Молдабек Н.Қ. Автомобильдердің ҚҰрылысы қостанай, 2022



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата28.11.2023
өлшемі1,52 Mb.
#131034
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Бақылау сұрақтары: 
1.
Руль арқылы басқару механизмдерінің жіктелуі. 
2.
Рульдің иірмекті механизмдер құрылымның ерекшеліктері. 
3. Рульдің сызықты механизмдер құрылымының ерекшеліктері. 
 
 
Дәріс 4 
Двигательдің жалпы құрлысы 
Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жалпы құрлысы шнді-шатунды 
механизмінен, газ тарату механизмінен, қоректендіру, суыту, майлау және оталдыру 
жүйелерінен құралатындығы жоғарыда айтылды. Енді оларды жеке-жеке 
қарастырамыз. 
Иінді-шатунды механизм поршеннің ілгері-кейінді тузу сызықты қозғалысын 
иінді біліктің айналмалы козғалысына өзгерту қызметін атқарады. Ол үшін оны 
құрамында цилиндр, поршень, шатун және иінді білік болады. Поршень цилиндр 
ішінде газ қысы-мының әсерінен eкi өлі нүктеенің аралығында түзу сызықты 
қозғалыс жасайды. Ал ондай қозғалысты, двигательден сыртқа шыгарып, әpi қарай 
пайдалану үшін өте күрделі механизмдер қажет болады. Сондықтан ондай түзу 
сызықты қозгалысты айналмалы қозғалысқа ауыстырса, оларды әpi қарай 
машинаның жүретін дөңгелектеріне дейін тасымалдау оңайға түседі. Сол үшін 
поршеньге шатун жалғасып, оны екінші ұшы иінді біліктің мойнына тіреледі де оны 
поршеньге әсер ететін газ қысымының күшімен иінді бұрай қозғайды. Сол себепті 
иінді білік айналмасы қозғалысқа келеді. 


21 
Газ тарату механизмі цилиндр шіндегі жүретін процестерді иінді-шатунды 
механизммен бірлесе отырып icкe асырады. Поршень ЖӨН-нен ТӨН-ге жүрген 
кезде сору клапынын ашады да, цилиндр ішіне ауа немесе жану қоспасы кіруіне
мүмкіндік жасайды. Немесе қысу мен ұлғаю процестері жүрген кезде клапандардың 
барлығын жабық күйінде ұстап тұрады, ал шығару процесі кезінде шығару 
клапанын ашып, жанған газдың сыртқа шығып кетуіне мүмкіндік жасайды. 
Сондықтанда газ тарату механизмінің қимылы иінді-шатунды механизмінің 
қимылына тәуелді жүреді. 
Қоректендіру жүйесі цилиндр ішіне жану қоспасын даярлау қызметін аткарады. 
Оны құрлысы двигательдің түріне қарай өзгеше жасалады. Карбюраторлы 
двигательдерде жану қоспасы сыртта, арнаулы қондырғыда жасалып, содан кейін 
ғана цилиндр iшіне copy npoueci кезінде жiбepiлeдi. Ал дизельді двигательдерде 
copy npoueci кезінде цилиндр iшіне жеке ауа сорылып алынады да қысу процесінің 
соңында оған арнаулы жоғары қысыммен жұмыс істейтін құралдар арқылы сұйык 
жанар майды бүркіп жеткізеді де жану қоспасын түзеді. Осыған байланысты 
двигательдерді кейде жану коспасын іштей (дизельді) немесе сырттай 
(карбюраторлы) дайындайтын двигательдер деп түрлендіреді. 
Суыту жүйесі двигательде пайда болған артық жылуды одан тыс шығарып, 
қоршаған ортаға таратып жіберу қызметін атқарады. Себебі цилиндр iшінe жанған 
газ жылуы тұтастан механикалық жұмысқа ауыспай, 6ipaз бөлiгi двигатель 
бөлшектеріне беріледі де олардың температураларын едәуір көтеріп жібереді. Егер 
осы жылуды сол бөлшектерден алып кетпесе, онда олар өте қызып, алғашкы 
механикалық 6epiктік қасиеттерін жоғалтады. Cөйтin олар істен шығуы мүмкін. Осы 
жағдайды болдырмас үшін суыту жүйесі сол белшектерден артық жылуды сыртқа 
алып шығарады. 
Майлау жүйесі двигатель бөлшектер аралығындағы үйкеліс күшін азайту 
қызметін атқарады. Двигатель бөлшектерін қаншалықты дәлдікпен өңдеп, өте 
жылтыр жасағанмен оның беттерінде ұсак бедерлер болады. Сол eкi бөлшек 6ip-
6ipiмeн жанаса қозғалған кезде сол бедерлер өзара айқасады да құрғақ үйкеліс күшін 
тудырады. Яғни мұндай құбылыс кезінде бөлшектердің үйкелетін беттерінен 
молекуярлық ілінісу күшін жеңіп, оларды бөліп шығарады. Соның салдарынан 
үйкеліс күші өте көбейіп, үйкелетін беттер тез тозып кетеді. Осындай құбылысты 
болдырмас үшін, майлау жүйесі үйкелетін белшектердің аралығына сұйык май 
жі6ереді.. Енді жаңағы бөлшектің бедерлері сұйыққа толып тұрады да олар өзара 
айқаса алмайды. Енді бөлшектер аралығындағы құрғақ үйкеліс, өте женіл болатын 
сұйық май үйкелісіне ауысады. Сөйтіп әpi бөлшектердің қозғалу кедергісін 
азайтады, әpi олардың үйкелетін 6eттepiн тозудан сақтайды. 
Оталдыру жүйесі двигательді алғаш icкe қосып жіберу қызметін атқарады. 
Өйткені двигательдегі процестер алмасып цилиндр ішінде ұлгаю npoueci 
басталғанша поршеньді қозғау қажет болады. Осы жұмысты двигательді оталдыру 
деп атайды. Цилиндр ішінде ұлғаю npoцeci жүргеннен кейін, оның жасаған 
механикалык энергиясының 6ip бөлігі маховикке (маховик деп механикалық 
энергияны жинайтын құралды айтады) беріледі де, поршень басқа процестерді 
жасарда (сору, қысу, шығару) қайтадан маховиктен поршеньге беріледі. Сөйтіп 


22 
двигатель әpi қарай сырттан энергия қажет етпестен жұмыс істей береді. Сол ce6enтi 
оталдыру жүйесі қосымша двигательмен жабдықталады. Автомобильдерде көбінесе 
оталдыру жүйесі үшін электр двигателін қолданады. Ол қуатты аккумуляторда 
жинақталган электр энергиясынан алады. 
Осылайша іштен жанатын карбюраторлы және дизельді двигательдер ортақ 
механизмдер мен жүйелерден құралады. Ал осыларға қосымша карбюраторлы 
двигательдер тұтандыру жүйесімен жабдықталады. Бұл жүйенің кызметі, цилиндр 
ішінде қысылып, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын береді де оны 
тұтандырады. Әpi қарай жану npoueci жүреді. Бұл жүйенің құрлысы өте күрделі 
қондырғылар мен құралдардан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет