26
екіншісінде ауа арқылы сыртқы атмофераға тасымалдайды. Осыған байланысты
олардың құры-лыстары да әр түрлі болады.
Сумен суытатын жүйеге двигательдің су көйлегі, насос, термостат, радиатор,
желдеткіш және оларды өзара жалғастыратын түтіктер жатады. Двигательден
бөлініп шыққан артық жылу жүйедегі суға беріледі.
Радиатор қабырғалары жұқа түтікшелерден жасалған. Оған келген су сол
түтікшелерге таралады да олардың қабырғаларына жылуын береді. Ал ол
түтікшелердің аралықтарынан желдеткіш арқылы сырттан ауа сорылады, бұл ауа
түтікшелерді салқындатады. Сөйтіп, радиаторда салқындаған су енді қайтып
двигательдің су көйлегіне келет. Осылайша су двигатель бөлшектеріндегі артық
жылуды ауаға таратып жібереді. Бұған қосымша бұл жүйеге термостат қойылады.
Соның көмегімен двигательдің температүрасын тұрақты мөлшерде ұстап тұрады.
Двигательдің салқын кезінде суды қайтып су көйлегіне багыттайды да тек
қызғаннан кейін ғана радиаторға жібереді.
Ауамен салқындататын жүйенің құрылысы сумен салқындататын жүйеге
қарағанда қарапайым болады, яғни желдеткіштен және ауа багыттағыш
қалкандардан ғана құралады. Двигательдің су көйлегінің орнынасалқындаткыш
қабырғалар жасалады. Осы қабырғаларды желдеткіштен келген ауа салқындатады.
Бipaқ бұл жүйенің салқындату қабілеті онша жоғары емес, сондықтан кейбір
маркалы тракторларда ғана қолданылады.
Двигательдердің жалпы құрлысы, олардың түрлеріне қарай аздаған
өзгешеліктері болады. Ондай өзгешеліктер тек оны құрайтын механизмдер мен
жүйелерде кездеседі Жалпы барлык двигательдерді құрайтын механизмдер мен
жүйелер ортақ болады. Сондықтан карбюраторлы немесе дизельді двигательдердің
құрлысын 6ipre карастырып, кездесетін өзreшeлiктepгe жеке талдау жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: