Ал проблемалық (мәселелік) оқыту тіл үйренушілердің ойын, шығармашылығын, өзіндік іс-әрекет арқылы танымын дамытуға үлесін қосады. Проблемалық оқытудың мақсаты – магистрант пен оқытушының іс-әрекеті, мәселені түсіне білуі шешім үрдісінде біріге алуы болып саналады. Мұнда магистрант тек білімнің, іскерлігінің, дағдысының жүйелілігін ғана емес, ақыл-ойының жоғары дәрежеде қалыптасуына, өз бетінше білім тереңдетуге септігін тигізеді. Проблемалық оқыту оқушының теориялық және тәжірибелік іс-әрекетінен жаңалық ашып отыруын қадағалайды. Мұнда да тапсырманы орындау, іздену докторанттің еншісінде болады, ал оқытушы тек бағыт беруші ретінде болады.
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады.
Қазақ тілін оқытуда инновациялық технология әдіс-тәсілдері магистранттардың тілге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз ізденістері мен шығармашылық деңгейлерін дамытуға жол ашу болып табылады. Қазақ тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды енгізу төрт кезеңнен тұрады:
І. Тілге қатысты жаңа идеяны іздеу; Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру;
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу, яғни жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану;
ІV. Жаңалықтарды бекіту.
Инновациялық технология беретін нәтижелері: түрлі әдістерді пайдаланумен мемлекеттік тілді үйренудің нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; магистранттың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды; олардың әрқайсының деңгейін анықтауға; магистранттарды бағалау мүмкіндіктері мол; магистрантты өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді; магистранттардың қабілеттері, ұйымшылдықтары, шығармашылық белсенділігі, лексикалық қоры артады; жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзінің болашақ кәсібіне сенімі, қызығушылығы арта түседі.
Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда жоғары оқу орнының алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та жоғары оқу орнында қалыптасып, орнығады. Жоғары оқу орнында қазақ тілін оқытуда аталған инновациялық технологиялар сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай жасалса, ол оқыту үдерісін жетілдірудің бірден-бір тиімді жолы. Қорыта айтқанда, жаңа технологияларды қолдану барысында магистранттардың пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдей түседі. Сол сияқты ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды.