Модуль№4 «Оқыту технологиялары»


Интербелсенді оқу/оқыту жоғары оқу орындарында келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады



бет62/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92
Байланысты:
zhmzht keshen-3

Интербелсенді оқу/оқыту жоғары оқу орындарында келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),
- жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,
- рөлдік және іскерлік ойындар,
- пікірталастар,
- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, т.б.),
- шығармашылық жұмыстар,
- кейс-стади,
- презентациялар,
- компьютерлік оқыту бағдарламалары,
- тренингтер,
- интервью,
- сауалнама, т.б.
Интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл жерде әсіресе бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызын баса айту керек: олар өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар барлық үйренушілердің жұмысқа белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста шәкірттер өздерінің коммуникативтік дағдыларын (тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау, жанжалдарды болдырмау) іс жүзінде қолданады, өздері «ойнап шығады».
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Хмель Н.Д.Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы, оқу құралы,-Алматы, 2005

  2. Игенбаева Р.Т. Жоғары мектеп педагогикасы,-2008

3.Нұржан Ж. Қазақ тілін оқыту технологиясы, әдістемелік оқу құралы.Алматы, 2003
8-дәріс


Жоғарғы оқу орындарында әр сабақта қолдануға тиімді әдістер

8.1. З.Бейсенбаева «Қазақ тілін оқытудың модульдік әдістемесі».


8.2. А.Жапбаров «Қазақ тілін оқытуда сөздік қорды байыту әдістемесі».
8.3. Г.Қосымова, А.Қыдыршаев «Қазақ шешендігін үйрету әдістемесі.

З.Бейсенбаева модуль құрудың бағдарламасы туралы жан-жақты талдау жасап, модульдік оқытудың жеке модульдерден тұратын оқу бағдарламасы екенін дұрыс құрылған бағдарлама модульді оқытудың басты шарты болып табылатынын, сондықтан модульді оқыту бағдарлама құрудан басталатынын айтып, бағдарлама жасауда басшылыққа алынатын критерийлерді айқындайды.


Модульдің саны, көлемі пәннің мазмұнына байланысты болады. Пән мазмұнын модульге бөлуде оны бөліктерге бөлу, мақсатын айқындау, қол жететін нәтижені анықтау және қажетті құрал-жабдықтар мен ұтымды әдіс-тәсілдерді таңдау да негізгі критерий болып табылады.
Модульдік оқытуда оның бақылау түрлерін алдын-ала анықтап алу да – басты шарттардың бірі.
Оқу материалдарын жоспарлау мен оқу модуліне бөлуде әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ұлттық менталитемізді ескеріп әрекет ету тиімді нәтиже әкеледі.
Шешендік сөз – рухани мәдениетті танудың қайнар көзі. А.С.Қыдыршаев ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты-қазақ тілін және шешендіктануды (риторика) оқытудың теориясы мен практикасы мәселелері. Бүгінгі таңда профессор А.С.Қыдыршаевтың ғылыми жетекшілігімен бір шоғыр шәкірттері мектепке дейінгі тіл ширату мәселесімен, бастауыш, орта, жоғарғы сыныптардағы шешендік өнерді оқыту, жоғары оқу орындарында риториканы оқыту (техникалық жоғары оқу орындарында риториканы, педагогикалық білім ордаларында педагогикалық риториканы оқыту, көшбасшы студенттердің сөйлеу мәдениетін, шешен сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру) проблемаларымен шұғылданып, кең көлемді ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстармен айналысуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет