды көздейді.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Баланы дамыту, кең мағынада алғанда, оның организміндегі психикалық және физиологиялық өзгерістері және кез-келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға көшу деп түсіндіріледі. 1930 жылдардағы педагогикада осы мәселелерді орыс психологі Л.С. Выготский тең жүретін процесс деп түсіндіреді және «оқыту дамудан бұрын жүреді, балаға неғұрлым білім берсек, ол баланы соншалықты дамытады» дегенді айтады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен. Мұғалімнің мақсаты – білім алушылардың пәнге деген қызығуын арттыра отырып сапалы білім беру болса, ал қазіргі заман талабына сай білім берудің жолы – тиімді педагогикалық технологияны басшылыққа алып сабақ өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет