Пікірталас (сөз сайысы, ой бөліс, ой талқы) ойындары арқылы пікірсайыс білігін қалыптастыру. Тіл үйренушілердің шешендік сөйлеу мəнері, адамдармен шынайы қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі тек қана пікірталас тудыратын тақырып төңірегінде қатысымға түскен кезде ғана жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде мұндай пікірталастыру, қарым-қатынасқа түсу арқылы, тіл үйренушінің қызығушылығын артыратын ойындарды қалай ұйымдастыру керек. Тіл дамыту сабақтарында оқытушы мəселелік жəне сөз сайысын тудыратын оқу материалдарын мол қамту керек. Мұндай материалдарға пікірталасын дамытатын, тудыратын мəтіндер мен тапсырмалар іріктеледі. Пікірталас ойынының мақсаты.
Оқытушы пікірталасты қалай тудыру жағдаятын ұсынады жəне қалай өткізуді үйретеді.
Ұлттық шешендік өнер нəрін, сөйлеу мəдениеті аса жоғары, пікірін дəлелдейді, жеткізе алатын ұлылардың, белгілі ақын-жазушының ата-бабаларынан қалған қанатты сөздерді барынша пайдаланып, əдемі жатық сөйлеуге үйрету.