Дәстүрлі бірлесіп оқыту – екі немесе одан көп мұғалімдер тобының бір сыныпта сабақ беруі. Мысалы, анатомия сабағында, бір мұғалім дәріс оқып, сұрақ қойса, екіншісі проектор арқылы анатомдау өлікті жарып қарау қалай жүзеге асатындығын көрсетеді. Яғни, бір мұғалім сабақты теориялық тұрғыдан қарастырса, екіншісі практикалық жұмысты қамтамасыз етеді.
Коллаборативтік оқыту – кез келген оқыту материалды монолог ретінде берудің орнына, бірлесіп оқытып жүрген мұғалімдерінің сынып алдында кез келген тақырыпты талдап, ойлардың алмасуы. Мысалы, тәрбие сабағында ерікті түрде өмірден өту тақырыбы қарастырылса : дебат ойыны ұйымдастырылып бір мұғалім дәрі-дәрмек көмегімен жасалатын суицид ойын қорғаса, екіншісі соған қарсы аргументтерді келтіріп, жоққа шығаруға тырысады. Кейін оқушылар соған байланысты жазбаша түрде өз пікірлерін білдіреді.
Паралельді түсіндіру моделі – екі мұғалім бір сыныпты екі топқа бөледі. Сол топтарға бірдей оқыту материалын түсіндіреді. Негізгі ерекшелігі ол - мұғалімнің әр оқушыға жеке көмек көрсете алатындығы. Мысалы, бастауыш сыныптарда үйді кішкентай балаларға қауіпсіз ету туралы сабақ жүргізілсін. Әр мұғалім өз топпен жұмыс істегенде, әрбір оқушымен жұмыс істеп, көбірек көңіл аудара алады.
Дифференциативтік оқыту моделі – сынып бірнеше топқа бөлінеді. Оқушылардың бөлінуі олардың үлгеріміне байланысты. Мысалы, математика сабағында бір топ оқушылары тақырыпты жақсы түсініп, келесі тақырыпты бастауға дайын болса, басқалар сол тақырыпты дұрыс түсінбей, оны қайталауға мәжбүр.
Ақпараттық-коммуникациялық технология әдістерін пайдалану ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.
Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі өте көп, солардың ішінде мысалы:
• оқушының өз бетімен жұмысына баға беру;
• уақытын үнемдеуге;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
• шығармашылық есептер шығару анимациялық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі, яғни тапсырмаларды DVD және флеш дискілерде сақтау;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.