Ақпарат көздерімен жұмыс жасау түрлері:
*Сандық бейнені (видео) қолдану
*Бағдарламалық жасақтама (БЖ)
*Білімнің технологиялық аспектілері (БТА)
* Технологиялық, педагогикалық және мазмұнды білім (ТПМБ)
Сандық сауаттылық – бұл сандық технологияны пайдалана отырып, ақпараттың орналасқан жерін анықтау, ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті. Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін + сыни тұрғыдан ойлауын + әлеуметтік хабардарлығын + оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді. Төмендегі диаграммада онлайн және смартфондарда қолжетімді web 2.0 құрал-жабдықтарының кейбір түрлері көрсетілген
Кейс – стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций)
ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. б. салаларда жемісті қолданылуда.
Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.
CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген:
мақсаттарды анықтау,
әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу,
CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау.
Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған шынайы немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі. Шәкірттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.
Демек, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Кейс амал-тәсілдерін пайдалануда мына мәселелер қарастырылады:
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіруге алдын-ала дайындалған мәтіндер не тапсырмалар беру;
Микротоптардың басшыларымен өздерінің ойларын бөлісу,бірге талдау, басшының оқушылар түсінбегенде микросабақтар өту;
Сыныптың бірнеше микротоптарға бөлінуі;
Әрбір топтың өзінің басшысы болуы;
Мұғалім бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі.
Сонымен қатар кейстік амал-тәсілде жағдаяттарға байланысты мынадай бес түрлі пікірсайыс ұйымдастыруға болады:
Мұғалім оқушыға қарсы сұрақ береді.
Мұғалім-оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.
Оқушы-оқушы рольдік ойындар да қолданылады.
Мұғалім оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.
Оқушы-оқушы пікірталасады.
Кейс бірыңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |