Модуль№4 «Оқыту технологиялары»



бет84/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   92
МАГИСТРАНТТЫҢ оқытушымен жүргізілетін өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау

Оқытушылардың магистранттармен өзіндік жұмысы негізгі 3 функцияны қамтиды:


Бірінші, нұсқамалық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер магистранттардың алдағы уақытта өзіндік жұмысты (МӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.
Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы магистранттың өзіндік жұмысына түзету енгізу.
Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Білім алушының білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау.
Магистранттың оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 – функцияны қамтиды:
Біріншісі, магистранттар оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
Екіншісі, магистранттар оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде білім алушы жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
Үшіншісі, магистранттар күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Магистранттар шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды және бұл сұрақтарға өздеріде жауаптарын дайындайды;
Төртіншісі, білім алушы оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.
Оқытушының басшылығымен магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ) сабақ кестесіне енгізіледі. МӨЖ-дің жалпы көлеміндегі МСӨЖ-дің үлесін жоғары оқу орны дербес анықтайды.
Білім алушының өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
Білім алушының өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
Білім алушының өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеліп, әр аптаның соңында нәтижесі тіркеу бөлімінде белгіленеді.
МӨЖ-ын семинар, практика, лаборатория сабақтарымен алмастыруға болмайды.
Білім алушының өзіндік жұмысты орындауға қажетті белсенді үлестірмелі материалдармен бітіртуші кафедра қамтамасыз етеді.
МӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. МӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі мәселелері қарастырылады. Семинарлық сабақтын жоспары, негізгі және қосымша әдебиет тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына дербес түрде жауаптар дайындар. Әрбір сұрақты қысқаша дайындау барысында, негізгі ережелер мен символдарды МӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғанан кейін өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтардын көмегімен өз білімдерінді тексеріндер. Дербес талдай алмаған сұрақтарыңды жазып алып, дәрісте оқытуға немесе МӨЖО процесіне қойындар.
МӨЖ тапсырмалары дәрісте орындалуы керек. Ал дәрісте дербес оқылып қарастырылған білімдер тереңдетіліп, тереңдетілуі керек.
Алайда семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан могитрант өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол МӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан МӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет