Модуль№4 «Оқыту технологиялары»


Коммуникативтік ойындарды үш түрге бөліп қарастырамыз. Олар



бет67/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92
Коммуникативтік ойындарды үш түрге бөліп қарастырамыз. Олар:

  • коммуникативтік емес ойындық тапсырмалар;

  • коммуникативтік ойынға дейінгі тапсырмалар;

  • коммуникативтік ойындық тапсырмалар.

Пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір құралы да. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік» - деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, көркемсөзді келістіре айту – кез келген жанның бойынан
табыла бермейтін қасиет екені анық.


Топтық пікірталас әдісі. Мұнда топ мүшелері көзқарастарының, ұстанымдары мен мақсаттарының мәнін ашуға (мүмкіндігінше өзгертуге) мүмкіндік беретін қайсібір даулы мәселе бірігіп талқыланады.
Топтық пікірталастың психологиялық құндылығы оның кері байланысқа құрылуы мен жетекшінің шеберлігі арқасында оған қатысушы әрбір адамның бір мәселенің өзін бірнеше түрлі жолмен шешуге болатынын түсінуіне мүмкіндік беруінен көрінеді. Өйткені, әр адамның өмірде кездесетін түрлі қақтығысты жағдайларды қабылдауы мен оны шешуде сан түрлі көзқарастарды ұстанатыны анық, ал, оны білу, тану, студенттің барлық мәселеге ой көзімен қарап, түрлі нұсқалардың ішінен ең ұтымдысын таңдауы қажеттігін түйсінуіне әкеледі.
Пікірталастар барысында төмендегідей жағдайлар жиі талқыланады:

  • топ мүшелерінің басым бөлігі үшін маңызды деп танылған мәселелер (тақырыптық пікірталас). Мұндай пікірталастың міндеті – талқыланатын мәселеге сәйкес субъектілердің өз тәжірибесін бөлісуі мен оны шешу жолдарына қатысты түрлі көзқарастарын ортаға салу. Егер талқылауға нақты бір мәселе қойылса, онда пікірталастың міндеті оны шешудің жолын таңдау болып табылады.

  • топ мүшелерінің жинақталған тәжірибесі (өмірбаяндық пікірталас). Өткеннің тәжірибесі тар мақсатта пайдаланылмайды. Егер сол тәжірибенің топ үшін бүгінгі мәселені оң шешуіне тигізетін ықпалы болса ғана қолданған дұрыс.

Әдетте топтық пікірталастардың бірнеше сатылары болатыны белгілі, оның жалпы реті төмендегідей болып келеді:

  1. Бағдарлау. Бұл кезеңде пікірталастың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Пікірталас тақырыбының барлық қатысушыға теңдей түсінікті әрі өзекті болғаны тиімді. Керісінше болған жағдайда ондай әңгімені қозғаудың өзі мәнсіз;

  2. Ақпараттарды жинау. Бұл кезеңде қатысушылар қарастырылатын мәселеге қатысты өз ойларын, сезімдері мен пікірлерін білдіре алады. Егер пікірталас нақты бір мәселенің шешімін табуды көздесе, онда қатысушылардың қай-қайсысына да өздері ойлаған барлық шешімдерді ортаға салуға мүмкіндік берген жөн. Мұндайда сыни көзқарастардың (яғни «миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы) өрістетуіне де шек қойылмауы тиіс, сонда ғана ол өз мақсатына жақындай түспек;

  3. талқылау барысында алынған ақпараттарды реттеу, негіздеу және бірлесе бағалау кезеңі. Бұл кезеңде талқылауға қойылған мәселені шешудің бұрын ұсынылған нұсқаларына сыни талдау жасалады.

  4. Пікірталастың аяқталуы: қорытындылар шығару, пікірталастың мақсаты мен алынған нәтижелерді өзара салыстыру . Егер нақты мәселе талқыланса, онда оны шешудің тәсілдері атап көрсетіледі.

Кейде топтық пікірталаспен қатар «кейс әдісі» де қоса жүреді. Өйткені кейсте де нақты бір мәселеге топтық талдау жасалады. Олай болса, студенттер үшін аса бір өзекті мәселе талқыланған тұста бұл әдіс тақырыптық топтық пікірталастың бір түрі деп саналады да, сол нақты мәселенің тақырыбы анықталады.
Егер топтық пікірталастың тақырыбын және оны ұйымдастырудың ретін жүргізуші өзі белгілейтін болса, онда пікірталас құрылымы бірізді жүреді; ал егер пікірталастың тақырыбы қатысушыларының өзінің таңдауы арқылы алынатын болса, онда пікірталастың жүргізілу реті де еркін болады, жүргізуші пікірталасқа қатысушы деңгейінде ғана араласып отырады.

Оқытудың белгілері.
Оқыту ұғымындағы әрекет оның белгілерімен тығыз байланысты. Белгілі әрекеттің шеңбері мен орындалым бағытын танытады. Оқытудың маңыздылығының белгілерін сипаттайды. Дидактиканың біртұтас жүйесі оқытудың үш функциясын білдіреді: біліми - ғылыми, дамымалы және ізгілікті тәлім.
Біліми - ғылыми белгісі - субъектінің біліктілік қабілетін ғылыми негізде кемелдендірудің кепілі. Осы бағытта магистранттың икем, дағдысы ширатылады. Ішкі бақылауы кемелденіп, өзінің өнімді еңбегін шығармашыл бағамға жеткізетін рухы қуат пен күшке толығып отырады.
Мұндай магистранттар шаршап-шалдығудың орнына құлпыра, жандана, рухтана, шабыттана, нұрлана түседі. Педагогикада біліктілік түсінісу деңгейінде ажарланады. Жиған білігі мен ғылымының ең ұтымдысын жадына бернелеп орнықтырады, тұрақтандырады. Ол қажет болса, жұлма жадының нәтижесінде қайыра айтып береді (өсімімен).
Ғылым жетістіктерін дәйектілік дәрежесінде жіктеп, ұғымдарға түсініктемелер беріп, теориялық пайым жасап, заңдылықтар мен қағидаларды фактілерге сүйене дәлелдей алады. Меңгерген ұғым -түсініктері мен тұжырым - пайымдарын реттейтін ішкі бақылауы кемелденген (интериоризация) ғалымдардың қорытынды пайымдарымен өзінің ой-мүддесімен қабысады, біліми - ғылыми ілімді жүйелі де ауқымды тұрғыда жинақтай алады, өзінің іс-қимылын саналы деңгейде жүзеге асырады. Негізгі ғылым салаларынан аталған ынтымақтастық оқыту қажеттіліктерін фундаментальды мағлұмнамалармен қанағаттандырады. Берілген және айқындалған жүйе үнемі тәртіптеліп, реттеліп (алгоритмге түсіп), оқытылатын материалдардың көлемін, шартын, біліктілік пен ғылыми қабілеттілігін, құрайтын іскерлігін алдын ала Sіt - жағдайларға үйлестіріп отыруға ықпалын тигізеді.
Дамытушылық - іс-қимылдың белгісі.
Оқытудың бұл процесі оқытудың даму белестерін айқындауға мүмкіндік жасайды. Дамушылық процесі барлық бағыттар арқылы жүзеге асады: тілін дамытады, сөз өнерін ыңғайына қарай ширатады, ойлау қабілетін деңгейлік сапада макроиерархия дәрежесіне бағыттайды, ішкі суретке салар ой сезімдерін әдейі іске қосу (сенсорлы), мұның өзін аффектілі қалыпта жүзеге асыруды көздейді магистранттардың, психологиясын табиғи жағдайында қалдырмай, дәріс процесінде экспериментальды байқау амалдарымен ішкі болмысына оңтайлы, жағымды ықпал етеді. Тұлғаның даралық болмысы үнемі өзгерісті бағытқа ынталы болып келеді. Сезімі мен еркіне қажеттілігін жіктеп, оқыту сарынын ажыратады. Дамытпалы процестің белгісі біліктілік пен ғылыми және дамушылықты ішінара байланысты деңгейде қарастырудағы қайшылықтарды жинақтап, оның шешімін дидактиканың философиялық негізіндегі психологиялық мәселелерінен табады.
«Психологияның ең маңызды заңдылығы оқытудың дамуын жүзеге асыру» - деген Л. С. Выготский. Оқытудың даму процесін жүзеге асыру оқу процесінің мазмұны арқылы жүреді, ол оқыту әрекеті болады. Ал тұлғалық сипат тек психология тұрғысында, мұның бәрі ынтымақтастық одақ қоғамдастығында біртұтас жүйе құрайды.
Кезінде, 60-жылдары, Л.В. Занков жас ұландар үшін оқытудың дамытпалы жүйесін құрған. Оның басты қағидалары: оқытудың мазмұнын сұрыптауы, қабылдауға бағытталған әдіс-тәсілдері, тілі, ойлауы, шығармашылық қабілеті, қосымша материалдарды орындау барысындағы көкейкестілікті табуы, қайшылықты шешуі. Бұл тұжырымға үндестікте келетін Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың, Н.А. Менчинскаяның ілімдері. Аталған зерттеу еңбектердің табыстары дидактика нысанасына ерекше құнды нәтиже әкелді:
- ойлау әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы (П.А. Гальперин);
- проблемалы оқытудың әдістері (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер);
- танымдық ойлау белсенділігін арттырудың тәсілі және т.б.;
- қандай ғылым саласы болса да, оның біліми-ғылыми аспектісінен бөліп алмаушылықтың амалы т.б. Мұнан басқа, тәрбиелілік мәні бар. Тәрбиелік мән сол қарастырылатын нысананың ішінен шығады. Оқыту мен оқу процесінде осы тәлімнің ізгілікті пішінін жинақтап алуға ерекше көңіл бөлінеді. Оның парадигмасы заманның өзгерісіне орай құбылып отырады. Тәрбие мен біліктілік арасында заңды байланыс бар. Мұның өзі оқыту және даму процесі сияқты жұптық сапаның көрсеткішінен тұрады.
10-дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет