оқулықтағы мысалдар мен семинар сабақтарында қарастырылған мәселелерді қайта қарастыру.
МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Магистранттың өз бетінше жұмысы. Жоғары оқу орнының оқытушысы тек белгілі бір түрде магистранттардың танымдық қызметін ұйымдастырады, ал танымды магистрант өзі жүзеге асырады.
Өз бетінше атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу жұмыстарының басқа түрлерінің міндеттерін орындап тамамдайды. Өз қызметінің объектісі бола алмаған ешқандай да білім адамның шын мәніндегі игілігіне айналмайды. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығымен қатар, белгілі дағды мен біліктің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы жоғары білікті маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратын мінез-құлық белгісі ретінде де маңызы бар. Сондықтан әрбір жоғары оқу орнында, әрбір курста оқытушының басшылығымен барлық магистранттардың өз бетінше жұмысы үшін қажетті материалдар тыңғылықты түрде іріктеліп алынады.
Магистранттың пәнде оқылатын материалды меңгеруге арналған типтік есептеулер деп аталатын арнайы құрылған есептерді орындау – сонымен қатар рефераттар жазу және магистранттардың ғылыми жұмыстардың тақырыбын зерттеу жөніндегі өз бетінше жұмысы да. Дәрісханадан тыс практикалық сабақтарға оқу залдарында, компьютерлік сыныптарда және үй жағдайларында орындалатын практикалық жұмыстар жатады, бұл оқулықтарды, оқу құралдарын, лекция конспектілерін, сонымен қатар ғылыми монографияларды және мерзімді басылым әдебиеттерін қажет етеді. Дербестік тұлғаның сапасы ретінде оқытудағы негізгі көрсеткіш болып табылады және оның дамуы белгілі бір дидактикалық әдістерді талап етеді. Егер магистрант танымдық қызметтің тәсілдері берілмеген оқу кітаптары бойынша жұмыс істесе, онда ол дербес таңдау жасағаны.
Ал егер ол танымдық қызметті оған бұйырылған әрбір әрекетін қадағалайтын және оның дұрыстығына бақылайтын ережелер арқылы жүзеге асыратын болса, онда бұл дербестік емес, бұл оның белсенділігі. Магистрант танымдық қызметті материалды меңгерудің шарты ретінде әрқашан өзі жүзеге асырады, бірақ ол барлық уақытта дербес болмауы мүмкін. Типтік есептеулерді орындағанда, танымдық қызметтегі белсенділікті, ал ғылыми жұмыстарды орындағанда – танымдық дербестікті талап ету керек.
Жоғары оқу орындарындағы өз бетінше жұмыс негізгі мақсатты көздейді: магистранттарды оқуға үйрету, яғни оқу процесінде олардың білім мен білікті өз бетінше алу қажеттігі мен қабілетін дамыту. Өз бетінше еңбек магистранттың өзінің ойы мен көзқарасының шығармашалық дамуы мен қалыптасуына жағдай жасайтын, ойлаудың дербестігі, белсенділік пен басьама, фактілер мен құбылыстарды талдай білу, ұйымдастырушылық пен тәртіптілік сияқты қасиеттерін дамытады.
Жоғары оқу орындарында семестрге арналған өз бетінше атқарылатын жұмыстың графигі жасалады, оған семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосылады. График – магистранттарды өз уақыттарын жоспарлауға, оны тиімді пайдалануға мәжбүр ететін өзіндік стимул. Магистранттар орындаған жұмыстар оқытушылардың жүйелі бақылауында болуға тиіс, ал өте маңызды қателері магистранттар мен әңгімелесу кезінде талқыланады.
Өз бетінше жұмысқа тиісті ғылыми-теориялық курс, дәлірек айтқанда, магистранттардың алған бүкіл білім кешені негіз болады. Жұмыс басталар алдында магистранттар өз бетінше жұмысты орындауға арналған арнайы түсініктеме алады – талаптар анықталады, құралдар мен түпнұсқалар көрсетіледі, тиімдірек әдістер ұсынылады.
Лекцияға, семинарларға, емтихандарға дайындық, ең алдымен, өз бетінше жеке жұмыс ретінде жиі қарастырылады және ұйымдастырылады. Дегенмен, эксперименттік зерттеулер, жоғары оқу орындарының жұмыс практикасы көрсеткендей, егер оған 2-3 адам қатысатын болса, онда белгілі кезеңдерде тиімдірек болады. Бұл жағдайда екінші және үшінші магистрант өзара бақылаудың қатысушылары ретінде ғана емес, әрбір қатысушының танымдық қызметінің тиімділігін біршама арттыруды қамтамасыз ететін, өзара санаткерлік белсенділіктің бұлжымас шарты ретінде көрінеді.
Серіктестердің қатысуы дербес дайындық процесінің психологиялық жүйесін біршама қайта құрады. Ол толық құнды және аяқталған ретінде, сонымен бірге оқылатын оқу пәнінің «түсіну» кезеңіндегі жеке дербес оқу жұмыстарының жоғары кезеңі ретінде субъективті бағаланады. Дегенмен, көп жағдайда субъективті баға қате болады. Жоғары оқу орны жағдайында бұл кезең қажетті өз бетінше даярлық жұмыстарының тек бірінші жартысын ғана құрайды: оның екінші бөлігі игерілген материалдарды ретімен баяндау, басқа адамға белгілі бір қағидаларды дәлелдеу қажеттігін көздейді. Осы екінші бөлік ғана оқу материалын толықтай тануды қамтамасыз етеді. Тек өз бетінше оқу қызметінің екінші буыны ғана оның тиімділігі мен біткендігін қамтамасыз етеді.
Өз бетінше оқу жұмыстарының аса жоғары әдістемелік деңгейінде магистрант жеке екі кезеңді де орындай алады:
өз бетінше жеке жұмысты;
бұл нәтижелерді серіктесіне – курстасына көрсету, баяндау, талқылау.