Молдабек Н.Қ. Автомобильдердің ҚҰрылысы қостанай, 2022



Pdf көрінісі
бет10/36
Дата28.11.2023
өлшемі1,52 Mb.
#131034
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Бақылау сұрақтары 
1.
Қандай автомобильдер жүк, жолаушылар және арнайы көлік түрлеріне 
жатады? 
2.
Жүк, жеңіл автомобильдері және автобустар қандай параметрлер бойынша 
жіктеледі? 
3.
Дөңғалақ формуласы дегеніміз не? 
4.
Автомобильдің техникалық сипаттамасында қандай мәліметтер болады? 
Дәріс 3 
Тракторлар мен автомобильдер трансмиссиясы. 
Мақсаты:
Тракторлар мен автомобидьдердің трансмиссиясының түрлері, 
механизмдері мен түйіндерінің жалпы құрылысы мен атқаратын қызметін оқу
Жоспар. 
1.
Трансмиссияның түрлері, атқаратын қызметі және оның жалпы 
көрсеткіштері. 
2.
Іліністің құрылысы және атқаратын қызметі 
3.
Беріліс қорабының құрылысы 


19 
4.
Карданды беріліс пен артқы белдеменің құрылысы мен атқаратын қызметі. 
1 Трансмиссияның атқаратын қызметі және оның жалпы көрсеткші
Трансмиссия, немесе күштік беріліс бұрауыш моменті двигательдің иінді білігінен 
жетекші доңғалақтарға жеткізеді. Автомобильдерде двигательдер алдыңғы жағында 
орналасады, ал артқы доңғалақтары жетекші болады да бірнеше механизменен 
тұратын трансмиссияны қолдану керектігіне себепші болады.
Автомобильдің қозғаласы кезінде двигательдің иінді білігі 5800 айн/мин 
айналып, ал жетекші доңғалақтары 1300 айн/мин жылдамдықпен айналады.
Сонымен автомобиль доңғалағы өте жақсы жолда да иінді біліктен төрттен 
артық есе ақырын айналады. Жаман жолмен жүргенде, машинаның қозғалысына көп 
кедергі түсіп ол аз жылдамдықпен жүргенде бұл қатынас бұрынғыдан да көп 
болады. 
Сурет -4. Тракторлар мен автомобильдердің трансмиссиясының «классикалық» компановкасының 
сүлбесі. 
1-икемді муфта, 2-шлицелік қосылыс, 3-алдыңғы карданды білік, 4-аспалы подшипник, 5-
алдыңғы карданды шарнир, 6-артқы карданды вал, 7-артқы карданды шарнир, 8-дифференциалды 
және басты берілісті артқы белдеме. 
Автомобильді пайдаланған кезде оның жылдамдығын ғана емес доңғалақтарға 
берілетін моменттің мәнін де өзгертуге, тағы да моневрлеу, тоқтату, артқа қарай 
қозғалту керек. Осы қозғалыстардың бәрі де орындалуы мүмкін, егер двигательдегі 
өсетін бұраушы момент трансмиссия құрайтын механизмдер арқылы жетекші 
доңғалақтарға берілсе. Алдыңғы доңғалақтарда жетегі бар автомобильдерде 
бұраушы момент двигательден артқы жетекті автомобильдегідей алысқа кетпейді. 
Трансмиссияның барлық агрегаттары машинаның капотының астына жинақталып 
бір үлкен агрегаттың түйініне біріктірілген. Ілінісу механизмі қаптама астында екі 
«аждаһаның » - двигатель мен беріліс қорабының арасына «қыстырылған», береіліс 
қорабында өз алдына дифференциалды басты беріліс орналасқан сондықтан да 
алдыңғы доңғалақтардың жетегінің білігі тура беріліс қорабының картерінен шығып 
тұрады. Алдыңғы жетекті автомобильдердің трансмиссиясы: ілініс, беріліс қорабы, 
басты беріліс, дифференциал, алдыңғы доңғалақтың жетегінің білігінен тұрады. 


20 
5-сурет. Алдыңғы жетекті автомобильдердің трансмиссиясының сүлбесі.
1-двигатель, ІІ-ілініс, ІІІ-беріліс қорабы, ІV-басты беріліс пен дифференциал, V-оң және сол 
бірдей бұрыштық жылдамдықты шарнирлі жетек біліктері, VІ-жетекші (алдыңғы) доңғалақтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет