Модуль№4 «Оқыту технологиялары»



бет72/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92
Интервью әдісі - әлеуметтік психологиялық зерттеу әдістерінің бірі.
Мұнда зерттеуші (интервьюер) сыналушымен (респонденті) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойында жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой, тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Интервью әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды. Өйткені зерттеушінің әңгімесіне ықыласталған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай интервью бірнеше түрлерге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (дара интерьвю), сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған топтармен де (семья әулеті, комсомол активі, дос жарандар тобы т.б.) жүргізіледі. Интервьюдың стандарттық (алдын-ала жасалған нақты программа бойынша), үлкен тақырыптың төңірегінде құрылған дейтін түрлері де бар
Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Жалпы сауалнама нәтижелері тек ғалымдарға ғана емес, сонымен бірге өкіметтік және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, жалпы қауымға да белгілі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет